Сабақтың тақырыбы: Қазақ өміріндегі қоғамдық жағдайлар және Абай афоризмдерінің туу себептері 9сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қазақ өміріндегі қоғамдық жағдайлар және Абай афоризмдерінің туу себептері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абай шығармаларында афористік сөздердің болу және мол болу себептерін түсіндіру, ХІХ ғасырдағы қоғамдағы әлеуметтік жағдай;

Дамытушылық:Оқушылар Абай шығармаларындағы өсиет сөздер, дидактикалық -философиялық жанр , тілдік -стильдік тәсілдерді меңгерту;

Тәрбиелік:Ұлы ақын поэзиясындағы өзекті бір сала дидактикалық жанр арқылы адамды адамгершілік, эстетика ,этика,моральдық тұрғыдан тәрбиелеу

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Сұрақ қою арқылы өткен кіріспе сабақты пысықтау:

  1. Абай және оның туып өскен ортасы

  2. Абай өлеңдерінің тақырыбы

  3. Абайдың қара сөздері және шығу тарихы

Ә)«Абай - қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.

ІІІ.Жаңа тақырып: Қазақ өміріндегі қоғамдық жағдайлар және Абай афоризмдерінің туу себептері

1.Афоризм дегеніміз не?

Афоризм - қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі ой.

2.Абай афоризмдері және оның туу себебі?

Әуезов ғылыми және әдеби-көркем шығармашылық еңбегінде Афоризмге үлкен мән беріп, оны жинауға ерекше көңіл бөледі. Ол ертедегі билер, шешендер, ел арасындағы көнекөз қариялар немесе әлем әдебиетінің белгілі майталмандары айтқан Афоризм сөздерді жадында сақтаған, қажеттілерін хатқа түсіріп алып отырған. Солардың бірқатары баспасөз бетінде, жазушының 20 томдық шығармалар жинағында «Есте болар сөздер» деген тақырыппен жарияланды, енді біразы жазушының мұрағатындасақтаулы. Әуезов афоризмді жинаумен қатар, оның жанрлық сипаты, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері, сөз өнерінің өзге жанрының поэтикалық жүйесінде пайдаланылуы мен атқаратын көркемдік қызметі туралы да маңызды байымдаулар жасаған. Афоризмнің, оның басты поэтикалық қасиеттерінің ақындар айтысында, шешендік өнерде пайдаланылу жолдары мен олардың көркемдік-эстетикалық қызметі жазушының бірнеше зерттеу мақалаларында көрсетілген. «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты монографиясында «бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінесе афоризм боп қалыптасқанын» айта келіп, Афоризмнің өр түрлі жайлардан «түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар» екенін атап көрсетеді.

«Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» - «Мектеп» баспасынан 1968 ж. жарық көрген, авторы - Қ. Өмірәлиев.Кітапша «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану туралы», «Ақынның нақыл сөздері», «Абай афоризмдерінің туу негіздері жайында» деген 3 бөлімнен турады. Көмекші құрал әр класта өтетін Абай өлеңдері мен ғақлияларында кездесетін нақыл сөздерді шәкірттерге қалай түсіндіру және оларды басқа ақын-жазушылар шығармаларымен байланыстыра оқыту әдістерін ұсынады. 2-бөлімге жинақталған Абайдың нақыл сөздері «Педагогика. Мораль», «Психология. Этика», «Философия. Этика», «Эстетика. Әдебиет» деген жеке тақырыптарға топтастырылға

Ар-намыс, ұят туралы

  • Нысап пен ұят әділеттен шығады.

  • Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.

  • Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.

  • Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар.

  • Арсыз болмай - атақ жоқ.

  • Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.

  • Арыңды сатып тапқан мал - харам.

Абайдың адамдық, жастық, еңбек туралы айтқан ұлағатты сөздерін ұсынамыз.

  • Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...

  • Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

  • Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.

  • Адамзатқа не керек:

  • Сүймек, сезбек, кейімек.

  • Харкет қылмақ, жүгірмек,

  • Ақылмен ойлап сөйлемек.

  • Атымды адам қойған соң,

  • Қайтып надан болайын.

  • Бес нәрсеге асық бол...

  • Талап еңбек, терең ой,

  • Қанағат, рақым, ойлап қой -

  • Бес асыл іс көнесеңіз.

ІV. Үйге тапсырма:

Афоризм.Абай афоризмдері және оның туу себептері.






© 2010-2022