Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолындағы тіл дамыту жұмыстары

Ағылшын тілі сабағында  оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі- тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймай қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа басты мәселелердің бірі оқуылардың сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі қажет етеді.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолындағы тіл дамыту жұмыстары

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі- тіл дамыту жұмыстары.

Тіл дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймай қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа басты мәселелердің бірі оқуылардың сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі қажет етеді.

Ағылшын тілі сабақтарындғы тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты- дұрыс, сауатты оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын дұрыс құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, сөйлемді дұрыс құрып байланыстыруға дағдыландыру керек.

Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мазмұндама, жоба, шығарма, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жазу, оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады.

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі- шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылық тапсырмалар әр алуан болғанымен, мәні біреу-ол жаңа мазмұн жасау. Әрбір бала өзінше талантты, әрбір бала шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қаутын,бейімділігінсезіне алады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарын назарға ала отырып жүргізудің тиімділігі зор.

Оқушыларды тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптаррды басшылыққа алуға болады:

  • Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталады;

  • Білімді өз беттерімен алу іс-әрекеттеріне көзделеді;

  • Шығармашылық ізденістеріне жол ашылады;

  • Оқушылардың қызығушылығына түрткі жасалды;

  • Модель, жоба құруларына, ой еркіндіктеріне тағы баскасына жол ашылады;

  • Іздендіру, зерттеу жұмыстарына жұмылдырылады.

Көрсетілген талаптарды орындай отырып оқушы сапалы да, тиянақты білім алып, оны жақсы игереді.

Тіл дамыту- тіл үйрету қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әркетке жетелеу болып табылады. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем-байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сондықтан да сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс.

Сөздік дегеніміз- тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйретпес бұрын, алдымен оның сөздік қорын меңгерту керек. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерткен жөн. Сондықтан ағылшын тілін үйрету барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.

Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып, сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуына көздеу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.

Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек.

Мәтінмен жұмыс дегеніміз- сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасына оқушылардың түсініп айтылуы меңгерілуі тиіс. Мәтінмен жұмыс істеудің мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді екіге бөліп екі қатарға тапсырма беру, оқушыларды өздеріне тиісті мәтінді оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады.

Ағылшын тілінде оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін А.С. Границкаяның «Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясы» атты еңбегінде қолдану өте тиімді. Олар: естіп-тыңдап түсіну, қатысымдылық сөйлеу, оқу, жазу. Материалды меңгеруді ауызша

айтып сөйлеуге үйрету ыңғайлы сөйлеу жағдайында ққолдану, оқушы оны тез қабылдайды. Одан кейін оқу мен жазу әрекеті іске асады. Ауызекі сөйлеуде естіп тыңдауға үйрету күйтабақтарды, үнтаспаларды, дискілерді жиі қолдану өте нәтижелі болады.

Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар- балалардың ағылшынша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі.

Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып мәтіндермен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет.Өтілген сөз,сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқытып , оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу қажет. Әр мұғалім ағылшын тілі сабақтарында дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмыс, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп , ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігіне ұйымдастырылады.

Қорытындалай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.

© 2010-2022