Салт – дәстүр – асыл қазынам

Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.   2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.   3) Тәрбиелік: Ата – аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру. Сабақтың барысы:  1-    Оқушы Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек. 1)    Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салт - дәстүр - асыл қазынам.


Мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт - дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік: Ата - аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:


  1. Оқушы

Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1) Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той.

2) Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиеті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

3) Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

4) Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүрып кетсін деп жасалатын ғұрып.

Ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқынынң қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1) Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2) Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбиге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3) Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.

Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрін атап өтсек.

1) Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала - шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші - көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы (дәстүр). Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйы.

4) Тілашар (дәстүр). Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар тойы» деп атайды.

5) Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге таратады.

2 оқушы: Мысалы:

Бесікке салу


Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші- алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады.Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі.Осындай қуаныш үстінде

«Бесік жыры» айтылады:

Әлди,әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Айналайын күн бөпем,

Бурыл тайға мін,бөпем!

Әлди, әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағың.

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым.

Қаз-қаз, балам, басарсың,

Сүтке суды қосарсың.

Тал шыбықтан ат мініп,

Балдырған мылтық асарсың.

3 оқушы:

Мысалы:

Тұсау кесер - бала тәрбиеcіндегі әдeт-ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн тұсап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді. Тұcау кесу құрметіне тағaм дайындaп, көpшілеpді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кeскeн адамға сыйлық беріледі. Тұсау кесередің арнаулы жыры бар. Мысалы:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз балам!

Қүрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам.

Тақымыңды жаз, балам!

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер,

Тәй-тәй, қаз-қаз,

Қадамыңды бас, бас.

Қорытынды: Осымен біздің іс шарамыз аяқталды.Сау болыңдар!

© 2010-2022