Сабақ Көршінің баласы Қайырхан туралы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабағы

Көршінің баласы Қайырхан туралы

Сабыр далада ұзақ жүріп келді. Жұбайы Сәния далада неге ұзақ жүріп қалғанын сұрады. Сабыр көршінің баласы Қайырхан туралы айтты.

Сәния - Сабыр, келдің бе? Мен бауырсақ пісірдім, сонымен шай ішіп алайық. Ұзақ жүріп қалдың ғой. Далада біреумен кездесіп қалдың ба?

Сабыр - Иә, көршіміздің Қайырхан деген баласы бар емес пе?

Сәния - Иә, иә, ана бір қара торы, ізетті бір жігіт бала ғой, білем.

Сабыр - Иә, сол Қайырхан аулада бір орындықта мұңайып отыр екен. Жүдеп кетіпті десе де болады. Қасынан өтіп бара жатыр едім, маған кәдімгі үлкен адамша «Аға, ассаламағалейкүм!» деп тұрып, қолын созып сәлем беріп жатыр. Сәлем бергеніне, сөйлегеніне риза болып кеттім де, хал-жағдай сұрадым.

Сәния - Сонан?

Сабыр - Қайырхан әкесінің көптен науқастанып жатқанын, шешесінің де жұмысынан мардымсыз жалақы беретінін, өзінің жасы жетпейтінін, жұмысқа алмайтынын айтты. Сөйтіп мектепте сабақтан көбірек қалып қойыпты да, енді директор ата-анасын шақыртып жатыр екен.

Сәния - Қап, жап-жас балаға қиындау болған екен. Мектепке неге кешігіп жүр екен?

Сабыр - Таңертең айналадағы кішкентай дүкендерге барып көмек берсе, олар аздаған ақша береді екен. Әйтеуір нан, сүт алуға жетеді деп күнде барады екен.

Сәния - Қап, шынымен қиын жағдай екен. Бірақ мектептен қалуға болмайды, ертең шығарып жіберсе, баланың болашағы не болады?

Сабыр - Иә, мектептен қалып, бір жаман топқа қосылып кетсе, өте қиын болады.

Сәния - Сабыр, оған біз көмектесейік.

Сабыр - Қалай көмектесе аламыз?

Сәния - Оның мамасына жалақысы жоғарылау жұмыс іздейік. Ал Қайырхан мектептен қалмай, бірақ аздаған ақша тапқысы келсе, біз оған компьютермен үйде отырып жасайтын жұмыстар тауып берейік.

Сабыр - Табылған ақыл! Тіпті менің өзімнің қаншама қағаздарым бар. Соларды компьютерде теруге берейін, әр парағы үшін екі жүз теңгеден берсем жететін шығар, ә?

Сәния - Бастапқыда солай етейік, кейін көреміз ғой.

Сабыр - Рахмет, мені түсініп, қолдағаныңа.

Сәния - Болсаң, асыңды қайырып, сен тұра бер. Сосын Қайырханды қазір шақыр, біз онымен сөйлесіп, осы ойымызды айтамыз.

Сабыр - (терезеден қарап) Сәния, қараш(ы), ол әлі далада отыр екен.

Сәния - Сабыр, мен бүгін далаға шыққан жоқпын. Жүр, бірге шығып, Қайырханмен сөйлесіп келейік.

Сабыр - Солай етсек жақсы болар еді. Сен жылы киініп алшы, дала суықтау екен.

__________________________________________________________________

Қолдануға жаттығатын тіркестер мен сөйлемдер:

  • біреумен кездесіп қалдың ба?

  • көршіміздің баласы

  • ізетті бір жігіт бала ғой

  • үлкен адамша сәлем беріп жатыр

  • сәлем бергеніне, сөйлегеніне риза болып кеттім

  • көптен науқастанып жатқанын, шешесінің де жұмысынан мардымсыз жалақы беретінін, өзінің жасы жетпейтінін, жұмысқа алмайтынын айтты

  • сабақтан көбірек қалып қойыпты

  • шақыртып жатыр

  • жап-жас бала

  • айналадағы кішкентай дүкендерге

  • көмек берсе

  • баланың болашағы не болады?

  • Бір жаман топқа қосылып кетсе, өте қиын болады

  • біз көмектесейік

  • жалақысы жоғарылау жұмыс іздейік

  • үйде отырып жасайтын жұмыстар тауып берейік

  • Табылған ақыл!

  • қаншама қағаздарым бар, соларды компьютерде теруге берейін

  • бастапқыда солай етейік, кейін көреміз ғой

  • Рахмет, мені түсініп, қолдағаныңа

  • асыңды қайыр

  • сөйлесіп, осы ойымызды айтамыз

  • далада отыр екен

  • мен бүгін далаға шыққан жоқпын

  • солай етсек жақсы болар еді

  • жылы киініп алшы

  • дала суықтау екен

Түсініктемелер

  • риза болу

  • ізеттілік

  • қолдау

  • мардымсыз жалақы

  • баланың болашағы

  • жаман топ

____________________________________________________________________________________

Грамматикалық түсініктемелер

Күрделі етістік (сложный глагол)

Негізгі етістік + көмекші етістік:

  • сәлем беріп жатыр

  • ұзақ жүріп келді

  • шай ішіп алайық

  • кездесіп қалдың ба

  • мұңайып отыр екен

  • десе де болады

  • өтіп бара жатыр едім

  • риза болып кеттім

  • қалып қойыпты

  • шақыртып жатыр екен

  • қиындау болған екен

  • кешігіп жүр екен

  • барып көмек берсе

  • қосылып кетсе

  • тауып берейік

  • асыңды қайыр

  • тұра бер

ЖАТТЫҒУЛАР

1-ЖАТТЫҒУ. Берілген сұраққа 5 түрлі жауап қайтарыңыз.

«Ұзақ жүріп қалдың ғой. Далада біреумен кездесіп қалдың ба?»

1-

2-

3-

4-

5-

2-ЖАТТЫҒУ. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.


  1. Қайырхан орындықта ... отыр екен.

  2. Маған ... «Аға, ассалаумағалейкүм!» деп сәлем беріп жатыр.

  3. Үлкен адамша сәлем бергеніне ... .

  4. Мектеп директоры ... шақыртып жатыр екен.

  5. Қайырхан таңертең ... дүкендерге барып көмектесіп ақша табады.

  6. Баланың . .. не болады?

  7. Біз Қайырханға ... .


© 2010-2022