Лексикадан откенді кайталау

"Описание материала: № 101 орта мектептің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Жуынтаева Жадыра Жаңбырбайқызы Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. Дамытушылығы: Оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасауға дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыруға баулу. Т...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Лексикадан откенді кайталау101 орта мектептің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Жуынтаева Жадыра Жаңбырбайқызы

Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың өзбетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасауға дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыруға баулу;

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Типі: қайталау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, тест жұмыс, жаттығу жұмыстары, шығармашылық жұмыс

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу

Ә)Түгелдеу

Б) Сабаққа назарын аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Термин сөздер туралы түсініктерін сұрау.

192- жаттығу ды тексеру. Ата-аналарыңмен әңгімелесіп, олардың кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.

Білім тексеру:

Үй ашықтарда сұрақтар жасырылған. Оқушылар қалаған үйашықты ашып, сұрақтарға жауап береді.

1.Омоним дегеніміз не?

2.Синоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не?

4.Табу дегеніміз не?

5.Десфемизм және эвфемизм дегеніміз не?

6.Кірме сөздер дегеніміз не?

7. Диалект сөздер дегеніміз не?

8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

9.Термин сөздер дегеніміз не?

Оқушыларды үш топқа бөлемін.

Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Әр топ өздерінің тобына ат береді.

1-қатар «Білім» тобы

2-қатар «Ынтымақ» тобы

3-қатар «Достық» тобы

Әр топ өздерін таныстыу мақсатында ұрандарын айтады.

Дәптермен жұмыс

«Білім» тобына 210-жаттығу. Оқыған ертегілеріңнен бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы кейіпкерлердің қасиеттерін жазыңдар. Олардың ішінен антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар.

«Ынтымақ» тобына 215- жаттығу. Синонимдік қатардағы сөздерді қамтитын сызбалар құраңдар.

«Достық» тобына 224- жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жаз.

Мәтін тыңдау

«Тіл - ұлттың басты негізі»

(мәтіннен жаңа сөздерді, көнерген сөздерді, термин сөздерді, мақал-мәтелдерді теріп жазу)

Қай топ жылдам сол топқа жақсы ұпай беріледі.

Бекіту.

Лексикадан откенді кайталауШығармашылық жұмыс .

Лексикадан откенді кайталауЛексикадан откенді кайталау

Қорытынды: «Шаттық шеңбері»

Бағалау:

Үйге: «Білім тобына» 200-жаттығу, «Ынтымақ» тобына 202 -жаттығу, «Достық» тобына 203-жаттығу.




© 2010-2022