Урок конспект по казахской литературе на тему Ертегілер

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.09.2015

Қазақ әдебиеті

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер»
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай - ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру: а) Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау
II. Тақырыпқа енгізу «Қане жауап ізделік»
- Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Өзге халықтарда ертегілер бар ма?
- Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

ІІІ.Жаңа сабақ

Ертегілер -ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді және көне саласының бірі.Ертегілерде халқымыздың тарихы,дүниетанымы, тұрмысы мен салты , әдет-ғұрпы,наным сенімі кеңінен көрініс тапқан. Қазақтың ерте замандағы ертегілеріндегі негізгі тақырып аңшылық, мал бағу,әртүрлі тылсым күштермен күрес болған.Қоғам дамыған сайын адамның ой-санасы өсіп,өмірге деген көзқарасы өзгерген.

1-тапсырма . Дәптерге топтастыру стратегиясын пайдаланып ертегілерді топтастырыңдар.

Тақтаға бір оқушы шығады,тапсырманы орындайды.

ІV. Кітаппен жұмыс. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары.

1- қадам: «Білу»

Әр оқушы бір сұраққа жауап береді,дәптерге жазады.

2- қадам: «Түсіну» Әр топтан бір бала шығып сұраққа жауап береді.
3-қадам: « Талдау»Тұрмыс-салт ертегілерін қиял-ғажайып ертегілермен салыстырыңдар.

4-қадам: «Жинақтау» мәтін мазмұнын тірек сызба арқылы көрсетіңдер.

V. Үйге тапсырма. 5-қадам: « Қолдану» 6-қадам: «Баға беру»
VІ. Бағалау


© 2010-2022