Қазақ халқының музыкалық аспатары тақырыбында өткен ашық сабақ

Открытый урок в седьмом классе прошел по технологии критического мышления.   Были использованы формативное и суммативное оценивание, ИКТ, диалогическое обучение, учитывалась работа со способными и с низкой мотивацией учащимися, использовалась работа в группах. Для развития речи применялось аудирование. Урок -закрепление модульного материала по теме "Музыкальные инструменты казахского народа". Продолжалась работа по грамматическим темам. Уроки такого плана помогают в развитии речи учащихся, закре...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Георгиевка орта мектебі» КММ



7 «А» сыныбында

«Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары» тақырыбында өткен ашық сабақ үлгісі





Өткізген : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. С. Даулетова





Қалбатау ауылы, 2015 жыл

Мақсаты:

1.Білімділік: бейнетаспадан күй, жаңа мәтінді тыңдап, слайд - презентация қолданып, топта, жұптағы жұмыстар, рефлексия арқылы тақырыпты пысықтап, қорытындылау; өткен тақырыпты қайталап, нәтижесін шығару,

2.дамытушылық: фонетикалық, синтаксистік талдау жасауларын қалыптастыру, оқушылардың еркін сөйлеп, ойларын айтуға кері байланыс, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру;

3.тәрбиелілік: халқымыздың салт - дәстүрін қадірлеуге, мәдени мұрасын сақтауға оқушы үлесін қосып, топта бірлесіп жұмыс істеп, конструктивті ойға келуге жағдай жасау.

Көрнекілігі: бейнеролик, «Адай» күйінің аудиожазбасы, «Халық музыкалық аспаптары» тақырыбына слайд - презентация, музыкалық аспап - домбыра, жаңа мәтіннің аудиожазбасы, үлестірме тапсырмалар, флип - чарттар, стикерлер, фломастер.







Сабақ барысы:

І. Ой шақыру кезеңі: Құрманғазының күйі «Адай», интерактивті тақтада Қазақстанның әсем табиғаты, Астананың көріністерін бейнелейтін сюжет.

ІІ. Оқушылар тыңдалған күй, оның авторы, ойнаған ұлттық музыкалық аспап жөнінде жауаптар береді. Құрманғазының бақа да күйлерін атайды.

ІІІ.1. Мұғалім домбраны көрсетіп, оның құрылымы, түрлері туралы оқушыларды әңгімеге шақырады.

Сол кезде ақын Қадыр Мырза Әлідің «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп айтылған сөздері ,


- Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. ( Қасым Аманжолов өлеңінің жолдары оқылады).

2. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтау.

ІV. Қайталау.

Слайд - презентация арқылы қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының қандай түрлерге бөлінетіні, ол түрлеріне қайсылары жататыны айтылады:

ішекті: домбыра, шертер, жетіген, қобыз;

үрмелі: сыбызғы, саз сырнай, қамыс сырнай, үскірік;

ұрмалы: асатаяқ, дауылпаз, адырна, қоңырау.

V. Мәтінмен жұмыс .

Алдын - ала сөздік жұмысы орындалады: аспаптық музыка, шертер, әуен - саз.

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй - аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары, мысалы, «Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан», тарихи оқиғалар («Адай», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат») суреттеледі.

Қазақтың атақты күйшілері: Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Махамбет, Ұзақ, т. б.

Домбыра - қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар.

1) мәтінді итерактивті тақтадан аудио - бейне түрінде тыңдау;

2) мазмұны бойынша сұрақтар қойылады;

3) мәтіннің мазмұнын оқушылар әңгімелейді;

4) мәтін парақшаларда таратылып, оқушылар мазмұнын оқиды;

5) жұпта мазмұны тағы да айтылады.

( оқушылар бағалау беттерде бір - біріне берілген критерий бойынша ұпай қояды)

VI. Грамматиканы қайталау - ( ауызша берілген үй тапсырмасы).

  1. Блиц - сұрақ қолдану. ( Сөйлем мүшелері, дауысты, дауыссыз дыбыстар).

  2. Талдаулар орындау:

а) фонетикалық: күйшілер, қобыз

ә) синтаксистік:

Қазақтың атақты күйшілері мазмұны терең күйлер шығарған.

Оқушылар мереке күндері мектеп сахынасында ән айтады.

VI. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топта келесі тақырыптар бойынша постерді қорғауға жұмыс жасайды:

Қазақ халқының музыкалық аспатары тақырыбында өткен ашық сабақ

  • «Қазақ халқының музыкалық аспатары»;

  • «Әуес ісім -ән айту».

Қазақ халқының музыкалық аспатары тақырыбында өткен ашық сабақ

VI. Спикерлер постерлерін қорғайды. Постерлер оқушылармен стикер арқылы бағаланады.

Қазақ халқының музыкалық аспатары тақырыбында өткен ашық сабақ

VIІ. Рефлексия «Блоб ағашы». Әр оқушы сабақтағы өз біліміне сеніп, ағашта өз орнын белгілейді.

VIІІ.Қорытынды. Бағалау, үй тапсырмасы.



© 2010-2022