Жыл мезгілдері

5. Байланысу түрлері нешеу? (5)6. Жеті жоқ (аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)7. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар? (4)ІІІ. Сызба «Морфология«Берілген сызбаға байланысты сөздер жазу.І топ. ІІ топ.Мыс: бармайтыны мыс: тарақтарыIV. Сызба «Синтаксис«Берілген сызбаға байланысты сөйлемдер жазу.І топ.Мыс: Әжемнің ормалы бөлмеде тұр ІІ топ.мыс: Бауыржан анасын көшеден көрдіV. Тест№ жауап Дұрыс жауа...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырбы « Жыл мезгілдері»- «Времена года».

Көптеген ақындар жыл мезгілдеріне өздерінің өлеңдерін жазған.

Соның ішінде белгілі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да өлең жазған.

Оқушы:

Күз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Оқушы:

Қыс.

Ақ киімді, денелі,ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Мұғалім: Жыл мезгілдеріне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар:

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Жаздың бір күні-

Қыстың мың күніне татыр.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Қараша -қауыс,кәрі-құртанды тауыс.

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2. Қыс айларын атап беріңдер.

3. Көктемнің алғашқы гүлі?

4.Қараша нешінші ай?

5. Сенің сүйікті жыл мезгілін?

Мұғалім: жыл мезгілдері туралы өлеңдер білесіңдер ме?

Юра : «Қыс»

Қыс айларын біліңдер:

Желтоқсан,

Қаңтар,

Ақпанды

Қыз-қыз қайнап жүріңдер,

Жұмарлап ойнап ақ қарды.

Люба: «Көктем»

Көктем деген көрікті-

Наурыз,

Сәуір,

Мамырмен.

Көктем деген көрікті-

Нөсерлеткен жаңбырмен.

Ануар: «Жаз»

Жаз айлары дегенің:

Маусым, шілде,тамыз ғой

Жаз айлары дегенің;

Береке, бақыт, ырыс қой!

Таня: «Күз»

Күздің айы мыналар:

Қыркүйек, қазан,қараша.

Қалғандарын қарашы,

«Қ» әрпімен жараса,

«Қ» әрпінен бас алып,

Бұлар күзді құрайды.

Мұғалім: Ал,енді жұмбақтарды шешейік.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады. (қар)

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (мұз)

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

Мұғалім : « Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына сурет салып әкеліңдер.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.



© 2010-2022