Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов Лашын (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 11,12.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Лашын»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға С.Мұқановтың өмірі жайлы түсінік беру, «Өмір мектебі» романынан үзінді туралы түсінік беру

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.

Білім тексеру сұрақтары:

1.Оқудан келген Абайдың жасы нешеге толды? (13 ке)

2.Абайдың портретін әңгімелеу? Тауып оқу?

3.Өзге балалардан бөлек бір дос тапты. Ол кім? Шебер әңгімешіл екенін қалай байқады?

3.Әжесінің Абайға айтып берген әңгіме,ертегі, жырларын ата?

4.күндердің күнінде бөгде қонақтар келді? Олар кім?

5.Абай қай қонақты танушы еді? Ал қарт қонақты Абайға кім таныстырды?

6.Барластың портреті айтып бер?

7. «Қобыланды батыр» жырын кім жырлады?

8. Барлас пен Байкөкше Абайдың үйінде неше күн қонақтады?

9.Шырағым , ержетерсің,

Ержетсең,сірә ,не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің,- деген өлеңді Абайға қай жыршы айтты?

10.Шығарып салып тұрып сыйға не берді?

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сәбит Мұқанов «Лашын»

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Лашын (5 сынып)

Сәбит Мұқанов

(1900-1973)

  • қазақтың әйгілі жазушысы,ақын.

  • қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері,

  • Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген..Сәбит молдадан оқып, сауат ашқан. Дарынды жастың қолына Абайдың, татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың кітаптары түседі. Абай мен Тоқайдың даналық ойлары, асыл сөздері талапты жастың ой-қиялына ерекше әсер етсе керек.Өйткені Сәбит өлең жазуға ертерек әуестенеді. Омбы қаласындағы мұғалімдік оқуды оқыған кезден бастап әдебиеттің үлкен жанрларына қалам тартады.

Әйгілі «Сұлушаш» поэмасын, бірнеше дастандарын жазып, шығармашылық жолға біржолата бет бұрды. «Өмір мектебі», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» , «Балуан Шолақ», «Ботагөз» сияқты роман, повестер жазып, қазақ әдебиетін үлкен биікке көтеріп кетті.

1973 жылы дүниеден озды.

Лашын («Өмір мектебі» романынан»)

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Лашын (5 сынып)

Лашын (лат. Falco peregrinus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс -Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда,

Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 - 50 см, қанаттары жайылғанда 90 - 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 - 800 г, ал ұябасарынікі - 540 - 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.[3] Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 - 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 - 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996)

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Лашын (5 сынып)

Атбегілік

Таза қанды салт мінетін жылқыЖылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік), Атақты Толыбай сыншыдан бастап, Оңтүстік Қазақстанда ғұмыр кешкен Мақұлбек, Жетісуда ғұмыр кешкен Бақай сынды атбегілер туралы аңыздар әңгімелер халық жадында сақталып қалған.

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Лашын (5 сынып)

Құсбегілік бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет - ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет - тілдес екен бар құспен»,- деген сөз-дер бар

Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Лашын (5 сынып)

Дабыл-шеңберлеп иген ағашқа сірістіре керген, кептірген тері. Оны қамшының сабымен қаққыласаң, күңгірлеген даусы маңайды шулатып жібереді.

Қазақ халық өлеңінде «Құс салып ,айдын көлді дабылдаттым» дейтін дабылы осы

Лашын («Өмір мектебі» романынан)

Шығарманың тақырыбы

Лашын

Әңгіменің тақырыбы:

Саятшылық өнер

Негізгі ойы:

Ата кәсіп құсбегілікті дәріптеу

Оқиғаның басталуы:

Балтабай ауылы .Құсбегі Ахмет

Оқиғаның дамуы:

Ахмет Лашынының мүсіні

Оқиғаның шиеленісуі

Ахмет Лашынының өнері :1)Үйрек алу 2)Қаз ілу 3) Дуадақпен айқас

Шарықтау шегі

Сәбит пен Ахметтің саятшылыққа шығуы

Шешімі,Қорытындылау

Есте қалған сол бір ерекше күн


2.Шығарманы мәтін бойынша бөлімдерге бөлу.

  • Балтабай ауылында

  • Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен, құсбегілікпен айналысатыны

  • Ақмет лашынының сипаты

  • Ақметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері.

  • Лашынның үйрек алу тәсілдері.

  • Дабыл қағудың мәнісі.

  • Лашынның қазды алған кездегі амалы.

  • Лашынға қарсы дуадақтың көрсеткен қайраты.

  • Құс салудың ең дұрыс мезгілі.

  • Құстардың таң ата жайылуға шығуы.

  • Құстардың қойған қаруылына көрінбей, етіртпей баруы.

  • Дабылдау, құстардың айналып ұшуы.

  • Лашынды жіберу.

  • Саятшылық - өмірдің бір қызығы.

Кейіпкер

Портрет

Теңеу

Балғабайдың Ахметі

Көк көзді, шабдан мұртты, ақсұр, қушық бетті, түрі орстан айырып ала ала алмайсың.

Кәсібі-атбегілік пен құсбегілік

Лашын

Денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын ,маңдайы жайпақтау, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылттау қияғының өткірлігі ұстарадай, көздері мөлдіреген қарақаттай қап-қара, томпайған, жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, тұяқтарының ұштары егілген біздей өткір, құйрықтары сауысқандай ұзынша, қара сұр,қара қоңыр түсті

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап:

1. Бұл шығарма қай ауылға байланысты жазылған?
2. Балтабай ауылындағы Сәбит Мұқановтың ерекше жақсы көретін адамы кім? Ол немен айналысты?
3. Лашын қандай құс?
4. Ахмет лашынын салуға қай мезгілде шығатын еді?
5. Құс салатын адамның құралы не? Ол не үшін қажет?
6. Лашын қандай құстарды алады?
7. Лашынның құс алудағы бір-бірінен ерекшелігі қандай?
8. Лашынға алдырмайтын құс не?
9. Құстың отқа шығатын мезгілі қай кез?
10. Құстың қандай сезім мүшесі ерекше дамыған?
11. Сәбит Мұқановқа құс салу несімен қызық болды?

Сабақты қорыту:

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру.

  1. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.






© 2010-2022