Доклат Білім берудегі инновациялық технологиялар

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім берудегі инновациялық технологиялар

Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек екенін ой таразысынан өткізетін болсақ, әрине, бірінші кезекте өзіміз өмір сүріп отырған қоғам туралы сөз бастағанымыз жөн. Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеру үстінде.Ғылым мен техниканың өркендеген жаhандану кезеңінде «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтың төңірегіндегі мәселені шешуге ат салысу керек. Олай етпеген жағдайда орны толмас өкінішке қаларымыз сөзсіз.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»деп ұстаз қауымға сенім білдірген. Сол сенімнен шығу үшін өзгерісті көшбасшылық және оқыту үдерісін қайта қараудан бастағанымыз жөн. Осы уақытқа дейін көшбасшы деп ұжымның бірінші басшылары және белгілі бір мәртебесі бар тұлғалар саналған. Енді бәрі басқаша болмақ. Көшбасшылар маңайындағыларға «қызмет көрсететін» және ықпал ететін,игілікті істің басында жүретін,оқушылардың мінез - құлқын модельдей алатын, кез келген жағдайда істің көзін таба білетін жеке тұлғалар болып саналмақ.

Мұғалімдердің міндеті оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде ойын қымсынбай еркін, өзіндік дәлелдерін айғақпен айта алатын, ынтасы таудай, сенімі берік, сыни пікір-көзқарастары қалыптасқан, сандық технологияларда мейлінше сауатты оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мұғалім өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруы үшін міндетті түрде білім беру саласына өзгеріс енгізген жөн. Өзгеріс енгізудің тізгінін көшбасшы - мұғалімдер өз қолдарына алғаны дұрыс болады деп ойлаймын. Өйткені көшбасшы - мұғалімдер зерттеулер жүргізе отырып инновацияларға қол жеткізеді. Олар әріптестері мен айналасындағыларға үнемі оң ықпалын тигізеді.

Білім берудегі инновациялық технологиялар арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі бақылаудың өзгеше сипатын, жаңашыл мұғалімдердің ерекшелігін білуге болады және оқушылар топтарының, біртұтас сыныптардың ішкі жағдайын қадағалауға мүмкіндік туады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдыларының мейлінше мол ауқымын қамтитын XXI ғасыр дағдыларының моделі болып саналады. Жобаның сипаттамалық жүйесі жан -жақты сауаттылығын кең тұжырымдағы шешімдер мен іс-әрекеттерді іріктеу мүмкіндігі тәрізді құзыреттерді анықтайды. Олай болса, осы жобаға сүйеніп оқу тәжірибесін өзгерту үшін,білім берудегі жаңа мақсаттарға жету үшін мұғалімдердің кәсіби дамуына мейлінше мән берген дұрыс.

Неге мектепке өзгеріс енгізу керек деп ойлаймыз? Өйткені білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану үшін мектеп те, мұғалім де түбегейлі өзгеріске қадам басу керек. Бұл үдерістің басы - қасында көшбасшы мұғалімдер болады. Көшбасшылар енгізгелі отырған өзгерістерін,ең алдымен,өздері жетік білгендері жөн. Одан кейін ғана өз командасының барлық мүшелеріне жеткізуге тиіс деп ойлаймын. Менімше, көшбасшылар оқыту үдерісі туралы, оқушылар туралы жан-жақты білулері керек және терең білім нәрімен сусындаған зиялы қауым болғандары абзал, олай дейтінім енгізілген өзгерістің тиімді болуына жоғары деңгейлі өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан талдау өзекті талап болып табылады.

Мен мектепте тәлімгер бола жүріп әрі түрлі тақырыптарда коучинг жүргізе отырып өз мектебімдегі мұғалімдердің тәжірибелерін өзгертуге қалай көмектесуге болатынын түсіндім.Әрине, айналдырған бір айдың ішінде ауыз толтырып айтарлық нәтижеге жеттім десем, оғаштық болар. Дегенмен таңдап алған тапсырмаларым арқылы бірталай аралық нәтижелерге жетуіме мүмкіндік туды. Бұл көкейдегі түпкі нәтиже болып табылмаса да, көздеген міндетке қол жеткізудің алғы шарттарын белгілеп берді. Мәселен, мектеп мұғалімдері оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керек екенін білуге талпыныс жасауға ат салысты. Олардың қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық тәжірибесі арқылы, сауалнамаға қайтарған жауаптары арқылы бастапқы деректер жинадым. Мектептің даму жоспарын жасауда, орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын түзуде және оны жүзеге асыруда, коучинг пен тәлімгерлікті мектеп тәжірибесіне енгізгенде өзгерістің тиімді тұстары айқындала түсті.

Осы тұста әл - Фарабидің «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиыны - өзін-өзі тәрбиелеу» деген өнегелі сөзінің шындығына жеттім. Мен көшбасшы мұғалім ретінде білім берудегі инновациялық технологиялар туралы, оқытудың жеті модулі туралы өз ұжымыма мүмкіндігінше жан-жақты түсіндіріп, ұстаздарды инновациялық технологиялардың тиімділігін ұғынуға үгіттедім. Бұдан әрі олар өзгерген ұстаздар ретінде жаңа технология бойынша сабақ беріп, өздері де, оқушылары да өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт алу қажет болатын. Осы орайда тек жаңалыққа жаны құмар жарқын жанды ұстаздар қауымы ғана жұмыла іске кірісті. Өкінішке орай, кейбір мұғалімдер енжарлық танытқан сыңайы да кездесті. «Көш жүре түзеледі» деп ата - бабаларымыз тегін айтпаған шығар. Әлі де болса, өз мектебімне орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқу әдістемелері арқылы сабақ беретін ұлағатты ұстаздарды дайындауға ықпал ететініме сенімім мол.

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген жазушы Ж. Аймауытовтың сөзімен қазіргі жаңадан пайда болған білім берудегі инновациялық технологиялар сипаты сәйкес келетін сияқты. Мен айтып отырған жаңа технологияның ерекшелігінің өзі де осында. Бұл технологиялар бойынша дәріс берген ұстаздар шеберліктің шеңберінде ғана қалып қоймайды, олар баланың қажеттілігіне қарай білім береді. Мұғалім өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде сезінеді. Шебер ұстаздың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.

Білім берудегі инновациялық технологиялардың ішінен оқытудағы Кембридж тәсілінің жеті модулін тиімді деп қарастырғанымыз жөн. Олар: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысына ойлауға үйрету, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылылық, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқыту мен оқу үдерісінде жеті модульді жүзеге асырудың тиімді жолдарына тоқталатын болсақ:

біріншіден, бұл технологиялар арқылы оқушылардың оқуға деген қабілеттері жақсарады;

екіншіден, ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, өзінің оқуына талдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті артады;

үшіншіден, оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтау жүзеге асырылады;

төртіншіден, ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну үшін қолданылады;

бесіншіден, дарынды, талантты балаларды оқытуды дамыту үшін инклюзивті тәсілді пайдаланады;

алтыншыдан, оқудың қолжетімділігі мен қажеттілігін қанағаттандырады;

жетіншіден, көшбасшылық мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.

Білім берудегі инновациялық технологиялардың әсерінен оқыту үдерісінде топпен жұмыс жүргізу, оқушылардың пәнге қызуғышылын ояту, бағалау арқылы табысты оқудың критерийлері жүзеге асады. Сондықтан барлық оқушылардың оқуда табысты болуына қол жеткізу үшін сындарлы оқыту теориясының барлық жеті модулін ықпалдастыра отырып, сабақ жоспарын құрумен қатар оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту мен оқу жоспарына өзгерістер енгізу шарт. Одан әрі формативтік және жиынтық бағалау бойынша оқушылардың жұмысын мұқият талдап және бақылап отыру көзделеді. Ең алдымен, мұғалімдер оқушылардың нені білуі және нені есте сақтауы керек екенін ескергені жөн. Сонымен бірге, оқушылардың өз жұмыстарын сыныптастарымен талдауы мен пікір алмасуына жағдай жасау білім берудегі инновациялық технологиялардың жоғарғы сатысы екенін ескерсек, бұл - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл. Сындарлы оқыту теориясы негіздері оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен аттастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдаланған мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс - әрекетінің негізіне бағытталады. Бұлай болған жағдайда мұғалім білім беруге негізделген «дәстүрлі» стильден арылуға бет бұрады. Өйткені дайын білім беруге негізделген білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Мен бұл айтқан сөздерім арқылы өткенімізді өкінішпен еске алып тұрғаным жоқ, олай дейтінім менің жасымдағылар оқушы кезінде де, студент кезінде де «дәстүрлі» педагогикадан тәлім алды. Өз заманында жаңалық болған оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің алғышарттарын орындаған. «Елу жылда ел - жаңа, жүз жылда - қазан» демекші, қазір қоғам алға жылжыды. Сөзімнің дәлелі ретінде «Қоғамды, білім беру мекемелері мен билікті шоғырландыру арқылы заманға сай білім жүйесін құруға және дамытуға болады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін тілге тек еткім келеді. Сондықтан білім берудегі инновациялық технологияларды меңгеру заман талабы екенін мойындаған жөн.

Мен сөз етіп отырған білім берудегі инновациялық технология, яғни сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болса, оқыту туралы сындарлы түсінік талабы -

оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруы. Осындан келіп, мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай - ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі анықталады.

Қорыта келе, білім берудегі инновациялық технологиялар жөніндегі «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне», яғни Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген ұлағатты сөзінің шындығына жетіп отырмыз.

Ормаханова Гүлфайра Сүйінбекқызы

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

© 2010-2022