Аралас-құрмалас сөйлем

Аралас  құрмалас сөйлем  тақырыбын оқыту  бағдарлама бойынша екінші курста қарастырылған. Бұл сабақта оқушыларға  аралас  құрмалас сөйлем  туралы мағлумат беріледі. «Ана тіліне» деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оқушыларды іздендіре отырып, оқу еңбегінің түрлері мен тәсілдерін үйрету арқылы оқушы бойындағы іскерлік пен дағдыны дамыта түсу. Оқушыларды жеке және топпен ұжымдық жұмыс істеуге баулу. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақта  сауатты жаза білу мен дұрыс с...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемАралас- құрмалас сөйлемСабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, құрамындағы жай сөйлемдердің қарым-қатынасын меңгерту.

Дамытушылық. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, өз ой - өрісін жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік. Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың типі: қиыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, қиықшалар.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: жаңғарту (репродуктивті), эвристикалық (іздендіру), сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, жаттықтыру.


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Отырғызу.

а)Сабақтың мақсатын хабарлау.

ә)Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

б) Дыбыстық талдау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Ережені сұрау.

III. Жан-жақты білімдерін тексеру:

IV. Жаңа тақырып:

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?

3.Салаласа байланысқан құрмаластың түрі қандай болады?

4.Салаласа, сабақтаса байланысуына қарай құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

5.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

6.Салалас құрмалас сөйлем қалай байланысады?

7.Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай, салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

1.Талғаулы салалас

2.Түсіндірмелі салалас

3.Қарсылықты салалас

4.Себеп-салдар салалас

5.Ыңғайлас салалас

6.Кезектес салалас


  • Салалас құрмалас сөйлем қандай тыныс

белгілері арқылы жасалады?

Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық қатынасына қарай неше түрге бөлінеді?

Сабақтас құрмалас сөйлем қандай тыныс белгілері арқылы жасалады?

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады?

Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

Сабақтас сөйлемдер құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің басыңқы сөйлемдерімен мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1.Қарсылықты бағыныңқы

2.Себеп бағыныңқы

3.Мезгіл бағыныңқы

4.Қимыл-сын бағыныңқы

5.Мақсат бағыныңқы

6.Шартты бағыныңқы

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады?

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

1. Шартты рай

-са, -се

Қайтсе?

(Не етсе?)

/............./

тыңдаса,

/_ _ _ _ _ /.

2. Көсемше

-ма + й

(-ме + й)

-майынша

(-мейінше)

Қайтпей?

(Не етпей?)

Қайтпейінше?

(Не етпейінше?)

/…………/

таппай,

/_ _ _ _ _ /.

/…………/

үйренбейінше,

/_ _ _ _ _ /.

3. Есімше

-ған + да

(-ген + де)

Қайткенде?

(Не еткенде?)

/…………/

болмағанда,

/_ _ _ _ _ /.


  1. Бағыныңқы жақ: Басыңқы жақ:

са _________________ түсінеді

Айт қан+да _______________ түсінетін еді

па+й (ынша) __________ түсінбейді

II. Бағыныңқы жақ: Басыңқы жақ:

са да _________________ түсінген жоқ

Айт қан+ша _______________ түсінсең еді

қан+мен+де ____________ түсінер емес

қанына қарамастан _____ түсініп алды

Жаңа сабақ.

Мысалы:

1.Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

2.Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.

Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

3.Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді - ат етпетінен түсті.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай,

Жас қуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дәулетің

Жасыл шөбі қуармай,

Жарқырап жатқан өзенің

Жайдақ тартып су алмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырым-ай!

Абай Құнанбаев.

Мынау кім?

Қай жылы, қай жерде туылды?

Қандай еңбектері бар?

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

Тест тапсырмалары:

1.Аралас құрмалас сөйлем, құрмалас сөйлемнің нешінші түрі?

А) 3. Ә) 2. Б) 1.

2. Аралас құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен тұрады?

А) 5. Ә) 3. Б) 1.

3. Аралас сөйлем әрдайым бағыныңқы болып келе ме?

А) иә. Ә) жоқ. Б) мүмкін.

4. Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасын көрсет.

Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.

А) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Ә) басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.

Б) бағыныңқы, бығыныңқы, басыңқы.

Үйге тапсырма:

Ереже жаттау.



© 2010-2022