Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі 8сынып 27.10.15.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік ас мәзірлерінің түрлері туралы ой - өрістерін кеңейтіп түсіндіру
ә) тәрбиелік Өз бетімен ізденуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық Ас мәзірінің түрлерін ретімен қолдана білуге, ойлау танымдылық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Өзіндік жұмыс, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: ТД технологиясы, ТК жабдықтары, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, ас түрлері, интерактивті тақта, оқулық, ғаламтордан алынған материалдар.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеп журнал толтыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
59 беттегі 4-тапсырманы тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
«Асханадағы ас мәзірі » туралы мәліметтер беремін.
Маусымдылық
Біздің ас мәзірін таңдауымызда жыл мезгілі үлкен роль атқарады. Жазда біз тағамға - жеңіл, ал қыста аса маңызды тамақтарды қолдануға тиіспіз. Тағамдарды әзірлеу кезінде жазда жас піскен көкөністерді пайдаланамыз.

Ас мәзірінің алуан түрлілігі
Біздің ас мәзіріміз алуан түрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Тағамдардың және гарнирлердің қайталануын болдырмау керек. Егер біз бір тағамға күріш берсек, онда екінші тағамға, мысалы, картоп немесе ботқа беру керек.
Лайықты порция
Лайықты порция дайындауда қонақтың мүмкіндіктерін назарға алу керек. Оның төрт сағаттық кешкі ас кезінде бес жұғымды тағамды жей алмайтыны анық. Сондықтан дайындалатын ас мәзірі бойынша не тағамдардың аз санын, не нәрлілігі аз тағамдарды және аз порцияларды беруге шешім қабылдауға ұсынамыз.
Түрі
Келушіге қызмет көрсеткенде оның сұранысы бойынша ас мәзірін анықтап, біз сондай - ақ тағамдардың үстелдің үстіне қандай түрде берілетінін назарға алуға тиіспіз. Таңдалған тағамдардың өзінің түсі бойынша алуан түрлі болуына ойлануымыз керек

Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50 - 60С, салқын тағам 10С - тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтың түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

IV. Жаңа сабақты қорытындылау Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын беремін.

Тест №1 нұсқа
1. Тамақтану орындарында қолданатын тоқты ата
А) оң В) тәртіпсіз С) теріс Д) айнымалы, тұрақты * Е) тұрақсыз
2. Жану кезінде жылу шығаратын күрделі органикалық қосылысты ата
А) жылу тасушы В) канал С) магнетрон Д) отын * Е) жылу алмасу
3. Тағам сапасының көрсеткіштерін табыңыз
А) түс, мөлшері В) түс, дәм С) дәм, өлшем Д) иіс Е) дәм, хош иіс, консистенция *
4. Жұмысқа.... өткен адамдар жіберіледі
А) соңғы нұсқамадан В) кіріспе нұсқамадан * С) ағынды нұсқамадан
Д) барлық нұсқамалардан Е) жоспардан тыс нұсқамадан
5. Ыстық тағамдар қандай температурада болу керек
А) 10 - 15С В) 20 - 25С С) 30 - 35С Д) 40 - 45С Е) 50 - 60С *
Тест №2 нұсқа

1. Ет құрамында көп:
А) минералды заттар
В) қышқылдар
С) көмірсутектер
Д) дәрумендер
Е) белоктар *
2. Салқын тағамдарға арналған тұздықты ата
А) томат тұздығы
В) қаймақ тұздығы
С) пияз тұздығы
Д) қызыл тұздық
Е) майонез
3. Сары майда дайындалады
А) қаймақ тұздығы
В) кептірілген нан ұнтағы қосылған тұздық *
С) қаймақ тұздығы
Д) қаймақ тұздығы
Е) сүт тұздығы
4. Тазартылған картопты сақтайды
А) пакетте
В) тоңазытқыштың камерасында
С) тұзды ерітіндіде
Д) ауада
Е) суда

5. Қамырды қайта илеу.... жақсартады
А) иісін
В) кеуектілігін, созылымдылығын *
С) хош иісін
Д) сыртқы түрін
Е) дәмін

V. Жаңа сабақты бекіту

Маусымдық ас мәзіріне не жатады?
Ыстық және салқын тағамдар қандай температурада болу керек?

VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма Ас мәзірінің түрлері туралы айтып бер

Сынып:5 Күні: 28.10.15

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық.Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік.Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд,карточкалар,оқулық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойын,бес жол өлең құрастыру , ой қозғау, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) сабақтың мақсатын хабарлау

Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай екенін сендер партада жатқан түстер арқылы көрсетесіңдер.
Қызыл- тамаша, өте жақсы. Жасыл- жақсы .Сары -нашар .

Балалар, менің көңіл-күйім жақсы, ал сендердің ше?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақты шешіңдер















1. друг

2. дверь

3 ."қалам" сөзі қандай сұраққа жауап береді?

4. вода

5. груша

6. мынау кім? Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

7. ешкінің төлі не?

8. мынау не? Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып) 9. адамның дене мүшесі Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

Ой қозғау.Денсаулық дегеніміз не?

Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі

Денсаулық -ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық -ол келуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.


Мәтінмен жұмыс.

"Денсаулық" елінде

Орманнан шыққан балалар айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан "Денсаулық" елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді."Денсаулық" еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.

Сұрақтарға жауап беру.

Мынау кім?

Ол қандай? Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

1.Мынау кім?

2.Неліктен Әсетті "Денсаулық"Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)

еліне кіргізбей қояды?

-Балалар, біз Әсетке «Денсаулық еліне» кіргізу үшін көмектесуіміз керек.Әсетке көмектесеміз бе? Ол үшін біз денсаулық достарының дайындап қойған тапсырмаларын орындауымыз керек. Сіздерге сәттілік тілеймін.

1-тапсырма. Сөздік жұмысы /сабынның тапсырмасы/
Жаңа сөздерді оқып,сөз тіркестерін құрастыру.

денсаулық-здоровье

айнадай- как зеркало

жарқырау- блестеть

тұрғындар- жители

кедергісіз- без препятствий

кіргізбеу- не пропускать

сергек - бодрый

Тапсырма.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар./судың тапсырмасы/

Орманнан шыққан балалар айнадай жарқырап тұрған бір елге жетеді.Оның көшелері де,үйлері де,тұрғындары да тап-таза.Әсет пен Нәркез іздеп шыққан "Денсаулық" елі осы еді.

Балалар алдымен ғажайып қақпаға кез болады.Ол әрдайым таза,ұқыпты жүретін Нәркезді ешбір кедергісіз өткізеді.Ал Әсетті кіргізбей қояды.Аяғынан шалып құлатып,әбден мазасын алады.

Нәркез сапарын жалғастырады.Оның алдынан сабын шығып,қол беріп амандасады.Артынша сылдырлап күліп су келіп беті-қолдарын өбеді.Сабын,сумен қауышқаннан кейін Нәркездің көңілі көтеріліп,сергіп сала береді."Денсаулық" еліндегілер де қыздың бұл әрекетіне риза болып,дастарқанға шақырады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Жүрекке қолды қоямыз,

Сәлем етіп бәріне

Бұрыламыз баршамыз

Йілеміз оңға бір,

Йілеміз солға бір,

Отанды біз сүйеміз

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

Тапсырма.Сұраулық шылауларды тауып жаз./дәрумендердің тапсырмасы/
1. Тазалықты сақтау үшін киімді үнемі ауыстырып тұру керек ... ?
2. Киім кірлеген кезде таза киім киген дұрыс ... ?
3. Су мен сабын микробтардан арылуға көмектеседі ... ?
4. Даладан келгенде қолыңды міндетті түрде жуу керек ... ?
5. Тырнақты өсірмей , алып тұру керек ... ?
6. Тырнақтың астында микроб көп жиналады ... ?
7. Жуынып болған соң құлағыңды тазалау керек ... ?
8. Мұрынды тазалау арқылы біз бактериялардан құтыламыз ... ?

Тапсырма.Сәйкестікті тап./жеміс-жидектердің тапсырмасы/

Зор жаттығу
Таза тазала
Биік денсаулық
спорттық ауа
құлағыңды тау
суық адам
сергек су
«Сиқырлы дөңгелек» ойыны
Дөңгелекке жазылған 9 әріптен сөздер құраймыз .

Тапсырма.Мына сөздерді көпше және жекеше түрде жіктеңдер.

Таза,ұқыпты,сергек.

Дұрыс, бұрысын белгілеңдер.

Сабақты қорытындылау.

Қане, балалар!

Тақпақ айтып, сөзжұмбақ шешіп,

Дәптерге жазу түсірдік,

Сонымен бүгін сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сонымен, қазақ тілі сабағында не істедік?
Не білдік ? Не үйрендік ?

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта не істегенімізді айтып,қорытындылау.

"Денсаулық" сөзіне бес жол өлең құрастыру.

1.Зат есім

2. Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5.Синоним

Үй тапсырмасы: "Денсаулық" тақырыбына диалог құрастыру.Жаңа сөздерді қайталау.

Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау.


8 сынып 23.10.15

Сабақтың тақырыбы: Достарыммен асханада тамақ ішу.

Сабақтың мақсаты: қазақша тілдік қатынасты еркін игерте отырып, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Берілген тақырып аясында сұхбаттасу;

  • Суреттер мен тапсырмалар арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеу, қатесіз жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету;

  • Сұрақ-жауап, мәтін арқылы оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

  • Берілген тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын байытып, тілдерін дамыту;

  • Дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: интерактивті тақта, сурет, карточкалар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (ауызша берілген тапсырманы жалпылай сұрақтар арқылы тексеріп шығу; грамматикадан өткен тақырыптан тест тапсырмасын алу)

Тәуелдік жалғау.

Тест сұрақтары

1. Тәуелденіп тұрған сөздер қатарын тап.

А) құрбым Б) құрбысыз С) құрбылар Д) құрбымен

2. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қой. Менің дос... мұражайға кетті.

А) -ың Б) -ым С) -ымыз Д) -тарыңыз

3. Тәуелдік жалғауының III жағын белгіле

А) -мын/мін, -бын/бін Б) -ың/ің, -ыңыз/іңіз

С) -сы/сі, -ы/і Д) -ым/ім, ымыз/іміз

4. Оңаша тәуелденіп тұрған сөзді тап

А) жолдастарыңыз Б) жолдасты С) жолдасым Д) жолдастар

5. Тәуелдік жалғауы түсіп қалған тіркесті тап

А) бізде үй Б) біз үйдеміз С) біздің үй Д) біздің үйлеріміз

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер мектепте қайдан тамақтанасыңдар?

-Біздің асхана нешінші қабатта?

-Асханада кімдермен бірге тамақтанасыңдар?

IY. Жаңа тақырып:

1. Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) осы сөздерді қатыстырып диалог құрастырту

даяшы - официант шырын - сок

қызмет етеді - обслуживает мінсіз - безупречно

таңертеңгі ас - завтрак түскі ас - обед

кешкі ас - ужин кезек - очередь

ботқа - каша

2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Біздің жұмысымыздың қасында екі қабатты үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.

Мен түсте асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріншіге сорпа, кеспе немесе борщ, екіншіге картоп пен ет, палау немесе манты, үшіншіге компот, шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Кешкі асымды кейде үйден, кейде асханадан ішемін. Екіншіге палау немесе картоп алуды ұнатамын. Үшіншіге шай, самса немесе бауырсақ аламын.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

-Мәтінге ат қойдырту

-Мәтіннен септеліп тұрған сөздерді таптыру

4. Жазба жұмысы:

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қою.

Салқын тағамдар....капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Ал түсте асхана.... тамақтанамын. Біз... асханамыз таза, жарық және кең. Мен таңертеңгі асымды үй.... ішемін.

Y. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?

-Қандай тақырып өттік?

5. Топпен жұмыс:

I топ. Берілген сурет бойынша сөз тіркестерін құрастыру

II топ. Берілген сурет бойынша диалог құрастыру.

III топ. Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру

Асханадағы ас мәзірі Сабақ жоспары (8сынып)


YI. Үйге тапсырма:

59-бет 4-тапсырма.

Берілген мақал-мәтелдерді жаттау

Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.

Ас атасы - нан.

Ас - адамның арқауы.

YII. Бағалау:

Оқушыларды сабақта жасаған жұмыстарына орай бағалау.

YIII. Рефлексия:

Сабақ ұнады Сабақ жартылай ұнады Сабақ ұнамады


IX. Сабақ соңы.





8 сынып 27.10.15.

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың асхана тақырыбы бойынша жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: карточкалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер мектеп асханасынан тамақтанасыңдар ма?

-Ас мәзірінде не болады?

IY. Жаңа тақырып:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып диалог құрастырту

ас мәзірі - меню дүнген кеспесі - дунганская лапша

палау - плов сиыр еті - говядина

кеспе - лапша шабдалы - персик

3-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.


Адамдар

Лимон, пияз, сәбіз, қызанақ, сүт, картоп, ет, қияр, нан, котлет, шырын, қымыз, бұрыш, қант, тұз, жұмыртқа, күріш, айран, қаймақ, палау, мәнті, кеспе, ұн, кофе, ботқа, балық, печенье, салат, дүнген кеспесі, бауырсақ, торт, балмұздақ, қуырдақ, шай, лағман, кәмпит

қуырады

пісіреді

кеседі

жейді

ішеді

сатып алады

құяды

4-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып «Не жегіңіз келеді? деген тақырыпқа ауызша әңгіме құрастырыңдар.


Адамдар


біріншіге

екіншіге

үшіншіге

салқын тағамдардан

ыстық тағамдардан

ет тағамдарынан

тәтті тағамдардан

сүт тағамдарынан

қой еті, салат, торт, қарта, шырын, шай, балық, май, сиыр еті, сорпа, айран, су, нан, лимон, кәмпит, сәбіз, ботқа, қазы, картоп, сүт, өрік, палау, шабдалы, борщ, кофе, лағман, қаймақ, ірімшік, кеспе, шұбат, жұмыртқа.


алады.

Жазба жұмысы:

5-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1. Етті майға............................................................. қазанға

2. Шай ішу үшін суды.................................................. қуырады.

3. Сүтті ......................................................................... тұз

4. Тамақ тәтті болу үшін .................................... салады. қайнатады

5. Тамақты ............................... пісіреді. ұн

6. Салат жасау үшін қызанақ пен қиярды............... қабығын.

7. Картопты қуыру үшін........................ аршиды. пісіреді.

8. Бидайдан........................ жасалады. жуады.

Y. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?

Топпен жұмыс:

7-тапсырма. Өздерің білетін ас мәзірін құрастырыңдар.

I топ II топ III топ

Қою тағамдар

Сұйық тағамдар

Жеңіл тағамдар

YI. Үйге тапсырма:

61-бет 2-3-тапсырма.

YII. Бағалау:

Оқушыларды сабақ бойында атқарған жұмыстарына қарай бағалау.

YIII. Рефлексия.

Сабақ ұнады Сабақ жартылай ұнады Сабақ ұнамады


IX. Сабақ соңы.

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: а/ Теориялық білімдерін практикада қолдану,

өткен тақырыптарды пысықтау,бекіту

ә/Оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін шыңдау,

адамгершілікке тәрбиелеу

б/Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа,шығармашылыққа

баулу

Сабақтың типі: Қайталау

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасы стратегиялары

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, интерактивті тапсырмалар, үнтаспа

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ой - толғаныс

І. Қызығушылықты ояту: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

жалғаулықты«Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша тақырыптан не білеміз, соны топтастыру.

мағыналық

Салалас құрмалас сөйлем

жалғаулықсыз


ІІ Мағынаны тану

/ЖИГСО әдісі бойынша 4 топқа берілген салалас құрмалас сөйлемдерден салаластарды мағынасына қарай ажырату, өз тобында талдау,дәлелдеу./

  1. Сабақты жақсы айттың, дегенмен әлі толықтыруға болады.

  2. Ән басылып қалды,бірақ гитара сазы тоқталған жоқ - ты

  3. Жүрген жерін білетін шығар, өйткені жақында ол Жайық бетінен келді.

  4. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.

  5. Оқуға баруды армандаймын, сондықтан көп оқимын.

  6. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша - орнынан атып тұрды.

  7. Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмін жоқ еді.

  8. Таң атты, мен ояндым.

  9. Ауыл қыстауға көшті де, ол қалаға кетті.

10.Үй толған адам: қыз - қырқын қалмастан жиналған.

11. Әрі шешесі Темірге қызығады, әрі әкесі Сойдаққа берген антын бұзғысы келмейді.

12. Елдегі хал мынау: пара, ұрлық, зорлық, мастық, надандық тұншықтырып жатыр еді.

Семантикалық карталармен жұмыстану.

Семантикалық карта

Сөйлем

Тыныс белгісі

Жалғаулықты

Жалғаулықсыз

Күнсіз гүл өспес

Күтусіз гүл өспес

,

+

Шапалақ шарт етті де көзімнің оты жарқ етті.

Көзбен көр де ішпен біл

Екі тау қосылмайды екі ел қосылады.

Мал үшін таласпа ар үшін талас

Ел өнерге бой ұрды сол себепті қараңғылық жойылды.

Білгені сол ел азбаған екен.

Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады не біреудің сөзіне жөнсіз араласады.








Шығармашылық диктант

  1. Жалғаулықтарын қой.

Осыны сіздер ойлар деп сенемін…өзіме де сонны арқау етемін.

Көйлегі көлеңдеп аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу кіріп келді … Асылбекке төне түсті.

  1. Түсіндірмелі салаластың тыныс белгісін қойып,түсіндір.

Абай осы күндерде байқады әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.

Өмір сүрудің екі түрі бар шіру мен жану.

  1. Қарсылықты салаласты теріп жаз.

Ақылдасып көріп еді, Ербол тыңнан еш нәрсе тапқан жоқ.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Мен жігіттің көзіне туралап қарап едім, аңғармады.

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Мына сөйлемдерге синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау

Көйлегі көлеңдеп, аяқ Мен жігіттің көзіне тура қарап едім,

сыбдырын білдірмей басып аңғармады.

біреу кіріп келді де, Асылбекке

төне түсті.

5 минуттық эссе. «Менің Отаным - Қазақстан», «Біз - еліміздің ертеңіміз», «Жолдау жол сілтейді»

/Оқушылар таңдаған тақырыптың біріне салалас құрмаласты қатыстырып, эссе жазады./

ІІІ. Ой-толғаныс. Венн диаграмасы арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: Салалас құрмаластың мағыналық түрлеріне

5 сөйлем жазып, синтаксистік талдау.

Бағалау










© 2010-2022