Пушкин және Абай

Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «...Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз...» -дейді. Осы қасиетті міндеттер мен мақсатты жүзеге асыруда мектептің ондағы мұғалім – тәрбиешілердің атқаратын еңбегі ерекше. Қазір білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы шарттары жасалуда. Біл... Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең – дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер болады. Сондай тұлға, әлем әдебиетіндегі аса ғажайып орыс ақыны  - Александр Сергеевич Пушкин. Бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» шығармашылығы қазақ жерінде тағы бір рет аталып өтпекші. Биыл Ресей елінде қазақ халқының данышпан ұлы «Абай жылы» деп жарияланса, біздің елімізде орыс ха... А.С.Пушкин Қазақстандағы (әлемдегі) ең көп оқылатын және үлкен құрметке бөленген орыс ақындарының бірі және солай болып қала да береді.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:






Жоспары

І Кіріспе бөлім


А.С.Пушкин қазақ жерінде


ІІ Негізгі бөлім


А) Ақын үніне сахара мүлгіді


Ә) Пушкин мен Абай шығармаларының үндесуі


Б) Қазақ зиялылары Пушкин туралы


ІІІ Қорытынды бөлім

























Аннотация

Мақсаты:

Қазақстан үшін Пушкиннің кім екенін түсіндіріп жату артық болар, мұнда ол әрбір үйде Абаймен бірге қазына ретінде қастерленеді. Өйткені ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы өзінің көзі тірісінде-ақ Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты болды. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу.

Осы мақсаттарға жету үшін мынадай нақты міндеттерді жүзеге асыру.


Міндеттері:


-Оқушыларды Пушкин және Абай шығармашылығымен, соның ішінде аудармалары туралы таныстыру

Абай әлеміне бойлау, оқу, талдау.


Жұмыстың зерттеу әдістері:


-Абайдың,Пушкиннің өлеңдерін, Абайтанушы ғалымдар еңбектерін оқып, талдау, пікір жинақтау.

-сауалнама жүргізу

-әңгіме-сұхбат

-интервью - тест

-пайымдау, байқау

-талдау, саралау, қорытындылау.


Күтілетін нәтиже: (ғылыми болжау)


Пушкиннің, Абайдың аударма өлеңдерін, негізгі ұстанымдарын оқушылар толық, жете түсініп меңгергенде, тәрбие сағаттарына белсене қатысқанда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

-Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.

-Білім сапалары артады.

-Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.

-Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.

-Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.

-Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.





Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі


Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «...Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз...» -дейді. Осы қасиетті міндеттер мен мақсатты жүзеге асыруда мектептің ондағы мұғалім - тәрбиешілердің атқаратын еңбегі ерекше. Қазір білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы шарттары жасалуда. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашу сынды келелі мәселелер сөз жоқ, ұстаз-тәрбиеші жұмысын да жаңа арнаға бұруда. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті.

Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең - дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер болады. Сондай тұлға, әлем әдебиетіндегі аса ғажайып орыс ақыны - Александр Сергеевич Пушкин. Бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» шығармашылығы қазақ жерінде тағы бір рет аталып өтпекші. Биыл Ресей елінде қазақ халқының данышпан ұлы «Абай жылы» деп жарияланса, біздің елімізде орыс халқының аса дарынды тұлғасының құрметіне 2006 жыл «Қазақстандағы Пушкин жылы» деп жарияланды.

А.С.Пушкин Қазақстандағы (әлемдегі) ең көп оқылатын және үлкен құрметке бөленген орыс ақындарының бірі және солай болып қала да береді. Оның аса танымал екендігін куәландыратын деректер өте мол. Пушкин шығармаларының аудармалары (соңғы деректер бойынша 1917 жылдан бастап жүзден аса шет ел тілінде басылып шыққан), басылымдары, ол туралы мақалалар мен монографиялар, спектакльдер, концерттер, кинофильмдер, теле және радиохабарлар, әдеби кештер, өлең оқушылар сайысы, мұражай экспонаттары, картиналар, сувенирлер… Міне, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Осыдан бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұлы Абай негізін салған Пушкин мұрасымен танысу өз жалғасын тауып келеді және таба да бермек. Қазақ халқының Пушкин есімімен танысуы туралы алғашқы дерек «Туркестанские ведомости» газеті 1899 жылы май айындағы санында жарық көрді.
Міне, содан бері ғасырдан аса уақыт өтті. Прогресс биігінде тұрған әрбір қазақ Пушкиннің есімімен ғана емес, оның шығармаларымен де таныс.
Ақын поэма - өлеңдері, ертегілері, оның сюжеттеріне жазылған опералар мен балеттердің үзінділері, өлеңдеріне жазылған романстар, ертегілері бойынша түсірілген мультфильмдер, шығармашылығы туралы әдебиеттер Пушкин шығармашылығына арналған шаралардың алтын қазығына айналмақ.
Пушкин өзін «балалар жазушысы» деп есептемегенімен, оның ертегілері тіпті де кішкентайларға арналып жазылмағанымен тағдырдың жазуымен бұл шығармалар Ресейдің ұлы кемеңгері мен балалар арасын жалғайтын көпірге айналды.
Қазақ жерінде ақын есімін алғаш рет қашан естігенін, оның суретін алғаш рет қашан көргенін есіне түсіре алатын бір қазақ баласы табыла қоймас, сірә.



Ақын үніне сахара мүлгіді

Әлемге кеткен аты бар,
Алтынмен жазған хаты бар,
Күн сөнбей, ол сөз сөнер ме?
Жамбыл.

Егер Александр Сергеевич Пушкиннің өзі қазақ даласына алғаш рет 1833 жылы келген болса, арада елу төрт жыл өткеннен кейін, яғни 1887 жылы ақынның асқақ жырлары да қазақ арасына келіп жетті. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев дәл осы жылы ұлы орыс ақынының «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне аударады. Абайдың ұлылығы сонда - ол Орта Азия мен Қазақстан, Еділ бойы мен Орал тауын мекендеген халықтар ақындарының ішінен бірінші болып А.С.Пушкин шығармаларын өз ана тіліне аударады. Ал басқа көрші халықтардың ақындары, атап айтқанда, татар, башқұрт, өзбек, тәжік ақындары Пушкин шығармаларын Абайдан соң, екі жылдан кейін, яғни 1889 жылдап бастап аударды. Өйткені бұл жылы А.С.Пушкиннің туғанына 100 жыл толып, оны бүкіл Ресей кеңінен атап жатқан болатын.

Пушкин қазасынан сегіз жыл кейін дүниеге келген Абай, әрине, сөз алыбын көре алмай қалды.

Қазақ даласына өнер шыңы, өлең тауы боп орнаған Абай өлеңдерінің ата мекені - Ақшоқы. Еңлік пен Кебектің қайғылы өлімінен соң жүз жылдан кейін, Кіші Ақшоқыдағы Абайдың өзі салған қыстауында қазақ даласында тұңғыш рет орыс халқының энциклопедиясы атанған «Евгений Онегинді» Абай аударды да, орыс қызы алғаш рет қазақ топырағын басып, сахара ауасымен тыныстай бастады.

Абай Пушкинге шәкірт есебінде ден қойған жоқ, терезесі тең әріптес ретінде сыр алмасты. Онегин мен Татьянаның арманды лебіздерін қыр елінің түсінік түйсігіне сай келтіре отырып, санасына сіңірді. Махаббаттың мұңды да жалынды, мөлдір де таза қасиеттерін табиғи қалпында сахараға жеткізуге күш салды. Абай жырды қазақшаға аударып қана қоймай, оған орайластырып сазы шалқыған ән шығарды. Сондықтан жүректен шыққан сұлу сөз жүрекке жетпей қойған жоқ.

Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, өнеге еткендер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті.


Жалпы, А.С.Пушкин өмірі мен шығармашылығында ерекше орын алатын аймақтардың бірі - Қазақстан. Бұл сапарын ақын ерекше мақтанышпен еске алады.


Қазақстан үшін Пушкиннің кім екенін түсіндіріп жату артық болар, мұнда ол әрбір үйде Абаймен бірге қазына ретінде қастерленеді. Өйткені ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы өзінің көзі тірісінде-ақ Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты болды. Бұл байланыс сонау 1823-24 жылдардың өзінде-ақ басталған еді

Пушкин шығармалары өте мөлдір, сондай таза, түсінікті. Тұп-тұнық көлдің суына көз салғандарың бар ма? Қол созсаң түбіне тиердей айнадай жарқырап жатпай ма? Ал шынына келгенде ол тұңғиық, терең. Пушкин де дәл солай. Оның қарапайым сөздерінде қаншама даналық жатыр десеңші! Мұны біз біртіндеп, жылдар өткізіп барып түсінеміз. Сондықтан да Пушкинді қайта-қайта оқуға болады және оқыған сайын жаңалық тауып, рахатқа батасың.

Пушкинді оқу- зор бақыт және қуаныш.

Әлемде не жарық? Күн жарық. Адамда не жарқын? Даналық. Бұларсыз дүние қараң. Бұл екеуінің жарығы мен жылуы, шапағаты мен шарапаты дүние жүзіндегі барша адамзатқа аян, ортақ, өлшеусіз ұзақ. Күннің көзін бұлтпенен, данышпанның көзін зар заман қиыншылығымен бүркеуге болады, бірақ мүлдем сөндіру, өшіру мүмкін емес.

Орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі де соған дәлел. Оның өлеңдері мен әлемде тең келмес шығармалары міне, екі ғасырға жуық поэзия сахнасысының төрінен орын алуда.

Пушкин есімі мен оның шығармалары қазақ оқырмандарына ертеден таныс. Шығыс халықтарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып Абай оның өлеңдерін, «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударып, оның кейбір сөздеріне ән шығарған. Абай салып берген бұл дәстүрді Қазақ жазушылары ілгері жалғастырып, Пушкин шығармашылығына айналып соқпаған, одан үлгі алмағаны жоқ десек қателеспейміз. Бүгінде қазақ балалары Пушкин ертегілерін, өлеңдерін, роман-поэмаларын орыс тілімен қатар, өз ана тілімізде де оқи алады. Ақынның тамаша тілмен жазылған өлеңдері мен сан қилы кейіпкерлерге толы ертегілерін оқыған оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.



Қазақ даласына өнер шыңы, өлең тауы боп орнаған Абай өлеңдерінің ата мекені - Ақшоқы. Еңлік пен Кебектің қайғылы өлімінен соң жүз жылдан кейін, Кіші Ақшоқыдағы Абайдың өзі салған қыстауында қазақ даласында тұңғыш рет орыс халқының энциклопедиясы атанған «Евгений Онегинді» Абай аударды да, орыс қызы алғаш рет қазақ топырағын басып, сахара ауасымен тыныстай бастады.

Абай Пушкинге шәкірт есебінде ден қойған жоқ, терезесі тең әріптес ретінде сыр алмасты. Онегин мен Татьянаның арманды лебіздерін қыр елінің түсінік түйсігіне сай келтіре отырып, санасына сіңірді. Махаббаттың мұңды да жалынды, мөлдір де таза қасиеттерін табиғи қалпында сахараға жеткізуге күш салды. Абай жырды қазақшаға аударып қана қоймай, оған орайластырып сазы шалқыған ән шығарды. Сондықтан жүректен шыққан сұлу сөз жүрекке жетпей қойған жоқ. Осы Ақшоқы бауырында Абай Қаламқасын, Пушкин Татьянасын жетектеп халық алдына шықты да табысты. «Евгений Онегин» романының желісімен жазылған Татьяна тұлғасын, табиғатын асқақтататын Абайдың бүгінге дейін біз Татьяна әнін шырқаймыз. Қыс күнінде Абайдың Кіші Ақшоқыдағы үйіне ат тұмсығын тіреген Пушкин Татьянасының тарихын біз «Абай жолы» романынан оқыдық.

Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударуға неге ерекше құмартты және бұдан нені көздеді? - деген сұраққа Белинский сөзімен жауап берген жөн сияқты. Ұлы сыншының «Евгений Онегинді» Пушкиннің өзге шығармаларынан бөліп алатын себебі: «Орыс қоғамының өркендеу жолындағы аса қызық бір кезеңін поэзия арқылы көркем суреттеп беруінен (1633 бет), шын энциклопедиялық шығарма болуынан» еді.

Сосын қай елдің жастарына болса да үлгі етерлік көркем бейнелердің асқан ақындық шеберлікпен жасалуы, Татьянаның бойындағы кіршіксіз таза махабаттың суреттелуі шығарманы биік деңгейге көтерді. Француз романдарын бойтұмар ғып жүрген помещик қызына қыр қазақтары өз қыздарындай бауыр басып кетті. 1887 жылды сөйтіп Абай поэзиясындағы «Пушкин жылы» деуге болады.

Абай шығармашылығы-әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Абай - қазақ ақындарының көп жырлаған ұлы тұлғаларының бірі. Абайды жырға қосқанда ақындар оның Пушкин шығармашылығымен байланысын, ұлы ақынның аудармашылық шеберлігін айтады. Абай туралы поэтикалық тамаша шығармалардың бірі ақын Қайнекей Жармағамбетовтың «Жидебайдың күндері мен түндері» атты балладасында мынадай жолдар тізілген:


Кейде ақын Пушкинменен сырласқандай

Ақжарқын қалың қабат сырды ашқандай.

Табысып қала қызы, дала қызы

Не қияр алыстарда мұңдасқандай.


Абайдың «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын қазақ тіліне аударуы, Татьянаның қазақ сахарасына келуі, ақынның «Татьяна әні» елге тарауы - Қ.Бекхожиннің «Россия дауысы» өлеңінің де өзегі. Бала кезінде ауылда естіген Татьяна әні туралы өлең кестелей отырып, Қ.Бекхожин ұлы Абайға ризашылығын білдіреді.

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? -

деген өзінің сұрақ қойған өлең жолдарына ақын С.Сейітов «Кім?» деген өлеңінде былай жауап береді:


Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол Абай, ұлты - қазақ, аты - Адам.

«Евгений Онегинді» Абай тұтас аударған жоқ, одан оның аударғаны: романның басы (бірінші тарау, Х - ХІ - ХІІ шумақтар), Пушкиннің Онегинді сипаттауы, Татьянаның Онегинге жазған хаты (екінші тарау, ХХХІ шумақ), бақша ішінде жолыққан Татьянаға Онегиннің берген жауабы (төртінші тарау, ХІІ - ХҮІ шумақтар), Онегиннің Татьянаға жазған хаты

(сегізінші тарау, ХХХІІ шумақ), Татьянаның Онегинге берген жауабы (сегізінші тарау, ХІІІ шумақ).

Қайткенмен де Абай ХІХ ғасырдағы орыс поэзиясына алғаш жол салған елші болып қала береді.

«Евгений Онегин» романының желісімен бір емес, бірнеше поэма жазылуы, оның қазақ халқының төл туындысына айналуы Ұлы Пушкиннің талантында, Абайдың аудармашылық құдіретінде... Абай қалыптастырған ақындық мектептің дәстүр сабақтастығында. Халқымыздың өлең-жырға құмарлығында. Аударма мәдениетінің жоғарылығында, сол арқылы әлемдік әдебиет қалыптасқанында. Өзге ұлт әдебиеті өкілдерінің арасынан фольклорлық бейнеге айналып кеткен Пушкиндей ақын-жазушыны кездестіру қиын. Шығарма кейіпкерлерінің халық жүрегіне ұялап, санасына сіңгені сондай-Татьяна есімі қазақ арасына Тәтіш деген қыз атты болып енген...

Ымырт кез. Баяу аққан су.

Ән салған жастар тарады.

Көк түнек. Қоңыз у да шу;

Аржақта түтеп жанады

Ошағы маздап аушының.

Татьяна, дымы таусылып,

Далада жалғыз келеді,

Күміс ай сәуле себеді...,- дейтін әдемі жыр кестесі әлемдік әдебиеттегі теңдесі жоқ туынды - «Евгений Онегиннен» алынған үзінді. 1999 жылы осы туындының әдеби және фольклорлық дәстүріміздегі орны, тәржімелену тарихы туралы жазылған Сауытбек Абдрахмановтың «Біздің Пушкин» атты зерттеулік кітабы жарық көрді. Бұл кітапта Қ.Шаңғытбаевтың Пушкин романының кемел көркемдігіне еш нұқсан келтірмей, оның өміртанымдық қуатын да барынша толық сақтаған аудармасына тоқталады. Еңбекті оқи отырып, әрбір оқушы тарихты, сол замандағы Мәскеуді, орыстың өмір салтын біліп, көптеген мәліметтерге қаныға алады. Өзінің өмір жолында Омар һайямнің, Сағдидің, Гейненің, Бернстің, Лермонтовтың ғажайып жырларын қазақшалаған Қуандық ақын Пушкиннің ұлы туындысына барынша жауапкершілікпен қарап, сөзге адалдықтың, өлеңге адалдықтың үздік үлгісін көрсетіп шыққан бұл еңбегі қазақ әдебиетіне қосылған үлкен олжа. Сөз зергерінің аудармасы дәлдігі, көркемдігі, түпнұсқасы рухын, ауанын сақтауы жағынан поэзия аудармасына қойылатын ең биік талаптарға толықтай дерлік жауап бере алады. Әлем әдебиетінде «аударылмайтын ақын» саналатын Пушкинді осынша дәл, осынша көркем, осынша сазды сұлулығын сақтап қайта жырлатқан, әлі де дүние дидарындағы бар құбылысты, бар мағынаны, бар ойды анық етіп, қанық етіп, жатық етіп жеткізе беретін құдіретті ана тіліміз-тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі үшін мақтана аламыз.

Татьянаның Онегинге жазған хаты

(А.С.Пушкиннен)

Амал жоқ-қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Талапсыз, бақсыз, мен сорлы

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып,

Білдірмен дедім өлсем де.

Шыдар ем күйіп, мен жанып,

Айында бірер көрсем де.


Болмады көріп сөзіңді.

Шыдар ем бір ай жатуға

Ұзақ түн жұмбай көзімді.


Қызықтан қашып бұл жерге

Көңілсіз суып келіпсіз.

Мәнісін сұрап білуге

Тілдесе алмаймын еріксіз.


Келмесең егер сен бізге,

Сау болмас па ем, әлбетте?

Болмасам ашына мен сізге,

Түспес ем мұндай бейнетке.


Асау жүрек қайнамай,

Жуасыр ма еді кезінде?

Елден бір жақсы сайламай,

Бармас па ем ерге өзім де?


Өзгеге ешбір дүниеден

Еркімен тимес бұл жүрек.

Әзелде тағдыр иеден,

Қожам-сенсің, не керек.


Тіршілігім құрбандық,

Шыдамай сені көргенше,

Тәңірімнен келген бұл жарлық,

Ием-сенсің өлгенше.

Әуелде кірдің түсіме,

Ортақтасып өміріме.

Тоғау салып ішіме,

Сол күнде-ақ жақтың көңіліме.


Құдайдан болғай деп емі,

Құдайыны мол бердім.

Көрген жерде-ақ мен сені,

«Осы екен ғой-сол» дедім.

Жатқан сайын ұйқыға,

Дұға оқушы ем, шошынып.

Ұнатып мені құлқыңа,

Жүруші едің қосылып.


Түсімде мені жұбантып,

Жылы сөзбен сөйлесіп,

Кетуші едің қуантып,

Қалушы еді көңіл өсіп.

Шыныңды айт, кімсің тербеткен,

Иембісің сақтаушы?

Әлде азғырып әуре еткен

Жаумысың теуіп таптаушы?


Шеш көңілімнің жұмбағын,

Әлде бәрі-алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын

Талпынған шығар айға алыс.


Не болса да өзімді

Тапсырдым сізге налынып.

Толтырып жасқа көзімді

Есірке деймін жалынып.


Бұл жерде ешкім сырымды

Білмейді, айтып не етейін?

Жақтырмай бұзсаң нұрымды,

Білдірмей күйіп өтейін.


Күтемін сізден қайта хат,

Қуандырып дертім жаз.

Ол болмаса, шыныңды айт,

Кінә өзімде, өзіме аз.


Өз хатыма өз көзім

Ұялып, қорқып баға алмас.

Кепілім-сенің бір өзің,

Бөтен жан несіп таба алмас.

Аударған Абай Құнанбаев



А.С.Пушкин - әрқашан заманмен бірге, әлемнің мың сан халықтарымен күнбе-күн тілдесіп отырған, жүздесіп отыратын мәңгілік Суреткер.

М.Әуезов

* * *

Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ… оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес.

М.Әуезов

* * *

…қазақ әдебиетінің бүгінгі, ертеңгі, оның арғы жағындағы келешек ұрпақтардың бәрі өздерін Пушкин мектебінің шәкіртіміз дейтінінде ешқандай күмән жоқ.

М.Қаратаев

* * *

Оның дауысы дәл бүгінде адамдарды еркіндік пен арлылыққа халықтарды «дау-дамайды ұмытып, бір үйлі жандай» тату -тәтті бейбіт те әділ бақытты өмірге үндеп саңқылдап тұр.

Ә.Кекілбаев

* * *

...Пушкин өлеңдері, Пушкин атағы бұқараның арасына халық ақындары арқылы да таралғандығын, қазақ халқы да Пушкинді өзінің тума ақынындай сүйіп жырлағандығын «Евгений Онегиннің» халықтық варианттары толық дәлелдейді», «халық ақындары жырлаған «Евгений Онегин» поэмасы қазақ поэзиясындағы лирикалы поэмалардың туып, дамуына зор үлгі болған жаңа әдебиеттік құбылыс», «орыстың үлгілі әдебиетінің қазақ әдебиетіне еткен өршіл, мәдениетті әсерінің айқын бір көрінісі»

Е.Ысмайылов

Пушкин өмірдің өзі тәрізді шексіз. Ол жер бетінде өмір, адам, поэзия тұрғанда жасай береді, ізгілік, адамдық, бақыт үшін күресе береді.

Ә.Дербісәлин.

* * *

Мұқағали бір өлеңінде: «Барлық ақын баласы бір ананың», -деген еді. Таланттың жөні осындай. Қай тілде жазғаны сөз емес, егер оның шығармасы нағыз суреткерлік дүние болса, адамзаттың ортақ рухани әлемін байыту үшін қызмет жасайды. Оның отына бәрі жылынады. Оның құдіретті сазын түсінеді. Пушкинді қазақ өз жыршысы ретінде қабылдап, жатсынбауында осындай бір сыр жатыр деп білеміз.

Б.Мәжитұлы




* * *

Орыс халқының өзінің тіліне өзінің сенімін оятқан да -Пушкин, орыс халқының өзінің еліне өзінің сенімін оятқан да -Пушкин...

Пушкин- ұлы ақын. Пушкиннің зергерлігі-адам ақылы жетпейтіндей зергерлік. Ақынның қайталанбас даралығы оның осы зергерлігінде...

С.Абдрахманов


Ертегі, өлең, повесть, поэма… бұлардың барлығы Пушкин жазған телегей -теңіз мол дүниенің болмашы бір тамшысы ғана. Ақынның поэма, драма, романдары қаншама.
Әрине, біз Пушкинді тек жақсы әңгімелері үшін ғана жақсы көрмейміз… Пушкин шығармаларында әртүрлі оқиғалар, адам өмірінің түрлі тағдыры және әртүрлі елдер туралы керемет шеберлікпен, қызықты етіп жаза білген. Ол Кавказ жерінің таулары мен асау өзендері, Қара теңіз, Қырым, Одесса, Мәскеу, Петербург қалалары, орыс деревнясының тыныс-тіршілігі туралы және сол кезде өмір сүрген адамдар үшін бейтаныс Италия, Испания, Франция, Англия сияқты алыс елдер туралы жазған. Пушкин бұл жерлер туралы жаза отырып, бала мен ересек, әйел мен ер адам, жас пен кәрі, шаруа мен мырза, генерал, патша және қайырымды, адал адамдармен қатар қатыгез, жауыз кейіпкерлердің іс-әркеттері көз алдымыздан керемет жанды бейне түрінде өтіп жатады.
Пушкин өзінің шығармаларында сол кездегі адамдар мен оқиғалар туралы әңгімелеп қоймай, өткен өмір туралы да қалам тербеген. «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» сияқты шығармаларында алыста өткен өмір , орыс князьдері мен батырлары туралы жазады.
Пушкин есімі мен оның шығармалары қазақ оқырмандарына ертеден таныс. Шығыс халықтарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып Абай оның өлеңдерін, «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударып, оның кейбір сөздеріне ән шығарған. Абай салып берген бұл дәстүрді Қазақ жазушылары ілгері жалғастырып, Пушкин шығармашылығына айналып соқпаған, одан үлгі алмағаны жоқ десек қателеспейміз. Бүгінде қазақ балалары Пушкин ертегілерін, өлеңдерін, роман-поэмаларын орыс тілімен қатар, өз ана тілімізде де оқи алады. Ақынның тамаша тілмен жазылған өлеңдері мен сан қилы кейіпкерлерге толы ертегілерін оқыған оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.


Пайдаланылған әдебиеттер


Пушкин А.С. Әңгімелері /Ауд. О.Оспанов.- Алматы: ҚБМБ, 1947. -159б.

Пушкин А.С. Евгений Онегин: Өлең-роман/ Ауд. Қ. Шаңғытбаев.- Алматы:Жазушы, 1985.-208б.

Пушкин А.С. Өлеңдер мен ертегілер .- Алматы: Жазушы, 1965. - 40б.

Пушкин А.С. Пугачевтің тарихы; Ұлы Петрдің арабы /Ауд. Ф.Дінисламов.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956. - 131б.

Ахметов З. Пушкин // Абай: Энциклопедия /Бас ред. Р.Нұрғалиев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, Атамұра, 1995.-Б. 489-491

Бұлқышев Б. Абай және Пушкин // Бұлқышев Б. Заман біздікі:Публицистика, хаттар, роман, өлең-поэмалар мен естеліктер.- Алматы, 1990. - 267-268б.

Бұлқышев Б. Пушкин қазақ әдебиетінде // Бұлқышев Б. Заман біздікі:Публицистика, хаттар, роман, өлең-поэмалар мен естеліктер.- Алматы, 1990. - Б.266-267


© 2010-2022