9-сынып оқушыларына ОЖСБ-ға тест тапсырмалары

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 нұсқа

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдепті В) Әдемі С) Сыпайы D) Мықты Е) Салмақты

2. Буын түрін анықтаңыз.

A) Тұйық В) Жалғау С) Жалаң D) Буын Е) Тасымал

3. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар В) Көйлектер С) Қонақтар D)Қайындар Е) Дәптер

4. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана В) Орал С) Ақтау D) Отырар Е) Атбасар

5. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар В) Айман С) Алпыс Д) Азат Е) Аймақ

6. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау В) Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу D) Жалпылау, белгісіздік. Е) Жіктеу, өздік.

7. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде В) Жыл құстары С) Жылы D)Ұшып кетеді Е) Жакқа

8. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.

В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.

С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.

D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?

Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.

9. Пысықтауышты табыңыз.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлады.

А) Тойлады В) Қазақстан C) Тәуелсіздігінің

D) Биыл E) 16 жылдығын
10. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен әлі отырмын В) Көктем С) Мен ояумын

D) Таң атып келеді E) Айнала жап - жасыл екен
11. ЕсептІк сан есімді табыңыз.

A) Төртінші B) Сегізінші С) Он D) Үш - үштен Е) Алтау

12. Сұраққа жауап берiңiз. "Сен қай қалада оқисың?"

А) Павлодардан В) Павлодарда С) Павлодарды

D) Павлодардың Е) Павлодарға

13. «Ма, ме, ба, бе, па, пе» қай жерде сұраулық шылау
А) айта көр(ме) бұл сөзіңді батыр B) әркімді бір келемеждеп, мұқат(па)
C) ғылым таппай мақтан(ба) Е) ешкімге жауыздық қыл(ма)
D) ерте(ме), кеш(пе), пайдаға(ма), зиянға(ма), сен барыңды бересің

14. Омонимі бар сөйлемді ажыратыңыз

А) сонау бетте сиыр жайылып жүр B) Асан жұмыс басына кетті

C) кітаптың бетіне үңілді D) сен маған өкпе айтпа

Е) оқуды басынан бастап жақсы оқу керек

15. Етістіктен жасалған зат есімді көрсетіңіз

А) тәртіптілік В) балықшы С) адамгершілік D) көрермен Е) балалық

16. Сұраққа жауап берiңiз: "Желтоқсан айында бiз қандай мерекенi тойлаймыз?"

А) Халықаралық әйелдер күнi В) Наурыз мейрамын С) Ата заң күнiн

D) Тәуелсiздiк күнiн Е) Республика күнін

17. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

А) Мағыналары жақын сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.

D) Заттың атын білдіретін сөздер.

Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.
18. Еркiн сөз тiркесiн көрсетiңiз.

А) Су жүрек B) Қас пен көздiң арасы C) Тас бауыр

D) Төбе шашы тiк тұрды Е) Түйме қадау

19. Мақалды көрсетіңіз

А) жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат

B) далада жаңбыр жауып тұр

C) ол дос жүрегіне сенеді

D) енді сізге айтуға тура келді

Е) едіге ұзақ жол жүрді

20. Қазақтың ұлттық ойыны қайсы?
А) теңге алу
В) теңге салу
С) теңге айырбастау
D) теңге беру
Е) теңге көру












2 нұсқа


1. Қазақ тiлiнде неше дыбыс бар?
А) 38 В) 42 С) 36 D) 12 Е) 26

2. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.

А) Сапар В) Айман С) Алпыс Д) Азат Е) Аймақ

3. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Жаман В) Үлкен С) Сұлу D) Ерте Е) Кеш

4. "Ө" дыбысын қай сөздерге қоюға болады?

А) М...дени, к...ciп

B) К...ркем, б...лме

C) Б...гiн, т...cтiм

D) Б...йшаң, б...лдық

Е) Ыст..қ, қ...ызмет

5. Көп нүктенiң орнына тиiстi сұрау есiмдiгiн қойыңыз. "Сiз ... көшеде тұрасыз ?"

А) қашан? В) қай? С) қанша? D) неше? Е) кімнің?

6. Негізгі зат есімді көрсетіңіз

А) Әсемгүл В) Ән С) Кешірім Д) Әкел Е) Көр

7. Бiтеу буыннан тұратын сөздер қатарын табыңыз.

А) Ақ, ар, кiлт B) Тазала, оқы, ата C) Заң, мең, жоқ

D) Ас, қал, жақ Е) ешкім, ақ, алпыс

8. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис В) Лексикология С) Фонетика
Д) Стилистика Е) Пунктуация

9. Үтірдің қойылу себебі.
Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше В) одағай С) қыстырма сөз
Д) оңашаланған айқындауыш Е) қаратпа сөз

10. Тура мағыналы сөз

А) қара жұмыс

В) қарақағаз

С) қара ниет

Д) қара көйлек

Е) қара сөз

11. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз

А) қыз

В) саң

С) Болат

Д) таң

Е) қыс

12. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі
А) жеп-жеңіл
В) ауыр
С) ірірек
Д) қара
Е) ашық

13. Біріккен сөз

А) жасампаз

В) өндіріс

С) жолсерік

Д) алынған

Е) тапсырды

14. Хабарлы сөйлем

А) Жауап берсең ше.

В) Сен қашан келесің.

С) Балалар далада ойнап жүр.

Д) Әттең, кешігіп қалдың-ау.

Е) Келгеніңе қанша болды.

15. Буынның неше түрі бар?

А) 2. В) 4. С) 5. Д) 3. Е) 6.

16. .Фонетика нені зерттейді?
А)тіл байлығын В)сөз тіркесін С)тіл дыбыстарын Д)сөз мағынасын Е)сөз құрамын

17. Батыр сөзінің антонимін табыңыз.
А)жаман В) қорқақ С)ер Д)хан Е)сұлтан

18. «Тұңғыш» сөзінің синонимін көрсет:
А) соңғы В) аяғы С) алғаш Д) басы Е) кеше.

19. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.
С) Төл сөзден кейін.
Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.
20. Одағайды көрсет
А) Өзімдікі болса игі еді.
В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
С) Балам, ойымды таба алмадың.
Д) Мынау не деп тұр?
Е) Қой деймін, бала.

1 вариант

1.В 18. Е

2.А 19.А

3.Д 20. А

4. Д

5. В

6. В

7. Д

8. Д

9. Д

10. В

11. С

12. В

13. Д

14. Е

15. Д

16. Д

17. А

2 вариант

  1. А

  2. В

  3. С

  4. В

  5. В

  6. В

  7. С

  8. Е

  9. Е

  10. Д

  11. А

  12. С

  13. С

  14. С

  15. Д

  16. С

  17. В

  18. С

  19. Е

  20. В



© 2010-2022