Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға рефлексивтік есеп

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептегі тәжәрибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға

рефлексивтік есеп.

Ундреева Нургуль

І топ тыңдаушысы

Қызылорда қаласы


2014 жылдың 3 ақпанынан бастап Қызылорда қаласындағы «Өрлеу » педагогикалық біліктілікті арттыру орталығында ұйымдастырылған Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университеті ұсынған курсқа оқуға келдім. Бұл бағдарламаның мақсаты оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерін өмірде қолдана алады. Бағдарлама міндеті оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-қөзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге ойластырылып құрылғанын түсіндім. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекеленген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы. Оқытудың бұл түрінде оқушылар маңызды рөл атқарады. Олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезеңінде өз түсініктерін арттыруға ынталанады. Осы бағдарлама мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу міндетін қойып отыр. Бұл оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыпты өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген. Олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады. Бағдарламаның негізгі ұстанымдары мектептегі іс-тәжірибе кезінде жүзеге асырылды. Біз өзіміздің күнделікті оқыту тәжірибемізде тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап, оны өткізу барысында жаңа тәсілдерді қолдандық. Сонымен бірге мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен жұмыс жасадық. Біз жаңа технологиямен қаруланғандықтан, бізге оқушылар, ата -аналар, әріптестер не жасап жатқанымызға қызығушылық танытары сөзсіз. Сондықтан мен мектепке жаңа идеялармен, өзгеріспен келуді жөн көрдім. Ең алдымен МАН-ның сыртқы бейнесін түстес күртеше тіктірдім. Әріптестерім күртешенің не мақсатта киіп жүргенімді сұрады. Мен оларға мұғалімдерге арналған нұсқаулықты көрсетіп, бұл кітап жаңа идеяларға толы дедім.

Алдымен кездесуді мектеп басшыларынан бастадым. Бағдарлама негіздерімен таныстырдым. Мен іс-тәжірибе кезеңіндегі жұмыстарыммен таныстырдым. Өз тараптарынан қандай көмек қажет екеніндіктерін сұрады. Мен сабақ уақытын реттеп беруін өтіндім. Наурыз айында үшінші тоқсанын аяқталу қарсанына барғандықтан төрт сабағымды бір аптаға орналастырып алдым.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру . Мен шікірттерімнің бойындағы пәнді оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа зейінділік,ұстамдылық қасиеттерімен қатар табиғи болмысын,тіптен қажет болғанда темпераментін де білуге тырысамын.Себебі, осыларды білгенде ғана біз баланы пәнмен байланыстыра аламыз.Мысалы:кей бала білгенін айтудан қысылса,жазбаша оййын жақсы жеткізе алады.Ал кейбір оқушылар сабақта ауызша белсенділік танытқанымен жазба жұмыстарын орындауда қателіктерге бой алдырады.Өзімнің практикамда мұндай көріністер көптеп орын алады оқушылардың білімді қабылдау қасиеттері түрліше болғандықтан,біздің сабағымыз да түрлі әдіс тәсілдерге толы болуы керек.

Менің оқушыларым жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындау кезінде өзіне деген зор сенімде болады. Қазіргі жаңа дәстүрде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауында білімге деген құлшыныстары байқалады. Пәнге деген қызығушылықтары артады. Оқушылардың арасында бәсекелестік туады. Өз ойларын ашық айтып көпшіліктің пікірімен санасуды үйренеді. Сыныпқа топтық тапсырмалар берген кезде, топтар арасында бір бірімен бәсекелестік туындаған сәтте оқушылар ортақ бір мәмлеге келіп, ортақ шешімге тоқтайды. Топтар бірлесе отырып, кең ауқымды пікір айтады. Сонымен қатар өзіне айтылған сыннан нәтиже шығаруға тырысады. Оқушы берілген тақырыптан ауытқымаса, сол сабақтың деңгейінде қызығушылық тудырған мәселеге көшіп жатса, олардың қалайда сол тапсырманы орындау шеберлігіне мән беремін. Бұл білім алушылардың басқа топтарға қарағанда тапсырманы орындаудағы ерекшелігі болды. Оқушылар сергіту сәттерінде және тапсырмаларды орындауда кейбір топ мүшелерінің қызықты жауаптарында өздерінің қуанышты сәттерін жасыра алмайды. Өздерін еркін ұстаған жағдайда ғана оларда өзіне деген сенімділік қалыптасады.

Тізбектелген төрт сабаққа жеті модульді ықпалдастыра отырып орта мерзімді жоспар жасадым. Орта мерзімді жоспардағы бірінші сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасап сабақ өттім.Алғашқы сабаққа жоспар жаңаша жасалса да ,сабақ дәстүрлі сабаққа жақын өтті. Сабақты бейнетаспадан көру арқылы өз сабағымдағы көптеген кемшіліктерімді байқадым. Сабақта өзімнің көп сөйлегенімді байқадым. Балаларды топта дұрыс ынтымақтастыра алмағанмын.Бағалау кезінде шынайылықтың болмауы,көтерме баға қою сияқты шектеулі факторлар болды. Бірақ сабақ балаларға ұнаған, «апай сабақты ертеңде осылай өтейікші» деп сабаққа қызығушылық танытты.

Келесі екінші сабақта осы кемшіліктерді болдырмас үшін, « оқушылардағы кемшіліктерді жою, оқушыларды сабаққа қалай ынталандырамыз, мазмұнды оқуды қалай ұйымдастырамыз»деген тақырыпшаларды қайталап шықтым. Келесі сабаққа жоспар құрдым.Келесі сабақта алдыңғы сабаққа қарағанда,оқушыларда да, өзімде де алға ілгерілеу болды. Оқушылар топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта бастады. Бірлескен жұмыстардың оқушылар үшін, мұғалім үшін де пайдасы бар екенін түсіндім. Менің сабақ жоспарын құруда көп ізденуіме тура келді. Өйткені оқушыларымның сабаққа ынтасының артуы, менің сабақты түрлендіріп өтуіме құлшынысымды арттырды. Себебі еткен еңбегіңнің жемісін көру қандай қуаныш. Келесі сабақтарда оқушыларымның сабаққа қызығушылығы арта түсті.Олар оқудан ләззат ала бастады. Келесі сабақтарды асыға күтетін болды. Балалар қызық сабақтарды үйде де айтатын болды.

Ата-аналар тарапынан да қызығушылық туындай бастады.

Оқушыларымның ата-аналарының сабаққа қызығушылық танытуы маған ой салды. Бағдарлама идеяларын ата-аналарға қалай жеткізе аламын.? Олар ауызша айтқанмен түсіне бермейді. Сондықтанда оларға балаларға пайдаланған әдістерді кіріктіре отырып, жоспар құрдым. Тақырып: «Мектеп, отбасы және бала » деп аталды.Ата -аналарды түстер бойынша екі топқа бөлдім. Бірінші тапсырма жоба қорғау болды.Оларға «бала сіз үшін кім?» деген сауал тасталды. Бұл сауалға жауап бермес бұрын бейне жазбалар көрсеттім. Оқушыларды, өз аналары туралы айтқан ойлары болды. Ата - ана үшін күтпеген жағдай болды. Кейбір аналар көздеріне жаста алды. Бұл жұмысты топ болып орындайтынын тапсырдым.Әр топ бір -біріне баға беретінін ескерттім. Ата-аналар арасында да белсенді ата -аналар бар екенін байқадым.Олар да топты алға тартып, көшбасшылық танытып отырды. Келесі өткен тренингім арқылы ата-аналарды сыни ойлауға жетеледім. Оларға «Мінсіз мұғалім қандай болу керек?» тақырыбында болды. Бұдағы мақсатым ата-аналар мұғалім туралы пікір болу еді. Ата-аналар тапсырманы орындады. Ал осы жасаған жұмыстарыңды қорытындылап, түйінді ой айтыңдар деп тапсырдым. Ата-аналар «не айтамыз, бірнәрсе айтсаңдаршы» деп пікірлесіп жатты. Ата- аналарға көптеген тренингтер өткізілді. Өткізу барысында топпен бірлесе отырып орындады. Бірлескен жұмыстың пайдалылығын түсінді. Жасалған жұмыстың әрбіріне топпен баға беріп отырды.Ата-аналар бір- біріне екі жұлдыз, бір ұсыныс айтты. Қорытындысында жалпы жүргізілген жұмыстан алған әсерін шығу парағына жазды. Барлық ата-аналар жұмысқа жақсы баға берді. Ата-аналарға жаңа бағдарлама бойынша сабақ осылай өтетінін түсіндірдім.

Мектептегі әріптестерімде « не оқып келдің, қандай оқу, қиын ба?» деп сұрап жатыр.

Мен оларға «Асықпаңдар,оқу қиын, бірақ алар нәрсе көп, оны сіздермен жұмыс өткізу барысында түсіндіремін» деп қызықтырып қойдым. Әсіресе мектептегі жас ұстаздар «Апай бізге жұмысты қашан өтесіз ,сабақ соңында өтіңізші, біз сабақта болып көре алмай қалмайық» деп қызығушылық танытып жатты Әріптестер көңілінен шығу үшін жұмысты қызықты, мәнді қылып өткізуді мақсат тұттым.

Мұғалімдермен «Оқудағы жаңа тәсілдер » тақырыбында семинар ұйымдастырдым. Семинарға қатысқан мұғалімдерді екі топқа мақсат ағашы арқылы бөлдім . Бірінші сындарлы оқу туралы таныстырылым жасадым, бейне жазба көрсеттім дәстүрлі оқу және заманауи оқу туралы. Осы бейне жазба аясында екі топқа постер қорғауға тапсырма Семинардың келесі кезеңдерінде тренингтер өткізіліп, сауалнамалар алынды. Семинар соңында «осы бағдарлама несімен ұнады? Алған әсеріңді шығу парағына жазыңыздар»деп сұрадым. Мұғалімдерге семинардың ұйымдастырылуы ұнаған, «біз көп әсер алдық, бұл бағдарлама идеясы жақсы» деп қолдап жатыр. Менің өзгергенімді әріптестерім айтып жатыр.

Тағы бір айта кететін жай осы бағдарлама негіздерін сыныптан тыс жұмыстарда да пайдаланған тиімді. Бұрын тәрбие сағаттарында өзіміз дайын жаттауларды, дайын мәліметтерді өзіміз жазып, жаттап келіңдер деп тапсыратын едік. Ал тәжірибе кезінде сыныптан тыс жұмыстарда да жеті модулді ықпалдастыра отырып өткізуге болатынына көзім жетті.

Оқушыларға қойылған сұрақтар мен олардың жауаптары

1. Жаңаша оқыту барысында кез келген сабақ сұрақтар қоюдан басталады. Сұрақ дұрыс қойылғанда ғана сабақ берудің маңызды құралы болмақ. Сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады. Оқушының шынайы қызығушылығын дамытады. Іс әрекеттерін шоғырландырады. Қойылған сұрақтар жүйелі, тақырыпқа сай, оқушылардың жас ерекшелігін ескеретіндей болуы қажет.

2. Менің оқушылар тарапынан алған дұрыс емес жауаптарына деген әрекетім әр кезде әр қалай. Кейде баладан дұрыс жауапты алу үшін нұсқау бере отырып, сұрағымды басқаша түрде қайталап беремін. Ал, кейбір жағдайда басқа оқушылардың көмегіне сүйеніп, балаға дұрыс жауапты айтуға ықпал жасаймын. Баладан мүлде жауап болмағанда, дұрыс жауаптарды ұсыну арқылы білімін толықтырамын.

3. Балалардың тапсырмаларды орындау барысында өз жауаптары арқылы білім алуына үнемі қолдау жасап отырамын. Жаңа деңгейде өткізген сабағымда оқушылар өздігінен білім алып, өздеріне баға беру арқылы деңгейлерін анықтап отырды.

4. Сабақ үстінде білім алушыға қойылатын сұрақтар олардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін беріліп отырғанын мұғалім әрдайым ескеруі тиіс. Ашық және жабық, қалың және жұқа сұрақтар нақты, баланың миын қатырмайтындай болуын үнемі естен шығармаған жөн. Сабақта сұрақтар қою арқылы баланың өз бетінше білім алуы маңызды болғандықтан дәстүрлі сабақ жүйесіне қарағанда сұрақ қоюға деген түсінігім түбегейлі өзгерді.

Түсіну дәрежесін бағалау.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім-информатор, бақылаушы десек, жаңа оқыту жүйесінде балаға бағыт бағдар беріп, өздігінен білім алуына ықпал етуші күш деп түсінемін. Берілген жүйелі сұрақтардың жауаптары негізінде оқушының білімін бағалау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Өзінің жұмысына талдау жасау арқылы бала өзінің білімін бағалайды. Бұған сабақта алынған Блум таксономиясы дәлел болады.

Бірінші сабағымда қойылған сұрақтарға жауап беруде топтағы оқушылардың көпшілігі

2-3 оқушының көлеңкесінде қалып кеткенін байқадым. Келесі сабағымда осы қателікті жою үшін сұрақтарды жеке оқушыларға таратып, әр оқушының деңгейлерін жеке анықтадым.

Сыныптағы кейбір жекелеген оқушылардың білімін айқындау үшін сұрақтарды әр түрлі деңгейде құрастырдым.

Кейбір тапсырманың сұрақтары оқушылардың деңгейіне орай жасалады. Бұл көбіне жеке тапсырмаларды орындауда көрінеді. Мысалы, деңгейлік тапсырмалар. Бірақ менің практикада өткізген сабағымда сұрақтар барлық топ мүшелеріне ортақ қойылды. Мені таңқалдырғаны, барлық топтың жауаптарында оқушылардың деңгейлері шамалас болды. Бұны мен оқушылардың білімге деген бәсекелестігінен, яғни басқа топтардан төмен баға алмау үшін бар ынтасымен сабаққа ат салысқандығы деп түсінемін. Оқушыларға сұрақтар қойған кезде пәнаралық байланысты да ұмытпаған жөн. Сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қоюдың көп пайдасы бар. Оған дәлел Блум таксономиясындағы бағалауда оқушы тапсырманы өмірден алып құрастыруға қалыптасады.

Берілген сұрақтардың жауабын алу үшін оқушыларға орындалатын тапсырманың түріне қарай уақыт беремін. Қорытынды тест сұрақтарын дайындағанда, бір сабаққа сиятындай етіп, жас ерекшеліктерін ескере отырып жасағандақтан, уақытында жинап алуға тырысамын. Топтық тапсырмалар бергенде сұрақтардың түріне қарай әр тапсырмаға 3-5 минут уақыт беремін.

Жауап алу үдерісін бағалау үшін бағалай алатындай интерактивті тапсырмалар беру, оқушылардан тақырып идеясы туралы ойлар мен сұрақтар топтамасын дайындау керек. Жауап алу үдерісін бағалаудың шынайы болуы үшін ашық және қалың сұрақтар берілуі тиіс. Жауап кезекті пікірталас ретінде енгізіліп, сабақта енжар араласып отырған оқушының қызығушылығын оятуы мүмкін. Ережелер оқушылардың есінде сақталуы үшін жауаптарды бірнеше рет оқушылардың өздеріне қайталату, бүгінгі жауаптардың ертеңгі сабақпен ұштастырылуын қамтамасыз ету керек. Мұғалім тарапынан дұрыс емес жауапты берген оқушының көңілін түсірмейтіндей мадақтау жасап отыру, және жауапты түзетіп жеткізу керек.

Мен 5-сыныпты таңдап алдым. Алғашқы бірінші аптамда осы сыныпты зерттеуге көштім. Оның ішінде А,В,С деңгейіндегі балаларды зерттедім. Бұл үш деңгейіндегі оқушыларым дарынды қызым Бурабай Венера ,Пысық Жеткерген Дәулет , тентек Талант есімді оқушыларым болды. Бұл оқушылардың ата - аналарынан бейне жазба, сауалнама алуға келісімдерін алдым. Бұндағы мақсатым ата-ана тарапынан келіспеушілік болмау. Осы оқушыларға тоқтала өтсем, Бурабай Венера жартылай жетім, яғни анасы қайтыс болған. Татесінің қолында тәрбиеленіп жатқан қыз бала. Венераға әлеуметтік ортасы көп әсер ете бермейді. Венера қызым өте дарынды оқушы. Кез келген сабақты жақсы , тиянақты меңгереді. Егер сабақ қызықсыз болып жатса,өзімен - өзі отыра береді. Бұнын себебін сұрағанымда былай деп жауап қатты « мен басқа оқушыларға кедергі жасағым келмейді, мүмкін оларға қызық болар , мен келесі өтпеген тақырыпты оқып отыра беремін деді» бұл сөздің астарында көп мағына жатқандығын түсіндім. Болашақта Венера өте дарынды тұлға болатына сенімдімін. Енді Дәулет пен Талантқа тоқталар болсам, бұл екеуі бір отбасынын балалары . Дәулет өте пысықта ал, Талант өте тентек бірақ ақылды. Осы екуіде дәстүрлі сабақ болған жағдайда өз беттерінше басқа нәрсемен айналысып отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Екінші аптада менің сабағымда алғашқы күннен бастап Таланттын белсенділігі ашылды. Сабаққа белсене араласты. Бір қызығы Талант пен Дәулет әр сабақ сайын топтын құрамын өзгертіп отырғанымда екеуі бір топқа келуі болды. Екінші күнгі сабағымда мынандай жағдай болды. Талант пен Дәулет бір топқа қайтадан түсті, содан соң сабақ барысында постермен жұмыс болып жатқан кезде, Таланттын жылап отырған көрдім. Бұнын себебін білу мақсатында жандарына бардым, Талантқа Дәулет сурет салдырмапты, содан кейін өзімдегі суреттерді беріп осымен жұмыс жасауын өтіндім, Талант бірден көңілденіп жұмысын жалғастырды. Осындай менде қызықты сәттер кездесті. Бұл екі оқушыны қызықтыру үшін , сабақ үдерісін түрлендіре отыру керек екенін білдім.

Сабақ берудегі тәсіл: «Серіктестермен әңгімелесу»

Жаңа әдіс - тәсілдерді сабаққа енгізе отырып, сыныпта топпен жұмыс жасау сөйлемейтін оқушыны сөйлетуге оңайырақ болды . Мектептегі практика кезінен мысал келтіретін болсам, орташа деңгейде оқитын, сабақ барысында сөйлемейтін Саят есімді оқушы бағалау кезінде өзінің шеберлігін көрсетті.

Бұл стратегия сабақтың мақсатын қоюға, кеңейтілген тапсырмаларды пайдалануға тиімді. Бұл стратегияны қолдану ыңғайлы. Себебі, сөздік қорды молайту, өз ойын сауатты түрде жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Осы стратегия оқушылардың идеяларын білдіруге көмектеседі. Оқушы өз пікірін білдіргеннен кейін, біз талаптарға сай жоспар жасаймыз. Оқушылардан қызықты, күтпеген жауаптарды ала аламыз

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сабақ - педагогикалық үдерістің жасушасы. Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу - тәрбие процесінің барлық элементтері - мақсат, мазмұн, құралдар, әдістер, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. (Скаткин М.,1998).

Қазақстандық педагогикада әртүрлі жастағы балалар үшін білім сараланып тек шағын жинақты мектептердегі парлап оқытуда ғана қаралған. Сондықтан рефлективті есепті талантты немесе дарынды балаларды сараптап оқытуға арнасам.

Мұғалімдердің «белгі тағудан» бас тартуының себептерінің бірі бұл өзіне деген сенімді бәсендетеді, бәсекеге қабілеттілік сезімін төмендетеді, болашақтан күтетін арман-үміттерін жояды деп ойлайды. Мұғалімнің оқушы мүмкіндіктерінің өзгеру дәрежесіне сенімі сыныптағы жағдай мен оқушының қабілетіне және білім алу ниетіне ықпал ететін ақыл-ой ахуалы (когнитивті, эмоциялық, әлеуметтік) арасындағы байланысты түсінуі арқылы қуатталады.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Мұғалім және оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін;Мәселен, әртістік,спорттық,музыкалық және басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс - тәсілдерді қолдандым.Оқушының отбасылық жағдайын ,шығармашылық қабілетін анықтау,сауалнамалар алу арқылы.Дарынды оқушыға қолдау көрсетіп отыруы керек.Қабілетіне қарай іс - шаралар ұйымдастыру,ақпараттандыру,жинақтау,қажетіне қарай жағдай туғызу арқылы.

Жалпы бұл бағдарламаның мен үшін берері көп. Оқыту мен оқуға өзгеріс әкелген бұл бағдарламаға, яғни оны құрушыларға айтар алғысым шексіз. Өйткені мен және менің оқушыларым осы бағдарлама аясында өзгеру үстіндеміз.



© 2010-2022