Қазақ - қонақжай халық - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ - қонақжай халық»
Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының қонақжайлылығын көңілінің дархандығын,дастарханның молшылығын,ерекшелігін түсіндіру.,

  2. дамытушылық: Шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, өз ойларын дұрыс айта білуге жаттықтыру. Іздену қабілеттерін дамыту.

  3. тәрбиелік: Қазақ халқының қонақ күтудегі басқа елдерден айырмашылығы, ерекшеліктері жөнінде тыңдаушыларға мәлімет бере отырып, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақтар, «қонақ» тақырыбына суреттер

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру;

ІІ. Ұй жұмысын тексеру.

Бата жаттау.

Әр баланы тақтаға шығарып, жаттауды айтқызу.

Бағалау.

ІІІ. «Ой қозғау». Жаңа тақырыппен танысу

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып алыңыздар.

«Қазақ - қонақжай халық»
Сөздікпен жұмыс - дәптерге сөздердің аудармасын жазып алу

(мұғалім сөздерді оқып, тақтаға жазғызады, сынып хормен мұғалімнің артынан қайталайды, кейін әрбір бала қайталап шығады)

Сыйластық - уважение

Ұят - стыд

Жауапты - ответственный

Сусын - напиток

Құт - богатство, изобилие

Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, балаларға мәтінді тізбектеп оқыту, сөздік көмегімен мәтінді аудару.

«Қазақ - қонақжай халық»

Қонақжайлық - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу - ұят. Қонақ күту - қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс қашып кетеді» деп ырымдаған.

Сыбаға - қадірменді,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.

Қонақасы - қонаққа арнап әзірленген тағам, ас.

IV. Дәптермен жұмыс

Қонақжайлылыққа байланысты ырым-тыйымдар:
• Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа тай, қой, түйе, өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.

• Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады.

Сергіту сәті - физикалық жаттығулар

V. Тақтамен жұмыс.

І .Шұбат пен қуырдақ (сөйлем ойлау,синтаксистік талдау жасау)

ІІ.Қымыз бен бауырсақ (фонетикалық талдау)

Тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз

1) Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі.

2) Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге болмайды.

3) Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.

4) Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.

Сөйлем құрастырыңдар

1 Анам, дайындады, жылқының етінен, бесбармақ.

2 Халық, қазақ, қонақжай.

3 Мерекелік,керек, дастархан,дайындау,қонақ келсе.

4 Қойылады, ең, дастарқанға, алдымен, нан.

VI. Жаңа сабақты бекіту

Қандай тақырыппен таныстық?

VІI. Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау

VІІІ. Бағалау



© 2010-2022