Жыл мезгілдері

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырбы « Жыл мезгілдері»- «Времена года». Көптеген ақындар жыл мезгілдеріне өздерінің өлеңдерін жазған. Соның ішінде белгілі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да өлең жазған. Оқушы: Күз. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.   Оқушы: Қыс. Ақ киімді, денелі,ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.   Мұғалім: Жыл мезгілдеріне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?   Оқушылар: Үркерлі айдың бәрі қыс.   Жаздың бір күні- Қыстың мың күніне татыр.   Сәуір болмай, тәуір болмас.   Қараша –қауыс,кәрі-құртанды тауыс.   Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 2. Қыс айларын атап беріңдер. 3. Көктемнің алғашқы гүлі?  4.Қараша нешінші ай? 5. Сенің сүйікті жыл мезгілін?   Мұғалім: жыл мезгілдері туралы өлеңдер білесіңдер ме?   Юра : «Қыс» Қыс айларын біліңдер: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпанды Қыз-қыз қайнап жүріңдер, Жұмарлап ойнап ақ қарды.   Люба: «Көктем» Көктем деген көрікті- Наурыз, Сәуір, Мамырмен. Көктем деген көрікті- Нөсерлеткен жаңбырмен.   Ануар: «Жаз» Жаз айлары дегенің: Маусым, шілде,тамыз ғой Жаз айлары дегенің; Береке, бақыт, ырыс қой!   Таня: «Күз» Күздің айы мыналар: Қыркүйек, қазан,қараша. Қалғандарын қарашы, «Қ» әрпімен жараса, «Қ» әрпінен бас алып, Бұлар күзді құрайды.   Мұғалім: Ал,енді жұмбақтарды шешейік.   Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тонады. (қар)   Отқа жанбайды, Суға батпайды. (мұз)   Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар. (бидай)   Мұғалім : « Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына  сурет салып әкеліңдер. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырбы « Жыл мезгілдері»- «Времена года».

Көптеген ақындар жыл мезгілдеріне өздерінің өлеңдерін жазған.

Соның ішінде белгілі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да өлең жазған.

Оқушы:

Күз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Оқушы:

Қыс.

Ақ киімді, денелі,ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Мұғалім: Жыл мезгілдеріне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар:

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Жаздың бір күні-

Қыстың мың күніне татыр.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Қараша -қауыс,кәрі-құртанды тауыс.

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

2. Қыс айларын атап беріңдер.

3. Көктемнің алғашқы гүлі?

4.Қараша нешінші ай?

5. Сенің сүйікті жыл мезгілін?

Мұғалім: жыл мезгілдері туралы өлеңдер білесіңдер ме?

Юра : «Қыс»

Қыс айларын біліңдер:

Желтоқсан,

Қаңтар,

Ақпанды

Қыз-қыз қайнап жүріңдер,

Жұмарлап ойнап ақ қарды.

Люба: «Көктем»

Көктем деген көрікті-

Наурыз,

Сәуір,

Мамырмен.

Көктем деген көрікті-

Нөсерлеткен жаңбырмен.

Ануар: «Жаз»

Жаз айлары дегенің:

Маусым, шілде,тамыз ғой

Жаз айлары дегенің;

Береке, бақыт, ырыс қой!

Таня: «Күз»

Күздің айы мыналар:

Қыркүйек, қазан,қараша.

Қалғандарын қарашы,

«Қ» әрпімен жараса,

«Қ» әрпінен бас алып,

Бұлар күзді құрайды.

Мұғалім: Ал,енді жұмбақтарды шешейік.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады. (қар)

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (мұз)

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

Мұғалім : « Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына сурет салып әкеліңдер.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.



© 2010-2022