Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Керқұла атты Кендебай (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекшіқазақ ауданы

Әл-Фараби атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы

5 "в"-сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

2014-2015 оқу жылы


Сынып

5 "в" - сынып

Мерзімі

11.10.2014 жыл

Тақырыбы

"Керқұла атты Кендебай" ертегісі

Сілтеме

"Қазақ әдебиеті" 5-сынып оқулығы, Алматы "Атамұра", 2010 жыл, "Мұғалімге арналған Нұсқаулық" 3-деңгей, электронды оқулық.

Мақсаты

  • Электронды оқулықты қолдану арқылы ертегінің мазмұнын игерту,

  • Блум таксономиясы арқылы ертегінің құрылысымен таныстыру,

  • миға шабуыл әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,

  • мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру,

  • әдебиетке қызығушылығын ояту

Күтілетін нәтиже

  • Электронды оқулықтан ертегіге қатысты мәліметпен және ертегі мәтінімен танысады, мазмұнын игереді,

  • Сабақтың өн бойында Блум таксономиясын қолдану арқылы ертегінің құрылысын тиімді меңгереді,

  • миға шабуыл әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды,

  • өз бетінше мәтінмен жұмыс жасауды және өз пікірін қорғауды үйренеді,

  • әдебиетке қызығушылықтары оянады,

  • алған білімдерін қолдануға үйренеді.

Қажетті әдіс - тәсілдер

"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі бойынша: "Тұжырым" кестесі, "Джиксо" немесе "Мозаикалық әдіс", Өрмекші торы.

"Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" модулі бойынша: "РАФТ" құрастыру, Эссе жазу: "Егер де мен..." , Эдуард де Бононың «Ақылды алты қалпағы», Миға шабуыл, Блум таксономиясы

"Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану" модулі бойынша: электронды оқулық, интерактивті тақта

"Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулі бойынша: "Бағдаршам" (тағы басқа түрі) арқылы өзін-өзі бағалау, смайликтер, "Сэндвич" әдісі , "BLOB" ағашы, табыс өлшемі.

"Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс" модулі бойынша: өзін-өзі реттеуге арналған тапсырмалар (сабақтың өн бойында)

Деңгейі, мақсаты

Сұрақтар мен тапсырмалар(түрткі)

Талап

Оқушының іс-әрекеті

(нәтиже)

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру

  • Досыңды қуант

  • Оқушыларды әдебиеттен өтілген тақырыптарға байланысты төрт топқа бөлу

  • Топ ережесі

Топпен жұмыс жасай білу.

Топпен жұмыс жасап үйренеді.

4 мин

Үй тапсырмасын тексеру

  • "Миға шабуыл"

  • Жұптық жұмыс: ертегі құрастыру (соған байланысты өз пікірлерін білдіру: пайдасы және кедергілер)

  • Эдуард Де Бононың "Ақылды алты қалпағымен" үй тапсырмасын тексеру

Ертегі туралы оқулықтан тыс материалдарын жинақтау және қорытындылау

  1. Ертегіге

байланысты өз пікірі

Жұппен жұмыс жасауға үйрене бастайды, "Миға шабуыл" әдісінде бөгелмей, нақты жауап беруді үйренеді.

Өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізеді.

10 мин

Өз жұмыстарын және өзге топтардың жұмыстарын ым-ишара арқылы бағалайды.

Формативті бағалау

Жаңа сабақты меңгерту

  • Джиксо" немесе "Мозаикалық әдісі" арқылы мәтінді тиімді меңгерту

  • Әдебиет теориясынан хабардар болу,

  • Ертегі мәтінін тиімді меңгеру


  • Оқушылар, алдымен, өз топтарында жұмыс жасайды;

  • Сосын жаңадан құралған топтарда талқылап, қайта өз топтарына оралып, бірге талдайды.

4 мин

"Бағдаршам" (тағы басқа түрі) арқылы өзін-өзі бағалау, смайликтер, "Сэндвич" әдісі , "BLOB" ағашы, табыс өлшемі.

Блум таксономиясын қолдану

  • І топ.

  • "Білу. Ертегінің әр бөліміне ат қою

  • ІІ топ.

  • "Түсіну. Ертегінің құрылысына қарай мазмұндау

  • ІІІ топ.

  • Қолдану. Ертегі соңындағы түсіндірме сөздігімен жаңа сөйлем құрау

  • ІV топ.

  • Талдау. Ертегідегі әр кейіпкерге мінездеме беру және ертегінің қиял-ғажайып ертегіге жататынын дәлелдеу


  • Топпен жұмыс жасай білу

  • Тың мәліметтер табу

  • Таксономияның мәнін дұрыс ұғыну және сол бойынша жұмыс жасауға дағдылану


  • Әр топ өзіне берілген таксономия бөлімінің мазмұнын ашады,

  • өз ойларын дұрыс жеткізуге және дәлелдеуге дағдыланады

10 мин


Өзге топтардың жұмыстарын "Сэндвич" әдісі арқылы бағалайды.

Критериалды бағалау

Сергіту

1 мин

Білімдерін бекіту

Жинақтау

РАФТ құрастыру

Р - рөл: топ мүшелері

А - аудитория: Қазақфильм

Ф - формасы: ұсыныс хат

Т - тақырып: Ертегі желісімен

мультфильм түсіру

Шығармашылық жұмыс

1. Өткен сабақпен байланыстырады.

2. Ұсыныс хат жазу арқылы өзін-өзі реттеуге ұмтылады, өзінің қоғамдағы орнын сезінеді

5 мин

Өзара бағалау

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Эссе жазу:

"Егер де мен..."

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету

Оқушылар өздерін не ертегі жазушы, не кейіпкер орнына қойып, солардың орнындағы өздерінің жасайтын әрекетімен бөліседі

4 мин

Өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма

«Тұжырым» кестесі

Өтілген тақырыпқа байланысты білімдерін жинақтау

Ертегідегі әр кейіпкерді кесте бойынша жіктеп, талдайды

2 мин

Бағалау

  • "Бағдаршам" арқылы өзін-өзі бағалау,

  • Смайликтер,

  • "Сэндвич" әдісі,

  • "BLOB" ағашы

Бағалай білуге үйрену

"BLOB" ағашы, "Бағдаршам" әдісі және смайликтер арқылы өзін-өзі бағалайды, "Сэндвич" арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

3 мин

Топтың бағалауы.

Өзін-өзі бағалауы. Сабаққа қатысушыларды мадақтау.

Рефлексия

Кері байланысты толтыру

Кері байланысқа бүгінгі сабақтан не ұнағанын немесе не ұнамағанын және өздерінің сауалдарын жазып қалдырады

2 мин






© 2010-2022