Ересектерге қазақ тілін оқытудың А2 – базалық деңгейіне арналған жұмыс бағдарламасы

Бағдарлама қазақстандық топтастыруда қабылданған бес деңгейлік оқытуды (қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1, ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1) көздейді.        Бағдарламаның негізгі мақсаттары: Тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып , әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгей...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Риддер қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК



«Келісемін» «Бекітемін»

Риддер қаласының «Мәдениет «Тілдерді оқыту

және тілдерді дамыту бөлімі» ММ орталығы» КМҚК

басшысы директоры

________ Г.С. Сейтказына ________М.Қаржаубаева

«___» _________ 2015 жыл «___» _________ 2015 жыл




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Ересектерге

қазақ тілін

оқыту


А2 - БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ


120 сағат






Риддер - 2015


Ересектерге қазақ тілін оқытудың

А2 - базалық деңгейіне арналған

жұмыс бағдарламасына

АЛҒЫ СӨЗ


ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы аумағында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың типтік бағдарламасын ұсынды. Ол 2012 жылғы 27-қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бағдарлама негізін ғылымилық, жүйелілік, функционалдылық, концентрлік, минимумдылық, бірізділік сияқты лингвистикалық, дидактикалық ұстанымдар құрайды.

Бағдарлама қазақстандық топтастыруда қабылданған бес деңгейлік оқытуды (қарапайым деңгей - А1, базалық деңгей - А2, орта деңгей - В1, ортадан жоғары деңгей - В2, жоғары деңгей - С1) көздейді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары: Тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып , әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін меңгеру.

Міндеттері: Өз бетінше білім алу қабілетін дамыту; когнитивтік, зерттеу біліктілігін қалыптастыру; ақпараттық мәдениетін дамыту; ой-өрісін кеңейту және тіл үйренушінің жалпы мәдениетін көтеру.

А2-базалық деңгейге арналған оқу бағдарламасы жоғарыда атап кеткен типтік бағдарламаның және мемлекеттік стандарттың негізінде жасалған.

Курс мақсаты: тіл үйренушіге күнделікті қатысым жағдаяттарында коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін меңгерту.

Міндеттері: Болған оқиға мен іс туралы хабарлай білуге, сұрақ қоюға; заттың бар жоғын, неден, қалай жасалғаны, сапасы жайлы, оқиға болған жері мен себебін сипаттауға; тілек айтуға, ұсыныс, шақыру, келіспеушілік білдіру, қарсылық білдіру формаларын қолдана алуға үйрету; затқа, іске, оқиғаға, тұлғаға өз көзқарасын білдіре алуға байланысты грамматикалық конструкцияларды меңгерту.

Курс ұзақтығы: 120 сағат.

Күтілетін нәтиже: курс соңында тіл үйренуші өмірдің негізгі салаларымен байланысты жеке сөйлемдер мен жиі пайдаланатын сөйлемшелерді түсініп, таныс ақпаратпен алмасу міндеттерін орындайды, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады, ауызекі сөйлеу тілінде сұхбаттаса алады.

Бағдарламаны құрастырушы: Риддер қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК әдіскері Садыкова Құралай Кәукенқызы.

Өзіндік жұмыс түрлері: ізденіп оқу; арнаулы коммуникативтік жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі; тесттік тапсырмалар.

Білімді бақылау: 1-4 межелік бақылаулар - тіл үйренушілердің білімін бағалауға бағытталған сынақ түрі.

1-2 рейтинг - оқытушының жұмыс нәтижесін және тіл үйренушілердің білім сапасын бағалауға бағытталған сынақ түрі.

Оқытудың оқу-әдістемелік, дидактикалық-көрнекілік тұрғыдан қамтамасыз етілуі:


  1. С.И. Акласова, Б.К. Ағажаева, Д. Сағиева. Қарапайым деңгейге арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені. Өскемен. 2008.

  2. З.С. Кузекова. «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағы. Астана. 2010.

  3. «Учимся говорить по казахский» ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының сайты.

  4. А.Ж. Төрениязова, Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова. «Орысша-қазақша тілашар» Астана. 2011.

  5. Қазақ тілін меңгерудің тақырыптық-лексикалық минимумы. Астана. 2011.

  6. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін. Астана. 2011.

  7. «Қазақша сөйлейміз» аудио курс. Өскемен. 2008.

  8. Е. Романенко. «Грамматика казахского языка для русскоязычных» Алматы. 2010.

  9. Г.Қ. Досумбетова, З.С. Ерназарова, З.С. Кузекова, А.О. Тымболова, «Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш» Астана. 2012.

  10. Г.Қ. Досумбетова, А.Қ. Балабекова, А.Т. Бозбаева-Хунг, Ә.Ж. Хазимова, Б.О. Салыхова. «Қазақ тілі» Базақыл деңгей. Оқулық. Астана. 2012.



Ересектерге қазақ тілін оқытудың

А2 - базалық деңгейіне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ.


Модуль

Сабақ

Лексикалық

тақырып

Грамматикалық тақырып

Сағат

Кіріспе

1

Мотивациялық дәріс


2

2

Деңгейді анықтаудың кешенді тесті


2

1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас

1

Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.

Үндестік заңы. Үндестік заңына бағынатын сөздер.

2

2

Біреумен танысу.Біреу арқылы танысу.

Байланыс орнату интенциялары.

2

3

Алғыс айту. Кешірім сұрау.

Жанды, жансыз

зат есімдер.

2

2. Ауа-райы, уақыт

1

Ауа райы.

Жалқы, жалпы зат есімдер.

2

2

Уақыт .

Көптік жалғаулар.

2

3

Жыл мезгілдері.

Сан есім. Оның түрлері.

2

4

Мен туған кезде ауа райы қандай болды?

Мезгілдік қатынастың берілуі.

2

3. Мен және менің туыстарым

1

Өмірбаян.

Атау септік. Атаулы сөйлем.

2

1

І межелік бақылау

2

2

Отбасым .

Белгісіздік. Сілтеу есім.

2

3

Отбасы мүшесінің қызығушылығы.

Өздік, сұрау, жалпылау

есімдері.

2

4

«Отбасы» тақырыбында әңгіме құрау.

Болымсыздық есім.

2

4. Менің үйім

1

Менің пәтерім.

Тәуелділік құрылымы.

2

2

Үй құрылысы.

Сын есім.

Оның шырайлары.

2

3

Достарымның үйі.

Анықтауыштық қатынас.

2

4

Көрпеңе қарай көсіл.

Тұрақты тіркестер.

2

5. Дастарқан

1

Тамақтану.

Барыс септігі.

Оның қолданылу орны.

2

1

ІІ межелік бақылау

2

2

Тәтті тамақ өнімдері.

Болымды, болымсыз етістік.

2

3

Тамақ дайындау.

Сөйлемдегі предикат.

2

4

Тамақтану орындарында.

Предикаттың берілуі.

2

6. Табиғат, өсімдіктер мен жануарлар

1

Қоршаған орта.

Жатыс септік.

2

2

Құрлықтар мен елдер.

Мезгіл, мекен үстеулері.

2

3

Жануарлар әлемі.

Мөлшер, күшейтпелі үстеулері.

2

4

Шығыс Қазақстан облысының табиғаты.

Сын-қимыл, мақсат

үстеулері.

2

7. Менің жұмысым

1

Менің мамандығым.

Табыс септік.

2

2

Аралық сынаққа дайындық

2

3

І РЕЙТИНГ

(Аралық сынақ)

2

4

Біздің мекемеде. Туған күнімен құттықтау.

Жай сөйлем.

2

5

Жұмыс аптасының жоспары.

Бір компонентті сөйлем.

2

6

Денсаулық сақтау жүйесі.

Объектілік қатынастың берілуі.

2

8. Денсаулық

1

Дәрігердің қабылдауында.

Шығыс септік.

2

2

Емханада.

Жай сөйлем.

2

3

Дәріханада.

Жатыс септік.

2

9. Әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық мекемелер

1

Сауда орындарында.

Жатыс септік, табыс септік.

2

2

Жол жүру билеттерін сату орындарында.

Ыңғайлас,салалас сөйлемдер.

2

3

Қонақүйде. Жатақханада.

Байланыс орнату интенциялары .

2

4

Ателье, химиялық тазалау шеберханасында.

Табыс септік, қажет /керек сөздерін пайдалану.

2

10. Мәдениет

1

Кинотеатрда.

Септеуліктер.

2

1

ІІІ межелік бақылау

2

2

Мұражайда.

Демеуліктер.

2

3

Көрмеде. Елдердің мәдениеті.

Жалғаулықтар.

2

4

Менің ойымша.....

Жоспарланған әрекет, мезгілінің берілуі

2

5

«Көшпенділер» фильмін талдау.

Іс-әрекет нәтижесі сақталатын мезгілдің берілуі.

2

11. Спорт

1

Спортпен айналысу.

Қаратпа сөз.

2

2

Саяхатқа шығу.

Одағай.

2

3

Менің бос уақытым.

Жуық мөлшерлі мезгілдің берілуі.

2

4

Салауатты өмір салты.

Себеп-салдық қатынастың берілуі.

2

12. Білім

1

Жұмыста.

Шарт мәннің берілуі.

2

2

Қазақ тілі сабағында.

Болымсыздық құрылымының берілуі. Белгісіздіктің берілуі.

2

1

ІV межелік бақылау

2

3

Қызығушылықтар.

Антонимдер.

2

4

Мамандық таңдау.

Синонимдер.

2

13. Менің елім

1

Елдердің экономикасы. Нәсілдер.

Мақсат құрылымының берілуі.

2

2

Дүние жүзінің ірі қалалары.

Әңгімені қолдауға бағытталған интенциялар.

2

3

Қазақстан Республикасындағы сайлау.

Өз ойын білдіру.

2

4

Қорытынды сынаққа дайындық

2

5

ІІ РЕЙТИНГ

(Қорытынды сынақ)

2



ЖИЫНЫ:

120 сағат




© 2010-2022