Шешендік шиырлары

Бағдарламадағы дидактикалық материалдардағы тапсырмалар үш деңгейді қамтиды. I- деңгей орта, II-деңгей ортадан жоғары және III- деңгей жоғары.  Күрденеліп берілген мәтіндерді игертуге арналған тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қысқаша әңгімелер мен мәтіндерді түсіне алады. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді өзара байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Тапсырмалар бір-бірімен сабақтасып оңайдан күрделіге, жеңілден қиынға қарай түрленіп отырады. Тапсырмалар бағдарламадағы...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тапсырмалар:

3-деңгей

1. Мақалдардың мән мағынасын ашып, тілге байланысты он мақал жазыңыз

2. Бір мақал негізінде сөйлемдер құраңдар.

3.Мақал- мәтелдерді жаттаңдар.

2- деңгей

1. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер. .

2. Ақын, жазушылардың «Тіл туралы» бір өлеңін жатқа білу

1-деңгей

1. Тіл құдіреті туралы өз ойларыңызды тұжырымдап жазыңыздар.

Шешендік шиырлары

1. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 2. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады. 3. Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз. 4. Жақсы лебіз-жарым ырыс. 5. Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 6. Шешеннің сөзі ортақ.

Шешен сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары - мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы жаттығып, теңеледі. Халықтағы: «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды. Бір айтпаса нақылды, ақылсыз айтпайды», - деген тұжырым содан шыққан. (М. Базарбаев.)

Асан қайғы, Жиренше Уатқан бізді баба тіл.

Сөйлеп өткен қазақ тіл. Осы тілді жек көрген

Жәнібек пен Қойлыбай Дүниеден қалар құр.

Сыйлап өткен ғажап тіл. Бағаласаң шынымен

Ата-анамыз әлдилеп, Баба тілі асыл-дүр.

(Қожаберген жырау)

Шешендік нақылдар мен толғаулар - ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Ана тілімізді терең меңгерем, оның астарлы сырына үңілем, шешендік өнерден тәлім алам деген оқушы - ауыз әдебиетінің осы бір ғажайып туындыларын тұшына оқитыны, оын шөліркей күтіп отыратыны даусыз.

(«Шешендік шиырлары» кітабынан.)



© 2010-2022