Елім деп соғар жүрегім (8 сынып)

Мектеп : № 36 мектеп-гимназиясы  Мерзімі : 3.09.14ж Сабақ саны:1          Тақырып :  Сен де бір кірпіш дүниеге... Құндылық : дұрыс іс-әрекет                 Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас Мұғалім:   Намазова.Д  Сынып: 8 "б"  Оқушылар саны:       Сабақтың  мақсаты: әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.   Сабақтың міндеттері: ·          өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары  мен  жалпы  адамгершілік  құндылықтардың адам  өміріндегі  маңызы туралы түсінік беру; ·         оқушыларды  өз өмірінің  мәнін түсіне  білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның  аражігін ажырата  отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге  үйрету; ·          оқушыларды өз өміріне ,өз сөзі,о... Ресурстар: (құралдар, материалдар) Оқулық, дәптер, Сабақтың  барысы: 1.      Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Кеудемізді тік  ұстап,аяғымызды айқастырмай  қолымызды тіземіздің үстіне  еркін қойып,денемізді  босатып,көзімізді  жұмып  жағымды  әуен  сазымен  тамаша  ойға берілеміз. Нұрлы  аспаннан  күлімдеген  күннің жылы шуағы  сіздің   жан дүниеңізді  жылытып, жүрегіңізге  шуақ   шашып  тұр.Күннің  нұры  қолға   барды, қолдарыңыздың  саусақтары  ыстық  сезім  ұялатты,қолдарыңнан  шығып  денеңді  аралап  аяғыңа  жетті.Аяғың  нұрлы  жолға  бас... Сабақ барысын талқылау:   4.Мәтінмен жұмыс Оразақын Асқардың "Өмір  өнегелері" өлеңін оқып,талдау  ұсынылады.   Тіршілік  пе,немене,өмір деген?    Шектеле межайша күн  көруменен?    Бір  ұғымға  екі  сөз  неге керек,     Мағынасы  бір  болса,бөлінбеген?   Бір уақытын бос  күйбең  еншілесе, Жайын   сұрап  жанына  көрші  келсе, "Тіршілік  қой,әншейін",-дейді  адамдар, Өз ісіне   көңілі  көншімесе.   Еліне  арнап еңбегін дарынменен, Ерді  естісе,халқының  қамын  жеген, "Нағыз  өмір сонікі",-дейді адамдар, Жар  сап атын ард...     5.Ойланып  көрейік Оқулықта  берілген көрнектітүколог,академик Әбдуали Қайдардың  өмір  туралы,өмірдегі жақсылық  пен  жамандықтуралы  ой-тоғауын  өз  бетінше  оқып шығу тапсырылады. 6.Мұғалім  сыйы Өмір  дейтін                         М.Мақатаев   Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,  Жырлап кетем, алдымен жылаймын да,  Сөредегі кермені кесіп өтсем,Маған әлі жетпейді құдайдың да.  Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.  Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,  Секем алған...    8.Топпен  ән айту Ән "Өміріңе немқұрайлы қарама"   Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама Шақша басың айналса да бақыттан.             Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама. Тұсау салып, бастатқызбай көш дар...  
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп : № 36 мектеп-гимназиясы

Мерзімі : 3.09.14ж

Сабақ саны:1

Тақырып : Сен де бір кірпіш дүниеге...

Құндылық : дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас

Мұғалім: Намазова.Д

Сынып: 8 "б"

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • оқушыларды өз өміріне ,өз сөзі,ойы және әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

7 сыныпта өткенді еске түсіру.

3.Әңгімелеу

*Адам өмірінің мәні неде?

*Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?

*Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

*Адамның өмірдегі орнын табуға өзін-өзі танудың ықпалы қандай?

Сабақ барысын талқылау:

4.Мәтінмен жұмыс

Оразақын Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін оқып,талдау ұсынылады.

Тіршілік пе,немене,өмір деген?

Шектеле межайша күн көруменен?

Бір ұғымға екі сөз неге керек,

Мағынасы бір болса,бөлінбеген?

Бір уақытын бос күйбең еншілесе,

Жайын сұрап жанына көрші келсе,

"Тіршілік қой,әншейін",-дейді адамдар,

Өз ісіне көңілі көншімесе.

Еліне арнап еңбегін дарынменен,

Ерді естісе,халқының қамын жеген,

"Нағыз өмір сонікі",-дейді адамдар,

Жар сап атын ардақтап бар үнменен.

Екеуінде елеулі айырма бар,

Қайсысына ойың бар дайындалар.

Адам болып сүрмесең,нағыз өмір,

Алдын ала ойламас жайыңды олар?

5.Ойланып көрейік

Оқулықта берілген көрнектітүколог,академик Әбдуали Қайдардың өмір туралы,өмірдегі жақсылық пен жамандықтуралы ой-тоғауын өз бетінше оқып шығу тапсырылады.

6.Мұғалім сыйы

Өмір дейтін М.Мақатаев

Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да,
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.

Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,
Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.
Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам.

Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.
Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен,

Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?!

Жөқ сөндірмен, сөндірмен, жыламан да,

Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға.

Жүргемін жоқ қайғынын жүгін артып,
Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік.
Бөліп, жарған қайсыбір қуаныштан,
Ойландырған оңаша мұңым артық...
7.Дәптермен жұмыс

1-2 тапсырманы орындау.

8.Топпен ән айту

Ән "Өміріңе немқұрайлы қарама"

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

9.Үйге тапсырма

О.Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін жаттау.

10.Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.



Мектеп : № 36 мектеп-гимназиясы

Мерзімі : 8.10.2014

Сабақ саны:6

Тақырып :Мақсат-жетістік желкені

Құндылық : дұрыс іс-әрекет,сүйіспеншілік

Қасиеттер: еңбектену,шыдамдылық,төзімділік

Мұғалім: Намазова.Д

Сынып: 8 "б"

Оқушылар саны: 21

Сабақтың мақсаты: .

Сабақтың міндеттері:

  • оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап,мақсат қоя білуге үйрету;

  • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі жетілдіру арқылы құштарлығынын арттыру;

  • оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру

Дәптермен жұмыс 1- тапсырма

Әңгімелеу

*Жетістік дегеніміз не?

*Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?

*Өмірлік мұратына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамның мүмкіндіктері көп болады?

*Мақсатқа қол жеткізу оңай ма?

Сабақ барысын талқылау:

Дәптермен жұмыс

2- тапсырма

Нақыл сөздерді оқыңдар.Өмірдегі өз мақсаттарың мен бағыт-бағдарларыңның жобасын түзіңдер.

Мұғалім сыйы

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.

ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жетістік дегеніміз - рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де - жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман - жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік - адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі - жетістік.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

  • Алдыңа мақсат қою

  • Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

  • Іске дайын болу

  • Адымыңды анық басу

  • Алға ұмтылу

  • Қорықпау, күмәнданбау

  • Көңіліңді тоқ ұстау

  • Жаңашыл болу

  • Басқалармен кеңесу

  • Тәуелсіз болу

  • Біртұтасты бөлшектеу

  • Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

Тапсырма

Қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің мір,адамгершілік,мақсат пен мұрат туралы ой-пікірлерімен танысу ұсынылады.

"Әр адам белгілі бір ұлт өкілі.Ендеше оның өз ұлтын сүйгенінің несі айып?!Ұлтын сүймесе,ұлтының қамын жеп өмір сүрмесе,ол қандай адам сонда?! "

М.Әуезов.

"Құрамында қазақтың ұлы перзенті,академик Қаныш Сәтбаев бар делегация Англияға барады.Сонда атақты Уинстон Черчилль ас бойшаң,ірі қазақ ғалымын көріп:"Қазақтардың барлығы сіздей биік пе?"-деп сұраған көрінеді.Сонда Қаныш ағамыз саспастан:"Жоқ, менің халқым менен де биік",-депті.

Қ.Сәтпаев.

Адам сұлулығы бет-ажар көркінде емес.Адам өз бақытын түсіне білсе,соған қанағаттана білсе,жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе,нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп,жүрегіме түйдім.

Р.Сыздықова.

Адам-өз тағдырының иесі."Гүліне қарама,түбіне қара"дейді ғой.Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін.Бәрі ниетке байланысты екен.Бір нәрсенің соңына басыбайлы түссең,соның жемісін көресің.

Т.Әубәкіров.

Адам жаны үнемі кемелденіп отыруы керек.Сол кемелдену арқылы ол өзін-өзі,қоршаған әлемді таниды.Руханият жайлы терең ойлану керек,өйткені ол қашанда сенімен қалады.

А.Мұсаходжаева.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға "Бүгіннен-жарқын болашағыма!"тақырыбында жоба құру

Үйге тапсырма

Қадыр Мырзалиевтың "Мақсат"атты өлеңін жаттау.

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе "Мақсат- жетістік желкені "атты сабағымызда кез келген жетістік адамның өзін,оның жақындарын қуанышқа , шаттыққа бөлеуі керек.Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетінін ,сол қиындыққа мойымай шыдамдылық,төзімділік таныта білу керек.Ойлаған арман мақсаттарыңыз орындалсын









Мектеп: №36 мектеп-гимназиясы

Мерзімі:10.12.2014 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім

Сабақ саны:14

Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттері:Мейірімділік,адалдық

Мұғалім:Намазова.Д

Сынып:8 "б" Оқушылар саны:21

Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
Дамытушылығы: Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер,интербелсенді тақта ,ақ қағаздар,жүрекшелер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тыныштық сәті.1 слайд

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

"Дос жүрегі -шар айна"

I.Қызығушылықты ояту

3.Әңгімелеу ("Өз елім әнін тыңдату") 2 слайд

Әнді тыңдау арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдап төмендегідей сұрақтар қойылады.

-«Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
- Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
- Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңдер?
- Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
- Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

II.Мағынаны тану

4.Мәтінмен жұмыс 3 слайд

Қ.Мырза Әлидің "Елге деген махаббат"

Сусын қылар үмітін шөлдегенде

Осы жерге перзентпіз сен де,

Мен де!

Барлығын да сүйемін,

Сөйте тұра

Махаббатым ерекше-ел дегенде.

Ел дегенде ар қандай!

Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.

Ел дегенде жығылған жалым тұрып,

Айбаттанып кетемін арыстандай.

Жерім!-деймін ондайда,

Елім!-деймін,

Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін.

Өзім үшін күресте жеңілсем де,

Елім үшін күресте жеңілмеймін!

Дұшпанға да,

Досқа да табалатпан.

Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан!

Батыр болып тумайсың,

Батыр болып

Кетесің

Елге деген махаббаттан!

5. Сахналау 4 слайд

Қарт пен немересінің әңгімесі

6.Дәйексөз 4 слайд

«Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас».

7.Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

1.топ Сезімнен шыққан өлең

2.топ Суретпен жұмыс

3.топ Топтастыру

III.Ой толғаныс

8.Жағдаяттарды талдау


9. Үйге тапсырма беру

"Елім деп соғар жүрегім"тақырыбына эссе жазу.

IV.Екі жұлдыз бір тілек

10. Шаттық шеңбері

Еліміздің іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп бүгінгі сабақтан алған әсерімізді орта салып,елімізге тілегімізді арнайық.





© 2010-2022