• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Оқытуда дыбыс-бейне құралдарын қолдану – шетел тілдерін оқып-үйренуде балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру құралы ретінде

Оқытуда дыбыс-бейне құралдарын қолдану – шетел тілдерін оқып-үйренуде балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру құралы ретінде

Раздел Иностранные языки
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытуда дыбыс-бейне құралдарын қолдану - шетел тілдерін

оқып-үйренуде балалардың танымдық қызығушылықтарын

арттыру құралы ретінде

Шет тілі - көптеген жылдар бойы оқытылып ұстаздың әдістемелік ерекшеліктерін және оқыту шеберлігін қажет ететін оқу жоспарының міндетті пәні.

Оқу сәтті өту үшін қабылдау процессінде көптеген әсерлі қабылдау түрлері болу керек. Дыбыс-бейне құралдарын қолдана отырып оқыту жағдайында маңыздылығы мен тиімділігі жағынан бірінші орында қабылдаудың біріктірілген көру-есту түрі, одан кейін көру, сосын барып есту түрі болып келеді. Сонымен әр түрлі саралағыштарға қиын қоздырғыштар кешенінің бір уақытта әсер етуі ерекше күшке, ерекше сезімдікке ие. Сондықтан дыбыс-бейне құралдары көмегімен ақпарат қабылдайтын оқушы ағзасы сезімдік бейнеден логикалық ойлауға жеңіл ауысатын сезімдік негізді құрайтын айрықша сапалы ақпараттың әлеуетті ағынының ықпалында болады.

Оқытудың дыбыс-бейне құралы (ОДБҚ) - есту және көру ақпараттарын ұсынуға арналған экранды және дыбысты құралын қоса алатын оқыту процессінде кеңінен қолданысқа енген оқытудың ерекше техникалық құралдар тобы.

Дыбыс-бейне құралдарын тиімді пайдалану мүмкіндік береді:

1) көрнекіліктердің маңызды дидактикалық қағидаларын толық жүзеге асыруға;

2) әр оқушының жеке типологиялық қабілеттерін есепке ала отырып оқытуды жүзеге асыруға;

3) бағдарламалау мен бақылау үшін жақсы жағдай жасауға;

4) өзіндік тыңдау дағдыларын жедел қалыптастыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

5) оқушылардың аналитикалық және имитациялық ерекшеліктерін максималды қолдануға;

6) барлық оқушылармен бір уақытта көптеген белсенді жаттығу түрлерін орындауға, соның ішінде сөйлеуге.

Шет тілін оқыту тәжірибесіне дыбыс-бейне құралдыран енгізу тілді меңгеру сапасын тек көтеріп қана қоймай шет тілін меңгерудегі мақсаттарына жетуге, яғни балаларды шет тілінде қатынас жасауға жәрдемдеседі.


К.М.Даулбаева, № 23 сәбилер

бақшасының ағылшын тілі мұғалімі

Павлодар қ.


© 2010-2022