«Пікірталас мәдениетінің талаптары»

Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары Сабақтың мақсаты: 1. білімділік:  тақырыпты меңгерту, шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру; 2. дамытушылық: ойлау  және есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдеби тілде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту; 3. тәрбиелік: сөз мәдениетін сақтауға, шешендікке, тапқырлыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ      Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ашық тест,ойбөлісу, топтық жұмыс Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,үлестірмелі қиындылар,сызбалар, тест парақшалары Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, шешендік өнер, қоғамтану Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу; ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;         Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға жинақтау мақсатында ой тастау. Мұғалім сөзі:       - Армысыңдар, арманшыл жүрек, жастық жігер, талапты түлектер! Сенбердің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсаттарың не? - Мектепті жақсы бітіру,ҰБТ-ді нәтижелі тапсыру,өз өмірімізге қызмет ететін  мамандық таңдау, мемлекетіміздің  саналы азаматы болу. ІІ.Үй тапсырмасы: «Пікірталастың қоғамдағы орны»  сыр-сұхбат Мұғалім сөзі: -         Азамат пікірінің танылатын орны қандай жер? -         Пікірталас алаңы -         Пікірталас деген не? -         Ой додасы, сөз майданы -         Пікір айтылады, айтылған пікірге қарсы не туады? -         Ой -         Сол жағдайда пікір айтқан адам қандай әрекет жасайды? -         Пікір айтқан жан өз пікірін дәлеледейді. -         Демек, сөзді сөз оятады, ойды ой тудырады екен. -         Осы жайында кімнің қандай пікірі бар? -         Жапон ғалымы Секи Такаһарудың: «Адамдар пікірі – қоғам дамуының қуат көзі. Әр пікір айтылған сайын сан мың жаңа идеялар туады»,-деген сөзі бар. -         Пікірталас майданына шығатын адам қандай болу керек? -         Өлең жүректі, өрт сөзді, семсер тілді, сабырлы да салқынқанды болғаны жөн.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 11 «а»

Күні: 24 ақпан 2014 ж.

С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы

Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары

Сабақтың мақсаты:

1. білімділік: тақырыпты меңгерту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

2. дамытушылық: ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдеби тілде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту;

3. тәрбиелік: сөз мәдениетін сақтауға, шешендікке, тапқырлыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ашық тест,ойбөлісу, топтық жұмыс

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,үлестірмелі қиындылар,сызбалар, тест парақшалары

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, шешендік өнер, қоғамтану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

а) Оқушыларды түгелдеу;

ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға жинақтау мақсатында ой тастау.

Мұғалім сөзі:

- Армысыңдар, арманшыл жүрек, жастық жігер, талапты түлектер!

Сенбердің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсаттарың не?

- Мектепті жақсы бітіру,ҰБТ-ді нәтижелі тапсыру,өз өмірімізге қызмет ететін мамандық таңдау, мемлекетіміздің саналы азаматы болу.

ІІ.Үй тапсырмасы: "Пікірталастың қоғамдағы орны" сыр-сұхбат

Мұғалім сөзі:

  • Азамат пікірінің танылатын орны қандай жер?

  • Пікірталас алаңы

  • Пікірталас деген не?

  • Ой додасы, сөз майданы

  • Пікір айтылады, айтылған пікірге қарсы не туады?

  • Ой

  • Сол жағдайда пікір айтқан адам қандай әрекет жасайды?

  • Пікір айтқан жан өз пікірін дәлеледейді.

  • Демек, сөзді сөз оятады, ойды ой тудырады екен.

  • Осы жайында кімнің қандай пікірі бар?

  • Жапон ғалымы Секи Такаһарудың: «Адамдар пікірі - қоғам дамуының қуат көзі. Әр пікір айтылған сайын сан мың жаңа идеялар туады»,-деген сөзі бар.

  • Пікірталас майданына шығатын адам қандай болу керек?

  • Өлең жүректі, өрт сөзді, семсер тілді, сабырлы да салқынқанды болғаны жөн.


  • Сонымен қатар, пікірталас мәдениетін жоғары меңгерген, пікірталас түрлерін жақсы білетін, ойын талапқа сай жеткізетін, тыңдаған жұртты жалықтырмайтын шынайы шебер болғаны дұрыс.

  • Пікірталас белгісін анықтайтын белгілерді атаңдар.

  • Мақсаты?

  • Қарсыластың көзін жеткізу

  • Әлеуметтік мәні?

  • Жалпыадамзаттық мүддені, жеке адам мүддесін көздейді.

  • Қатысушылардың саны?

  • Диалогтік, полилогтік

  • Өткізілу сипаты?

  • Бетпе-бет, баспасөздер арқылы т.б.

97-жаттығудың орындалуы тексеріледі.

«Сыйлық сыйлай білесің бе?» деген тақырыпта екіге жарылған пікірді ортақ шешімге тоғыстыру керек.

ІІІ Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

- Қымбатты оқушылар, Пікірталас мәдениеті тарауын әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда «Пікірталас мәдениетінің талаптары» жөнінде әңгіме қозғамақпыз.

Тақырып жөнінде айтпас бұрын өздеріңнің ой-пікірлеріңді айтып көріңдерші,пікірталас мәдениетіне қандай талаптар қойылады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар пікірі:

  • Ең алдымен, пікірталасқа қатысушылар тәртіп пен мәдениеттілікті сақтай білуі керек.

  • Олардың пікірлерін тыңдап отырған көпшілікті сыйлай білу керек.

  • Қарсыласыңның көзқарасы мен пікірін құрметтей білу керек.

  • Тақырыптан ауытқымау керек.

  • Өзіндік қөзқарасы, ұстанымы болу керек.

  • Сөйлеу мәдениетін сақтай білуі керек.

  • Берілген уақытты үнемді пайдалану, нақты пікір айту керек.

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыңдар, енді осы айтқандарыңды сәйкестендіру тестісі бойынша сәйкестендіріп көріңдер.

Пікірталасқа қатысушыларға қойылатын талаптар


Тақырыптан ауытқымау

Өзін-өзі дұрыс ұстау (сөзге тоқтау, салғыласпау, ашуға ерік бермеу)

Өзіндік көзқарасы, ұстанымы болуы керек

Қарсыластың кезекті пікір айтуына жол беру

Сөйлеу мәдениеті болуы

Тақырыптың мазмұнын ашуды басты назарда ұстау

Берлген уақытты үнемді пайдалану, нақты пікір айту

Қара басының намысымен қатар ортақ мүдде мен әділ шешімді мойындау батылдығы

Берік сенімділік, өз пікірін дәлелді жеткізу мен азаматтық намыс

Қарсыластың пікірінің дұрыс, бұрыстығын саралай білу жылдамдығы

Мұғалім сөзі:

- Дұрыс таптыңдар, демек пікірталасқа қатысушылар арнайы тәртіп пен мәдениет аясында жұмыс істей білуі керек екен, яғни пікірталасқа қатысушы өзіне берілген уақыт ішінде тақырыптан ауытқымай, қарсыласын орнымен сынай отырып, тапқырлықты серік етіп, салқынқандылықпен жұмыс жасап, сөз додасына түсу тәжірибесін шыңдап отыруы аса маңызды екен. Осы талаптар үдесінен шыққанда ғана пікірталасқа қатысушы көпшіліктің ықыласы мен құрметіне бөленеді деп сенімді түрде айта аламыз.

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма


І топ

ІІ топ


98-жаттығу


Шығармашылық, ізденіс тапсырмасы

Шарты: Үш биді бөліп-жарып қарай аламыз ба? деген сұрақ төңірегінде айтысып көріңдер.

2-тапсырма


І топ

ІІ топ


100-жаттығу


Материалды меңгеру жаттығуы

Шарты: «Киіз үй» тақырыбында өз ойларыңды ортаға салыңдар.


3-тапсырма

І топ

ІІ топ

Талапкерге тапсырма


Шарты: Кестені толтырыңдар


І топ

Берілген сөздер


Лексикаға қатысты сипаты

Соқпақ

Аяқ

Көңіл

Жалпылама лексика

Арнаулы лексика

Тура мағыналы

Ауыспалы мағынаға ие

Синонимі бар

Омоним бола алады

Антонимдік жұбы бар

Көп мағыналы

Тұрақты тіркес құрамында

Мақал-мәтелде кездеседі

ІІ топ

Берілген сөздер

Лексикаға қатысты сипаты

Есік

Кілт

Арман

Жалпылама лексика

Арнаулы лексика

Тура мағыналы

Ауыспалы мағынаға ие

Синонимі бар

Омоним бола алады

Антонимдік жұбы бар

Көп мағыналы

Тұрақты тіркес құрамында

Мақал-мәтелде кездеседі

Сергіту сәті (мақалмен жауап)

Әзіл сұрақтар:

  1. Қар жана ма?

  2. Түкіріктен көл құрала ма?

  3. Тауық түс көре ме?

  4. Адамда арқау бола ма?

  5. Қайтсең тегін ішесің?

  6. Қандай бас аяққа тыным бермейді?

  7. Тойды бүлдіретін кім, бар болса ол қандай адам?

  8. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау

Мұғалім сөзі:


  • Жаңа сабақты тағы да пысықтап алайық.Қарсыласыңның әрекеті мен өз әрекеттеріңді алдарыңдағы ашық тестіні толтыру арқылы жазып шығыңдар.

Ашық тест

Қарсыласыңның әрекеті

Сенің қимыл-әрекетің


Пікірталасқа қандай мақсатпен келді?

Өзімнің көздеген мақсатымды айқындап аламын.

Сын пікірі қандай? Кемшіліктері мен көзқарасының әлсіз тұсы

Тойтарыс беремін, оның қандай бағытта дұрыс болатыны жөніндегі ұсыныстарымды айтамын.

Маңызды пікір айтты ма? Өз ойын қалай жеткізді?

Менің пікірімді қарсыласым қалай бағалағанына, өзімді қалай ұстағаныма сын көзбен қараймын.

Ү. Үйге тапсырма

99-жаттығуды шарты бойынша орындау.

Шығармашылық, ізденіс тапсырмасы

Ұлы жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясынан берілген үзіндіні негізге ала отырып, саятшылық тақырыбында әңгімелесіңдер. Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.

Ү. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан топ оқушыларын бағалау.




© 2010-2022