Етістіктің келер шағы

Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б. Келер шақтың 3 түрі бар: 1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.          М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді. 2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін. 3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәріс сабақ


Етістіктің келер шағы

(Будущее время глагола)

Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.

Келер шақтың 3 түрі бар:

1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді.

2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін.

3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.

1-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?

2-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).

3-тапсырма. Келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты - киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді (М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).

4-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

5-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).

6-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,

У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.

Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,

Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,

Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.

Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», - деген менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, оның ұрпағы да әке жолын қуар.


© 2010-2022