«Тіл мерекесі» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Ағылшын тілі»

 Мақсаты:  балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан  Мемлекетінде тұрған халықтарға  татулыққа және сабырлы болуға тәрбиелеу. Білімділік: Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйретіп ағылшын тілді үйренуге қызықтыру. “ EastorWest, Homeisbest”-  «Өз үйім -өлең төсегім» Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық тобына ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттің технологиялық картасы

Күні 22.09.2014

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : «Ағылшын тілі»
Тақырыбы: «Тіл мерекесі»
Мақсаты: балаларды өз тілін құрметтеп орыс және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан Мемлекетінде тұрған халықтарға татулыққа және сабырлы болуға тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйретіп ағылшын тілді үйренуге қызықтыру. " East or West, Home is best"- «Өз үйім -өлең төсегім»

Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту.

Әдіс-тәсілдер: тұлғалық -бағдарлы технологиялар: коммуникативтік /әңгімелесу, әңгімелеу, түсіну, сұрақ -жауап/, үлгілеу /ойын әрекеті/ жаңартылған ойындар/,рефлексивтік.

Заттық дамыту ортасы: Қазақстанның, Ұлы Британияның Мемлекеттік тулар /Ә-А/ және олардың элементтері, орамал, шалқан атрибуты

Билингвалық компоненті: " East or West, Home is best"- «Өз үйім -өлең төсегім»

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Мұғалім балалармен әр тілде амандасады

Чао- итальянша,

Бонжур- французша,

Ола- испанша,

Шалом- ивритше,

Гутен таг- немісше,

Привет- орысша,

Сәлеметсіз бе-қазақша,

Hello- ағылшынша,

Моши - жапонша.

Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, таныс сөйлем үлгілерді естіп үш тілде амандасып «Hello» әнді айтады.

Привет- орысша,

Сәлеметсіз бе-қазақша,

Hello- ағылшынша

***

Hello, hello!

How are you?

I am fine,

Thank you!

Іздену-

ұйымдастырушы

Тақырып бойынша әңгіме жүргізіледі.

-Балалар! Мен сендермен әр тілде сәлемдестім. Біздің ғаламшарда қанша ұлт тұрады, сонша да тіл бар, әр ұлттың ана тілі бар

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

-Бүгін «Тіл мерекесі күнің» мейрамдаймыз. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Сұрақ-жауап. Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Ия, дұрыс, Біз бәріміз Қазақстан Мемлекітінде тұрып әр тілде сөйлейміз.Біздің Отанымыз көп ұлтты Мемлекет.Отан туралы үш тілде тақпақты тыңдандар

Тақпақ «Отан» Ермек Өтетілеуұлы



Отан.

Отан деген -атамекен,

Отан деген- туған жер

Отан-ана,

Отан- үлкен

Қазақстан -туған ел!

Родина

Один средь многих стран.

Отчизна-мать,

Отчизна -мир,

Отчизна-Казахстан.

Mother country

One among many countries,

Native land- mother,

Native land- universe,

Native land- Kazakhstan.

Билингвалық компонетің еңгізу

« Кім тез» дидактикалық ойынды ұйымдастыру

-Бәріміз бейбітшілікте, татулықта және сабырлықта тұрсақ әр халықтың

мәдениеті дамытып салт-дәстүрлері сақталынады.

«Ораламал тастамақ», «Шалқан» қимылды ойындарды ұйымдастыру

.- Ғаламшарда өте көп тілдер бар қытай тілі, жапон тілі. Біз балабақшада ағылшынша сөйлеуге үйреніп жатырмыз. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «үш тілді білуге қажет», деп ұсыныс берді. Болашақта ағылшын тілі білімі сендерге өте көмектеседі.

Бәріміз бір бірімізге жақсы күнді тілейік

Балалар әңгімеуге қосылып сұрақтарға жауап береді, тақпақтарды мұқият тыңдап, «Тіл мерекесі күні» туралы түсініктерін тереңдетеді.









-Қазақстанда!











Түсінеді, есте сақтауға тырысады

" East or West, Home is best"- «Өз үйім -өлең төсегім»

Балалар дидактикалық ойынды ойнайды.



Балалар дидактикалық ойынды ойнайды





Good day, good day

Good day to you!

Good day to sun!

Good day to new!

Рефлексивті

коррекциялаушы

І. Талдау



ІІ. Қоштасу

-Good bye, children!

I. Балалар өз іс -әрекеттерін талдайды

-22 қыркүйек күні Тіл мерекесі күні деп айтады

-" East or West, Home is best", мақалды еске түсіреді

III.Балалар қоштасады

-Good bye, teacher!

Күтілетін нәтиже

Білуі :

«Тіл мерекесі»тақырыпқа қатынастырылған сөздер : " East or West, Home is best"- «Өз үйім -өлең төсегім»

Меңгеруі: «Тіл мерекесі күні» туралы түсініктерін тереңдету

Жасай алуы: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру



© 2010-2022