«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып

Сабақ № Лексикалық тақырып: Қыс Грамматикалық тақырып: Сын есім Мерзімі: Сабақтың  мақсаты: сын есімді  түсіндіру, сауатты сөйлеу  мен жазуға  үйрету. Білімділік: Оқушыларға  сын есім туралы білімді меңгерту, ойлануға,  ізденуге жетелеу. Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, таным қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:  жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік, АКТ, диалогтық ...   Ой толғаныс Семантикалық карта     Зат есім Сын есім Етістік аязды       Қыс       болды       боранды          V. Сабақты қорытындылау  (9-11 мин) Тест тапсырмалары:      1) Сын есімді тап. а) өнер       ә) сұлу   б) бес   2) «Биік» деген сөз қай сөз табына жатады? а) зат есім       ә) етістік   б) сын есім   3) Сын есімнің сұрағы. а) кім?      ә) не?  б) қандай?   4) Сын есімді тап. а) қызыл, әдемі, тәтті ә) дәрі, парта, ойын б) барды, келді, оқыды.   - Сын есім дегеніміз не? - Қандай сұрақтар қойылады? Үйге тапсырма: 3-тап 85 бет, ереже жаттау Оқушылардың білімін бағалау – бір-бірін бағалайды Рефле...          ·Өте ұнады (мне очень понравилось) ·Белсенді қатыстым (я активно участвовал) ·Өзімді команда мүшесі Сезіндім (почувствовал себя членом команды) §Ұнады §(понравилось) § Қатыстым §Өз бетіммен жұмыс жасадым   §  Онша қызықтырған жоқ §  Өзгертіп, басқаша істер едім  §Қызықтырған жоқ
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №

Лексикалық тақырып: Қыс

Грамматикалық тақырып: Сын есім

Мерзімі:

Сабақтың мақсаты: сын есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету.

Білімділік: Оқушыларға сын есім туралы білімді меңгерту, ойлануға, ізденуге жетелеу.

Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, таным қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік, АКТ, диалогтық оқыту, топпен жұмыс.

Пән аралық байланыс: дүниетану, география

Көрнекілігі: сементикалық карта, презентация, Интерактивті тақта, бағалау парақтары

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

ІІ. Өткенді қайталау (4-5 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ (12-17 мин)

а) ережемен танысу

ә) жаңа сөздермен танысу

ІV.Өткенді бекіту (8-10 мин)

  1. 2-тапсырма 85 бет

  2. терме диктант

  3. Сергіту сәті

  4. «Кім жылдам?» ойыны

  5. Семантикалық карта

V. Сабақты қорытындылау (9-11 мин)

  1. Тест тапсырмалары (3-4 мин)

  2. Үйге тапсырма (1-2 мин)

  3. Бағалау / Рефлексия(4-5 мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Ал, енді бір-біріңе қараңдар, күлімдеңдер. Осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық!

ІІ. Өткенді қайталау

  1. Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақта сендерге үйге шығармашылық тапсырма берілген. Қыс тақырыбына диалог құру және видеоролик жасау. Сонымен бірінші диалог - Дамир, Федя және Сергей.

  • Бұл жерде сұраулы сөйлем дұрыс құрылмаған: «Сен жақсы шаңғы тебесің бе?» дедіңдер. Ал, дұрыс айтқанда: «Сен шаңғыны жақсы тебе адласың ба?». Федя шаңғының орнына шана деп шатастырып алды.

Екінші диалогты Диана, Даниял және Никита жасады. Тақтаға назар аударайық.

  • Бұнда сөйлемдер дұрыс құрастырылған, тек ғана Диана жалғауларда көбірек көңіл аудар. Ал, Даниялдың айтылуы дұрыс емес.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Қыс» сабақ жоспары – 5 сыныпСөзжұмбақ шешу



Оқушылар сабақтың тақырыбымен танысады

  • Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Қыс», грамматикалық тақырып - «Сын есім»

  • Сонымен қалай ойлайсыңдар сабақта біз не істейміз? Біздің мақсатымыз қандай?

  1. «Миға шабуыл»

- Бүгін желтоқсанның қай күні?

- Бүгін аптаның қай күні?

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыста ауа райы қандай болады?

- Қыс айлары қандай?

- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

  1. Топқа бөлу (стикер арқылы)

  2. Ережемен танысу

Әр топқа бір заттан беремін оны зерделеп, осы зат туралы айтып беріңдер. Оқушылар кластер жасайды.

1-топқа - шыршаны безендіретін ойыншық.

2-топқа - шырша беріледі.

Сөздікпен жұмыс істейді.

Кластерлерін қорғап болғаннан соң, кітаппен жұмыс жасалады.

  • Кітаптарыңды ашыңдар 85 бет. Сын есімнің емлесін оқыңдар.

  • Диана, қайтала.

«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып


ІV.Өткенді бекіту

  1. Сәйкестіру

Қасқыр жыртқыш (қандай?), бала ақылды (қандай?), қоян қорқақ (қандай?).

  1. терме диктант 2 -тап 85 бет

Қыс келді. Күндер суық, қысқа. Түндер ұзақ. Аяз қатты болды.Жердін бетін ақ қалың қар жапты. Кішкентай балалар аулада шана тебеді.

  1. Сергіту сәті

  2. «Кім жылдам?» ойыны

  3. Семантикалық карта

Ой толғаныс

Семантикалық карта

Зат есім

Сын есім

Етістік

аязды

Қыс

болды

боранды


V. Сабақты қорытындылау (9-11 мин)

Тест тапсырмалары:

1) Сын есімді тап.

а) өнер ә) сұлу б) бес

2) «Биік» деген сөз қай сөз табына жатады?

а) зат есім ә) етістік б) сын есім

3) Сын есімнің сұрағы.

а) кім? ә) не? б) қандай?

4) Сын есімді тап.

а) қызыл, әдемі, тәтті

ә) дәрі, парта, ойын

б) барды, келді, оқыды.

- Сын есім дегеніміз не?

- Қандай сұрақтар қойылады?

Үйге тапсырма: 3-тап 85 бет, ереже жаттау

Оқушылардың білімін бағалау - бір-бірін бағалайды

Рефлексия - белгілер бойынша өзін-өзі бағалау



«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып

«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып

«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып

«Қыс» сабақ жоспары – 5 сынып

  • Өте ұнады (мне очень понравилось)

  • Белсенді қатыстым (я активно участвовал)

  • Өзімді команда мүшесі

Сезіндім (почувствовал себя членом команды)

  • Ұнады

  • (понравилось)

  • Қатыстым

  • Өз бетіммен жұмыс жасадым


  • Онша қызықтырған жоқ

  • Өзгертіп, басқаша істер едім

  • Қызықтырған жоқ

  • Ұнаған жоқ

  • Осымен сабақ аяқталды. Сабаққа белсенділік танытып қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар, балалар!

© 2010-2022