Открытый урок по английскому языку Let s play

Раздел Иностранные языки
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Пухальск негізгі мектебі»


















«Let,s play»

(ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ)








Дайындаған және өткізген: Сатанова Д.К.







2013-2014 оқу жылы

Lesson 20

Date: _____________

Grade: 1a

Theme: "Let , s play"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Games» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. Тақырып бойынша бүрын оқылған лексикалық бірліктерді қолдану. «Can» модальді етістігін енгізу. Оқушыларды ойын арқылы ағылшын тілде сөйлеуді үйрету. Ff, Gg әріптермен танысу. Әріптерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [f],[g]. Бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Құралдар: оқулық, жұмыс дәптер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: музыка (сергіту сәтін музыкамен сүйемелдеуге болады), сурет салу (заттар мен әріптерді бояу).

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім балалармен амандасады:

-Good morning, children!

-Good morning, teacher!

-How are you?

-We are OK.

-Good, sit down, please.

2.Өткен сабақты қайталау

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріптермен таныстық?

Дұрыс. Қане барлық білген әріптерді қайталайық. Aa, Bb, Cc, Dd, Ee. (балаларға суреттерді көрсетіп, әріптерді қайталау).

Жақсы, ал енді жаңа тақырыппен танысайық.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Бүгін біз ойындар туралы әңгімелеуді және және достарымызды ойынға шақыруды үйренеміз. Сонымен қатар Ff, Gg әріпттермен танысамыз.

4.Тірек білімді белсендіру.

-Балалар, бізге қонаққа кімнің келгенің қараңдаршы. (қонаққа ит Арлан келеді, балалар Арланмен амандасады ). Балалар, Арлан бізге жай келген жоқ, ол бізге жаңа сөздер мен жаңа әріптерді үйретуге келді.

5. Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс.

-Балалар, менің не істей алатынымды қараңдар (мұғалім қолымен және дене қимылдарымен не істей алатынынды көрсетіп, өзінің іс-қимылын түсіндіреді).

I can jump. I can sing. I can play.

-Балалар, менің нені істей алмайтынымды қараңдар (мұғалім қолымен және дене қимылдарымен нені істей алмайтынын көрсетіп, өзінің іс-қимылын түсіндіреді).

I can ,t run. I can ,t hop. I can ,t dance.

-Ал енді балалар, кітапқа қараймыз.

1-ші жаттығу. Look, listen and learn.

Балалармен суретке қарап, суретпен жұмыс істеу. Сөйлемдерді оқып, балалармен бірге қайталау. Мазмұнын аудару.

Карточкамен жүмыс.

(тақтада карточкалар жабыстырып тұрады. ). Балалар тақтаға шығып, карточканы алады. Суретте не бейнелейтінінді аударып, ағылшынша айтады.

Мен ойнай аламын. I can play.

Мен секіре аламын. I can jump.

Мен билей аламын. I can dance.

Мен ойнай алмаймын. I can ,t play.

Мен секіре алмаймын. I can ,t jump.

Мен билей алмаймын. I can , t dance.

2-ші жаттығу. Learn the new words and letters. Listen.

Жаңа әріптермен бізді Арлан танысады.

Look at the picture two. Listen and say Ff, Gg. Cуретте осы әріптен басталатын заттарды көріп отырсыңдар. Listen and say: fish, fish, frog, frog, girl. (мұғалім сөздерді айтып отырып, оқулықтағы суреттерді көрсетеді).

Осы әріптерді белгілейтін дыбыстарды тыңдап, естеріңе сақтаңдар. Оқушылар дыбыстар және әріптерді тақпақтап оқудың көмегімен үйренеді.

F, f, f

[f], [f], [f],

[f] frog, [f] frog

[f], [f], [f].

G, g, g

[g], [g], [g].

[g] girl, [g] girl

[g], [g], [g].

6. Сергіту сәті.

(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).

Stand up,

Hands up

Turn around

Clap, clap

And sit down.

7. Дәптермен жұмыс.

1-ші жаттығу. Trace the words and match them to the pictures.

Оқушылар суреттерге қандай да бір қимылды білдіретін сөздерді таңдап, осы сөздерді айналдыра сызады.

1-cурет. Балалар ән айтады (sing) dance

2-cурет. Балалар билейді (dance) play

3-cурет. Балалар ойнайды (play) love

4-cурет. Анасы мен баласы құшақтасады (love) sing

2-ші жаттығу. Match the pictures with their first letters.

Оқушылар осы әріптерден басталатын сөздерді таңдайды.

A - apple

B - book

C - cat

D - duck

E - egg

3-ші жаттығу. Colour the spaces with Gg and Ff green.

Оқушылар Gg және Ff әріптері бар кеңестіктерді жасыл түске бояйды.

4-ші жаттығу. Trace.

Оқушылар Ff, Gg әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.

5-ші жаттығу. Write the letter. Say the words.

Оқушылар сөзді жетіспейтін әріптермен толықтырады және жаңа заттарды айтады.

8. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгінгі сабақта жаңа сөздерді (sing, dance, play) үйрендік. Сендерге сабақ ұнады ма?

Балаларды мақтап, сабақ қорыту.

Goodbye, children!

Goodbye, teacher!


© 2010-2022