ІІ-денгей сабақ жоспары

Коучинг сабағының тақырыбы: «Дарынды және талантты балаларды оқыту» Жалпы мақсаты:       Талантты және дарынды балаларды қалай анықтауға болатынына көмектесу.       Талантты және дарынды балаларға қандай жағдай жасауға болатынын бірлесе шешу.       Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету.       Дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін үйрету.   Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Талантты және дарынды балаларды анықтай алу. Мұндай  ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Күні 11.01.2013 жыл

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Біріккен сөздер

Мақсаты

Сөз тұлғасы және біріккен сөздер туралы толық мәлімет беру

Жұмыс нәтижесі

Біріккен сөздер:біріккен сөздердің түрлері,оның ішінде түбір қалпын сақтап бірігетін біріккен сөздер мен түбір қалпын сақтамай бірігетін кіріккен сөздер туралы жаңа түсініктер қалыптасады, өмірмен байланыстыра мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Сілтеме

Оқулық: Қазақ тілі.6-сынып Исаев Сейілбек Мұхамеджарұлы. Назарғалиева Күлаш Назарғалиұлы. Даулетбекова Жанат Тұрарқызы Алматы _,«Атамұра», 2010ж _____________

Негізгі идеясы

Біріккен сөздер туралы туралы толық ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: ЖИГСО

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(түрлі -түсті суреттер арқылы топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

Еркін жұмыс:Оқыған көркем шығармадан біріккен сөздерге мысалдар жазу.

Жеке тапсырма:Жан -жануарларға,өсімдіктерге,жер-су атауларына қатысты біріккен сөздерді қатыстыра отырып, «Менің өлкем » тақырыбында шағын шығарма жазу.

















Ойлау

ды

Блум

Бойын

ша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі.

Түрткілер.

Нәтиже

Бағалау

Критерий

Лер

дескриптор

Ұпай

Жиынтық баға

Білу

Үй тапсырмасы «Дара сөздер мен күрделі сөздер»

тақырыбы бойынша

білімін анықтау. Қызығушылы-

ғын ояту.

Суреттерді анықтау

Суреттер:кітап,тасбақа,үй,аққу,кілем,жолбарыс,адам,терезе,алтыбақан,

Суреттерді анықтау арқылы қызығушы

лығы

оянады, білімін көрсетеді.

Білім көлемін зерделеу


Сурет толық анықталған

3


Сурет толық анықталмаған

2

Сурет толық анықталмаған

1

Түсіну

Оқулық мәтінін игерту.

Оқулық бойынша топтық жұмыс\мәтінмен жұмыс,түртіп алу.

Мәтінді оқытуға арналған ойын түрі «Ойлан,тап!».

Тақырыптың басты идеясын табу

Тақырыптың басты идеясын табу

Тапсырманы толық орындады

3


Қателіктері болды

2

Мүлдем орындай алмады

1

Қолда

ну

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.

І топ Біріккен сөздер: жан-жануарлар;

ІІ топ Біріккен сөздер:ойын аттары;

ІІІ топ.Біріккен сөздер:жер -су аттары

ІV топ.Біріккен сөздер:адам есімдері

Сергіту Бейнежазба бойынша

Алған білімін тәжірибеде қолдана

алады.

Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптасты

Ру

Қалыптасқан

3


Толық емес

2

Қиын

1

Талдау

Шешім шығару, яғни біріккен сөздердің түрлері ,оның ішінде түбір қалпын сақтап біріккен сөздер мен түбір қалпыын сақтамай біріккен кіріккен сөздердің айырмашы

лықтарын

салыстыру

арқылы пікірталас.

Слайд. Біріккен сөздердің жасалу ерекшелігі

Салыстыру арқылы пікірталасқа түседі.

Пікірталас

қа түсу

диалог құрып,қорытынды жасай

ды

3


тек диалог құрайды

2

жұмысқа қатыспайды

1

Жинақ

тау

Күрделі сөздерді ажырату арқылы біріккен сөздерді табу.

.

Қажеттілігін салыстыра нақтылайды

Жағдаяттан шыға білу құзыреті

Толық шықты

3


Қиналды

2

Шаға алмады

1

Бағалау

Дүниетанымын кеңейту.

Еркін жұмыс:Оқыған көркем шығармадан біріккен сөздерге мысалдар жазу.

Жеке тапсырма:Жан -жануарларға,өсімдіктерге,жер-су атауларына қатысты біріккен сөздерді қатыстыра отырып, «Менің өлкем » тақырыбында шағын шығарма жазу.

Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді.

Логикалық ойы

Креативті

3


Ойы жүйелі, тың ойы емес

2

Жалпыға ортақ ой

1







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: К.Ж.Мақсымбай













6- сыныптағы қазақ тілі сабағының « Сөзжасам » тарауы бойынша орта мерзімді жоспары

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Бірізді сабақтар сериясы аяқталғанда оқушыларыңыздың бойында қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастырғыңыз келеді

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ,ТЖ,ПЖ,ДЖ)

Оқытуды жақсарту үшін АКТ пайдалана аласыз ба?

Оқушы әрекетін бағалау

ды Сіз қалай қолданасыз?

Сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз (талантты, дарынды)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз

Жоспарлағаныңыз бен күткеніңізге оқушылардың барлығының үйренгенін қалай анықтайсыз

Негізгі мақсат: Сөзжасам тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын,жасалу тәсілдерін зерттейтін сала екендігі туралы және оның ішінде сөзжасамның тәсілдері семантика-аналитикалық негіздердің бірігуі,тіркесуі,қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті туралы білімдерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, белсенділікті арттыру

1-сабақ.

Тақырыбы: Біріккен сөздер

Мақсаты мен күтілетін нәтижелері: Біріккен сөздер туралы білімдерінің кеңейуі

Біріккен сөздер,оның түрлері кіріккен сөздер мен біріккен сөздер және олардың жасалу жолдарын білу.Біріккен сөздердің ерекшеліктерін түсіну.

Топта жұмыс жасай алуы

Жаңа тәсілдер: топтастыру, диалог, жеке, жұптық, топтық жұмыс

Топқа бөлу

Топ ережесін қабылдау

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Жаңа сабақты менгертуде) Power Point презентациясы .Бріккен сөздерді және олардың түрлерін ажыратуға арналған жеке жұмыс

Біріккен сөздерді қатыстыра отырып ,сөйлемдерді құрау туралы тапсырма

Өлшем

дік бағалау

Формативті бағалау


Топтық жұмыстарда белсенділігі жоғары оқушылардың артуы

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін диалогты, сұрақ- жауапты қолдану.

Тапсырмаларды орындаудан, шығармашылық жұмыстың нәтижесі

Кері байланыс

Бағалау парағы

2-сабақ

АКТ, жаңа тәсілдер

BLUB TREE- ді пайдалана отырып үй тапсырмасына дайындық денгейін анықтау.

Power Poin презентациясы таныстырылымы «Генетикалық инженерия». Word мәтініне интернеттен алынып түсірілген суреттермен жұмыс жеке жұмыс. Терминдермен жұмыс.

Венн диаграммасы арқылы қорыту

Өлшемдік бағалау.

Формативті бағалау

Ақпараттық-коммуникативті құралдарды пайдалану (компьютер, интерактивті тақта, интернет, википедия ашық энциклопедиясы)

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін диалогты, сұрақ- жауапты,

BLUB TREE- ді қолдану

Тапсырмаларды орындаудан

Рефлексия

3-сабақ

Тақырыбы: Биотехнология

Сабақтың мақсаты және күтілетін нәтижелері:

Биотехнология туралы білімдерінің кеңейуі

Биотехнология ғылымының тарихы туралы білу. Биотехнологияның жетістіктері және оның адам өміріндегі маңызын түсіну. Топта жұмыс жасай алуы

СТО элементі, жаңа әдіс тәсілдер

Топқа бөлу (ауа-райына байланысты)

Диалогқа түсу (сұрақ-жауап арқылы)

Жигсо әдісін пайдаланып мәтінді талдау

Биотехнология жетістіктері (сызбанұсқаны аяқтау, талдау)

Топ басшысы

ның әр топ мүшесіне және топ жұмысына баға беру

Формативті бағалау бағалау

Топтастыру арқылы

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін диалогты, сұрақ- жауапты,

мәтінді талдауды

қолдану.

Мәтіндерді талдап, түсіну

Рефлексия

4- сабақ

Тақырыбы: Мінсіз оқушы.

Мақсаты мен күтілетін нәтижелері:

Өзін-өзі реттеуге қалыптастыру

Мінсіз оқушы туралы білу.Мінсіз оқушының қасиеттерін түсіну.

Топта жұмыс жасай алуы

Топтастыру.

Көңіл-күй күнделігін толтыру

Топтық жұмыс.

«Мінсіз оқушы » сұлбасын жасау,қорғау

Жұптық жұмыс «Мінсіз оқушы қасиеттерін» анықтау

Формативті бағалау


Топтық жұмыстар оқушыларды оқу үрдісіне жұмылдырады.

Миға шабуылды қолдана отырып дарынды балалар өз қабілеттерін көрсете алады.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін диалогты пайдалану

Салынған постерді қорғау нәтижесі

Топ мүшелері мен топ басшыларының бағалауы

Рефлексия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: К.Ж.Мақсымбай



Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші / негізгі / деңгей бағдарламасына сәйкес 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

р/с

Мерзімі

Іс-әрекет мазмұны

Іс-әрекет түрі

Мақсаты

Нәтижесі

1

16.12.2013

Ұйымдастыру.

Әдістемелік кеңес:

«Білім мазмұнына жаңалық ендірудің маңыздылығы»

Мектеп әкімшілігімен кездесу.

«Кембридж» бағдарламасының туралы мағлұмат беру, мазмұнымен таныстыру. Әріптестермен кеңесу. Бағдарлама бойынша мәлімет беру арқылы қызығушылығын ояту, жұмыс жасауға қолайлы орта қалыптастыруға жағдай жасауына ықпал ету

Бағдарламаға қызығушылық оянады, зерттеу обьектілері анықталады,

жұмыс жоспары айқындалды

2

20.12.2013

1.Зерттеу нысанына алынған сынып және оның психологиялық диагностикалық картасы.

2. Зерттеуге үш оқушы (жақсы,орташа,нашар,инклюзив,т.с.с) алу

3. Сабақ барысында зерттеуші мұғалімдерді бекіту.

1. Сауалнама жүргізу, психологиялық диагностикалық карта жасақтау.

2. Зерттеуге алынған үш оқушымен әр түрлі жұмыс түрін жүргізу.. (жақсы,орташа,нашар,инклюзив,т.с.с)

3. Сабақ барысында зерттеуші мұғалімдермен сұхбат.

Диаграммаға сәйкес түрлі санаттағы оқушылардың оқуының болжамды нәтижелерін талқылау; оларды оқыту үшін түрлі әдістерді ойлап табу.

Сынып туралы жалпы мағлұмат пайда болады; «жақсы», «орташа», «нашар» оқушылардың рейтінгісін көтеру.

3.

23.12.2013

1. Экспериментке қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстыру

2. Экспериментке қатысушылардың орта мерзімді жоспарын дайындау.

3. №1 коучинг өткізу (бейнежазба)

Тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрңысынан оқытуды пайдалану»

Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни оқытуды пайдалану

1. Мұғалім сыни тұрғыдан оқыту туралы не білгісі келеді?

2. сыни тұрғыдан оқытуды сабағында пайдалана ала ма? Коучингіде өткізілген жаттығулардан қандай ой қалыптасады? Мұғалімнің оқыту туралы пікірі өзгере ме?

Мұғалімдер рефлекссиясын жазғызу арқылы сабақ нәтижесін анықтаймын.

4.

27.12.2013

1. Тәлім алушының №1 сабағына қатысу, талдау, келесі сабақты жоспарлау (бейнежазба).

2. Іс әрекетті зерттеу және оны талдау есебі

Дәстүрлі сабақ

Дәстүрлі сабақ пен жаңа типті сабақ арасындағы айырмашылықты анықтау

Сабақ барысындағы оқушылардың іс-әрекетін салыстыра отырып, жаңа типті сабақтың керектігін болжау

5

03.01.2014

1. Апта бойынша жасаған жұмыстарды талдау.

2. Рефлексия жазу.

3. Сараптау арқылы жұмыс жоспарын толықтыру.

Кәсіби әңгіме

Апта бойы жасалған жұмысты сараптау

Рефлексивтік есеп жазылды.

10.01.2014

1. Өзімнің №1 сабағым. «Сөзжасам» тарауы бойынша

(бейнежазба).

2. Іс әрекетті зерттеу және оны талдау есебі.

3.Әріптестермен кеңесу.

4.Оқушылардың рефлекциясын дайындау.

сыни тұрғыдан оқыту технологиясы бойынша сабақ беру, оқушыларды топтастыру;

Рефлексивтік есеп

Оқушыларда жаңа типтік сабаққа қызығушылық оянады, бір-бірімен қарым-қатынастары жақсарып, сөз мәдениеті қалыптасып, өз ойларын еркін, ашық біледі.

7.

14-21.01.

1. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізгеннен кейін сынып оқушыларын оқыту нәтижелері туралы деректер.

2. Әр топтың жетістігі, деңгейі әртүрлі балалардың (жақсы, орташа, нашар, талантты/ дарынды) әрекетін сараптау арқылы тиімді жолды енгізу.

3. Оқушыны оқыту бойынша дерек жинау.

4.Сыныпта оқыту және оқу тәжірибесін өзгерту.

5.Іс-қимыл ауқымын кеңейту

Мәлімет беру, хабарлама

Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізгеннен кейін сынып оқушыларын оқыту нәтижелерін анықтау;

әр топтың жетістігі, деңгейі әртүрлі балалардың (жақсы, орташа, нашар, талантты/ дарынды) әрекетін сараптау арқылы тиімді жолды пайдалану.

Мұғалімге оқушылар туралы тың деректер келеді; оқыту және оқу туралы тәжірибе жиналады.

8.

31.12.2014

№1 коучинг өткізу (бейнежазба)

Тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану»

2. Жүргізілген коучингті талдау.

Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

Тәлім алушыларды топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауды пайдалануды үйрету.

Мұғалімдер рефлекциясын жазғызу арқылы сабақ нәтижесін анықтаймын.

9.

03.02.2014

1. Тәлім алушымен сұхбат.

2. Оқыту мен оқуда барлық педагогикалық құралдарды іске асыру .

Тәлім алушымен

№2 бірлескен сабақ жоспарын жасақтау

Тыңдаушы сабағында жаңа модульді қалай енгізетінін қадағалау

Оқушылар рефлекциясын жазып аламын

10

10.02.2014

1. Жоспарланған өзгерістерді енгізу.

2. Жинақталған материалдар

( презентация, фото, постер, бейне-жазба, т.с.с) бойынша оқушылардағы өзгерісті анықтау.

Практикалық жұмыс

Жоспарды толықтыру, жинақталған материалдарға сараптама жасау.

Портфолиоға көптеген материалдар жинақталады.

11

20.02.2014

1. Тәлімгердің тәлім алушымен жұмысы

2. Мақсатты нақтылау

1. Тәлімгерлік бағыт - бағдар

2. Әріптеске көмек.

1. Тәлімгердің тәлім алушымен жұмысы, тәлімгерлік бағыт - бағдар беру.

2. Мақсатты нақтылауға әріптеске «түрткі» беру.

Тәлім алушыммен іскерлік жақсы қарым-қатынас

12.

24.02.2014

1. Кері байланыс пен бұдан кейінгі іс-әрекеттерді болжау, тиімділік дәрежесін бағалау.

Диалог құрау

Назарды мұғалім тұлғасынан оқушыларды оқытуға шоғырландыру

Тәлімгердің тиімді педагогика мен балалардың қалай оқитындығы анықталады

13.

27.02.2014

1.Тәлім алушының №3 сабағына қатысу, талдау, келесі сабақты жоспарлау (бейнежазба).

2. Іс әрекетті зерттеу, ауызша және жазбаша кері байланыс дайындау.

Сабағына талдау жасау

Тыңдаушы сабағында жаңа модульді қалай енгізетінін анықтау

Оқушылар рефлекциясын жазып аламын

14.

04.03.2014

№2 коучинг өткізу (бейнежазба)

Тақырыбы«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

Топтық жұмыспен «Дарынды және талантты балаларды оқыту»қалай оқыту керектігін талдауға негіздеу

«Дарынды және талантты балаларды оқыту» бойынша мұғалімдерді жетелеу

Мұғалімдер рефлекциясын жазғызу арқылы сабақ нәтижесін анықтаймын.

15.

06.03.2014

1. Өзімнің ойларыммен әріптестеріммен бөлісе отырып, тиімді оқыту, қарапайым түсіндіру, оқушының қабілетін бағалау жөнінде.

Сұхбат

Тәлім алушымен жаңа типтік сабақтың тиімділігіне назар аудару

Тәлімгердің тиімді педагогика мен балалардың қалай оқитындығы анықталады

16

12.03.2014

1. Өзімнің №2 сабағым. «Біріккен сөздер»

(бейнежазба).

2. Іс әрекетті зерттеу және оны талдау есебі.

Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

Рефлексивтік есеп

Мұғалімдер рефлекциясын жазғызу арқылы сабақ нәтижесін анықтаймын.

17

08-15.04

1. Оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту

Лекция

Оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту процесінің нысаналылығын қамтамасыз ету.

Мұғалімдер тәжірибе алмасады.

18

22-25.04

1. Сыныптағы іс-әрекетті зерттеу

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Сыныпта оқыту және оқу тәжірибесін өзгерту; оқушыны оқыту нәтижелері бойынша деректер жинау.

Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізгеннен кейін сынып оқушыларын оқыту нәтижелері туралы декетер жинақталады.

19

05-10.05

1. Коучингке қатысушылар кездесу және атқарылған жұмыстарды зерделеу, талдау (нені үйрене алдым, тиімділігі немесе тиімсіздігі)

Кездесу, сұхбаттасу

Деректер жинау үшін бақылау кестесін құрастыру, пайдалану.

Толтырылған бақылау кестесі жасақталынады; мұғалім сұрақтарының түрлері және оқушылар жауаптарының деңгейі арасындағы өзара байланыс туралы қысқаша рефлексивтік есеп дайындалады.

15.05.2014

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есептер дайындау

Деректерді жинақтау, сараптамалау.

Портфолио жинақталады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: К.Ж.Мақсымбай





04 наурыз 2014ж.

Коучинг сабағының жоспары.

Коучинг сабағының тақырыбы:

«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

Жалпы мақсаты:

  • Талантты және дарынды балаларды қалай анықтауға болатынына көмектесу.

  • Талантты және дарынды балаларға қандай жағдай жасауға болатынын бірлесе шешу.

  • Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету.

  • Дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Талантты және дарынды балаларды анықтай алу. Мұндай балалардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға көмектесу.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту

Барысы:

І.Әріптестерді қарсы алу

ІІ. Тәттілер арқылы топқа бөлу

ІІІ. 1-тапсырма: Миға шабуыл

"Дарын","Дарындылық" «Қабілет», «Талант» деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз?

1 - топқа: «Дарын», 2 - топқа: «Қабілет», 3 - топка «Талант»

Топтық жұмыс. (Мұғалімдер өз ойын білдіреді)

2-тапсырма: Олимпиада жеңімпаздары, олимпиадаға қатысушы, зерттеу, ғылыми жоба жұмыстарымен айналысатын оқушыларыңыз бар. Сол оқушыларыңызды естеріңізге түсіріп қағазға жазуларыңыз сұралады. Неліктен сіз осы оқушыларды таңдап отырсыз? Қандай қасиеттеріне қарап таңдап отырсыз? (Жеке жұмыс. )

3-тапсырма:Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Сіздің ойыңыз...

1.Балалардың барлығы да дарынды болады...

2.Дарынды балалар сирек кездеседі...

(Топтық жұмыс. Өз ойларын флипчартқа түсіру.)

IV. Бейнефильмдер топтамасы

1.Жaнсaя Aбдумaликовa

2.Еркеш Хaсен

3.Жaмбыл Дүйсенов

4-тапсырма:Сұрaқ: осы көрген бейнежaзбaлaрдaн не aйырмaшылық, не ұқсaстық көріп тұрсыздaр?

Мұғалімдер жауабы.

5. Сергіту кезеңі.

5-тапсырма: Сұрақ- Бейнефильмдегі балалар Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатады?

Өз оқушыларыңызды Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жатқызар едіңіз?

6- тапсырма: Сіздің ойыңызша Дарынды балалардың бойында қандай ерекшеліктер болу керек? Топпен жұмыс

Бейнеслайд - Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер

Ой толғау.

«Менің қиялымдағы дарынды оқушы». Эссе жазу (4-5 сөйлем)

Қорытынды.

Рефлексия

Дереккөздер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 50-58 беттер

2.45minut.kz

3. Үлестірмелі материалдар

Құрал - жабдықтар:

АКТ, суреттер, стикер, ватман, түрлі түсті маркерлер

Дайындаған: Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Ж.Мақсымбай



















Күні

31.12.2013ж

Коучинг сабақтың тақырыбы

Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сілтеме

Нұсқаулық 24-25 бет

Жалпы мақсаты

Топтық жұмыс арқылы,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, бақылау мен тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде қорытынды жасауға талдауға баулу

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу, ол әдістерді өмірде қолдануға тиімді жолдарын таңдай білу.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Қазақстанда білім беруді дамытушы ең басты жаңа модуль екендеріне көздерін жеткізу, түрлі жағдайда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту

Тапсырмалар

1.Коучинг сөзін түсіндіру (слайд бойынша)

2.Топтық жұмыс (түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлу) «Алтын ереже» құру

3. «Қошқар мен теке» мультфильмнен үзіндіге постер дайындау

4."Мен қандай мұғаліммін" рефлексия арқылы формативтік бағалау

5. Сергіту сәті

6. Коучинг сабақты ақылдың 6 қалпағымен қорытындылау

Дерек көздер:

ІІ деңгейдегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІ басылым (24-25 бет), ғаламтор мәліметтері

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті:

«Қошқар мен теке» мультфильмнен үзінді, білім саласына келтіріп постер арқылы қорғау

Өздерін және өзге жұпты бағалау:

Бағалау критерийлері:

  • Тақырыпты ашуы;

  • Пікірінің дәйектілігі;

  • Сөйлеу мәдениеті;

  • Бағалау дискриптерлері:

0 - жоқ, 1 - нашар, 2 - сәтті

Коуч әрекеті: Мұғалімдердің жауабын қорытындылап, ортақ тұжырым жасау

Кезеңдер

Тақырыпты ашу

Эстетикалық талғамы

Эмоционалдық әсері

Авторлық қолтаңба

Қорытынды

Өзін-өзі бағалау


Бірін-бірі бағалау


Бағалау дискрипторы:

0 - мүлдем ештеңе жасалмады

1 - жұмыс жасалды, жеткіліксіз

2 - сәтті

Мұғалімдердің әрекеті: 1.Өзінің кәсіби ерекшеліктері мен артықшылықтарын мүмкіндігінше толық жеткізу.

2.Жарнама бойынша бірін-бірі бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. мазмұны

  2. әсерлілігі

  3. шынайылылығы.

Бұл тапсырмада білім беру мен білім алудағы формативті бағалау, зерттеушілік, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері қамтылды.

Сергіту сәті:

Коучинг сабақтың соңын ақылдың 6 қалпағымен қорытындылауды ұйғардым.

Ақ - өткізілген сабақты баяндап береді (не болды, не өтілді)

Сары - не үйрендік, не білдік

Жасыл - сын-идея

Қара - қаралайды

Қызыл - эмоциямен білдіреді

Көк - талдау жасайды

Сабақты аяқтау









© 2010-2022