План урока по казахский язык на тему Дауысты дыбыстарды қайталау 5-класс

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шұбар» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Дауысты дыбыстарды қайталау»









Дайындаған: Тажибаева Ж.А

Сыныбы: 5 «А»







Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарды қайталау .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Оқушылардың фонетика саласы бойынша,дауысты дыбыстардан алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету.

Тәрбиелік:

  • Адамгершілікке, инабаттылыққа, әдептілік пен ұжымдыққа тәрбиелеу. Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  • Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға, өз ойын еркін және мәнерлі жеткізуге дағдыландыру;

Сабақтың типі: білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек сызба, карточкалар, интербелсенді тақта,слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу;

Ә) Оқушыларды түгендеу ;

Б) Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

249-жаттығу. Дауысты дыбыстардың түрлері. Ереже жаттау.

ІІІ.Білімді пысықтау.

Сабақ түгелімен ойын түрінде өтеді. Бұл ойындар фонетика саласын оқыту кезінде қолдануға болатын ойындар.

«Жасырынған әріптер» ойыны.

Бұл ойында оқушылардың жалпы фонетика саласы бойынша алған білімдері сыналады. Сабақтың тақырыбы шығады.

«Дауысты дыбыстарды қайталау»

- Балалар, біздер бүгін дауысты дыбыстарды қайталау әрі пысықтау сабағын өткізгелі отырмыз.Бүгін біз әр түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы дауысты дыбыстардан алған білімдерімізді қорытындыламақпыз. Осы дауысты дыбыстардың терең білу үшін біз сыныпты 3 топқа бөлеміз. Әр топ өз ережелерін айтып өтсін.

1-топ «Жуан және жіңішке» дауыстылар тобы.

2-топ «Ашық және қысаң » дауыстылар тобы.

3-топ «Еріндік және езулік» дауыстылар тобы.

«Сиқырлы әріптер» ойыны. Бұл ойында оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Фонетика нені зерттейді? Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым.

  2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 12 дауысты дыбыс бар.

  3. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

Жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді

  1. Қазақ тіліне тән неше дауысты дыбыс бар? 9 дауысты дыбыс бар.

  2. Жуан дауыстылардыата.а, о, ұ, ы, (у)

  3. Жақтыңқатысынақарайдауыстыдыбыстарқалайаталады?

Ашықжәнеқысаңболыпбөлінеді.

  1. Қазақтілінденешеәріп бар? 42

  2. Ерін мен езудіңқатысынақарайдауыстыдыбыстарқалайбөлінеді

Еріндік және езулік болып бөлінеді.

«Кім тапқыр» ойыны. Бұл ойында оқушылар жұмбақтарды шешіп фонетикалық талдау жасайды. Слайд.

Дауысты дыбыстарды тілдің қатысына қарай талдау жасау. Түйе туралы айтқызу. Түйе пірі - Ойсылқара.

Түйе -салтанат деген мағынаны білдіреді. Түйенің пайдасы қандай /көлік ретінде пайдаланылады/

Түйенің жауы - маса , сона.

Түйе - сүті -шұбат, көс - көс шақырады.

Түйе арай, арай деп тоқтатады, Шу деп тұрғызады, шөк деп жатқызады, малдың үні бар, түйе боздайды.

Жастарына байланысты өсу жолымен аталуы - бота, тайлақ, буырлыш, буыршын, науша, бұзбаша, інген, атан, бура.

Қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, мырзақоспақ,балқоспақ.

Түйенің тобы -табын. Түйе -фонетикалық талдау.

Мырзақоспақ- математикалық есеп.

  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ

Мінсең қанат , сүті дәрі,

Еті тамақ. (Жылқы)

Жылқы - мақтан деген мағынаны білдіреді.

Жылқы жастары: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, сәурік, айғыр, сойтал.

Ел қорғаған ерлер жылқының ішіндегі ең таңдауларын: жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап ерекше бағалаған.

Жылқы пірі -Қамбар ата , құрау -құрау деп шақырады.Жылқы кісінейді.

Жылқы тобын -үйір. Сәйгүлік - фонетикалық талдау.

  1. Екіайнасы бар,

Екінайзасы бар. (Сиыр)

Сиырдың жасына қарай: бұзау, баспан, торпақ, тана, қашар, құнажын, дөнежін,сиыр, өгіз ,бұқа.

Сиырдың пірі -Зеңгі баба. Сиырды ау-хау деп шақырады, шу-шу, өк деп

айдайды, сиыр мөңірейді. Алынатын өнім - сүт, құрт, айран, май, ірімшік, сүзбе. Сиыр - фонетикалық талдау. Торпақ- 2-6=2(о,а) 4 (т,р,п,қ)

Төрт тағанды бойы бар,

Момындықдұрысойы бар.

Кербезденіпжүрмейді,

Айналдырған тоны бар. (Қой)

Қой -қазына. Қойдың пірі -Шопан ата, қоздайды.

Жасына қарай: қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, қошқар, саулық,ісек.

Пұшайт -пұшайт, деп шай-шай деп айдағанда тоқтатады.

Қой -фонетикалық талдау. Қошқар -метематикалық есеп.

Оқулықпен жұмыс.

1-топ 255-жаттығу .

Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты болып келетін 10 сөз тауып жазыңыздар.

Үлгі: алма, іні, апа,ара,аша, үкі, ұлы, иілу, үрпі, ірі, айна, ісі, ысы.т.б

2-топ 256-жаттығу.

Дауысты дыбыспен басталып, дауысты дыбыспен аяқталатын жер-су аттарын тауып жазыңыздар.

Үлгі: Алматы, Африка.

3-топ 257-жаттығу .

Е дыбысынан басталатын бірнеше жер-су атын тауып жазыңыздар.

Үлгі: Ертіс, Екібастұз, Еділ.

« С и қ ы р л ы д ө ң г е л е к » о й ы н ы

Дөңгелекке жазылған 6 әріптен сөздер құрайды.

Сөздер мағыналы болу керек.

«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны.

Бұл ойында оқушылар тапсырмаларды жылдам орындайды.

1- тапсырма. Мына сөздердің ішінен жуан дауысты у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңыздар.

Тану, ілу, шешу, тігу, қазу, беру, жолығу, уақ, уыс, уық сену, төгу, тесу, тору,тоқу, жу, қону, қосу, кесу, уыз,білу, бірігу, көну, көру, оқу, сөгу, төгу.

2 -тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңіздер.

Әл... де болс... с...лқ...н, б...рлық ж...рд... қ...р бас...п ж...тыр. Н...ур...з

к...ні әл...мг... шу...ғ...н ш...ш...п т...р, бір...қ қ...зуы әлс...з. ...йткенм...н

к...кт...м де к...ліп қ...л...пты. Он...ң д...л...лі - әу...ден т...м...лжып ест...лг...н құс әу...ндері. К...зің к...нге ш...ғыл...сып, әнш...н... к...ре алм...йс...ң.

3 - тапсырма. Тек бір дауысты дыбыстан ғана басталатын 4 сөйлем құраңыздар.

Үлгі: Өгіз өткелден өтпей өкірді.

4 - тапсырма. "АЛТЫБАҚАН" сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып сөздер құраңыздар. Қайталанбасын.

5 - тапсырма. Мына өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бағанға, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бағанға,екеуі аралас келген сөздерді бір бағанға жазыңыз.

Ине

Ине бұл,ине, Өтінсең, қадап

Инеге тиме! Береді түйме.

Босамас қолы Қолыңа ұстап

Иненің үйде. Көрдің бе ине?

Түймесі түскен Жақсы қыз өспес

Жейдені киме! Инесіз үйде! (Қ.Мырзалиев)

6 - тапсырма. Қосарланып жазылатын сөздерді толықтырып жазыңыздар.

Абырой, тәсіл, шаға, құртаң, күй, салтанат, қуат, ғұрып, баба, туыс,дәрмек, қалжың.

«Білім шыңы» ойыны. Бұл ойында топ басшылары тестке жауап береді.

  1. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

А. 22 Ә. 18 Б. 30 В.42

2. Қазақ алфавитінде қанша дауысты дыбыс бар?

А. 8 Ә. 3 Б. 15 В.12 3. Дауысты дыбыстарды көрсет.

А. Ы,И,А Ә. Ә,В,Г Б. Ж,О,Л В. Қ,И,Е 4. Ұяң дауыссыз дыбыс нешеу?

А. 7 Ә. 3 Б. 5 В. 4

5. Үнді дауыссыз дыбыс нешеу?

А. 6 Ә. 7 Б. 5 В. 8

6. Еріндік дауыстыларды көрсет.

А. А,О,Ө,Е Ә. Ұ,Ү,О,Ө Б. О,Ү,И,Ә В. Қ,Ұ,О,Е

1. Қысаң дауыстылар нешеу?

А. 8 Ә. 7 Б. 6 В.8

2. Езулік дауыстылар нешеу?

А. 4 Ә. 5 Б. 3 В.7

3. Ашық дауыстылар нешеу?

А. 4 Ә. 8 Б. 6 В. 5

4. "Ә" қандай дыбыс?

А. Ашық, еріндік Ә. жуан, езулік

Б. жіңішке, ашық В. Қысаң, езулік

5. Көп нүктенің орнына қойылатын әріптерді белгіле

...ке, ...же, ...ж...р, к...л, г...л, т...р

6. Ұяң дауыссыздан басталатын сөзді белгіле.

А. Ардақты Ә. Биязы Б. Салмақты В. Көңілді

1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? А/36 В/35 С/37 Д/25

2 .Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді?

А/еріннің қатысына В/тілдің қатысына С/жақтың қатысына Д/үннің қатысы

3. Сөздің ең кіші бөлшегі қалай аталады? А/сөз В/буын

С/дыбыс Д/әліпби

4. Жуан дауысты дыбыстар тұрған қатарды көрсетіңіз.

А/Кенесары, өнерпаз В/Ұлытау, қуғыншы С/Игілік, ержүрек

Д/Емхана, арбакеш

5 . Төрт дауыстыдан тұрған сөзді табыңыз.

А/уылдырық В/дауыстап С/қарулану

Д/туысқан

6. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?

А/еріндік,езулік В/жуан,жіңішке С/ашық, қысаң Д/ашық, жуан

Қорытынды сұрақтар:

  1. Фонетика (грек)- "дыбыс" -тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

  2. Дыбыс - сөздің ең кіші бөлігі.

  3. Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады: өкпе, тіл, кеңірдек, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіс, таңдай, ерін, тамақ қуысы.

  4. Әліпбидің 8 - әрпін ата.

  5. "Алиф" және "би" сөзі нені білдіреді?

  6. Әліпбидің 19- әрпін ата

  7. .Орыс әліпбиіне нешінші жылы көштік?

  8. Әліпби тәртібіндегі 7, 20, 22- әріптерді ата.

Үй тапсырмасы: 5 сөзге фонетикалық талдау жасап келу беріледі.

Оқушылардың білімін бағалау.






















План урока по казахский язык на тему Дауысты дыбыстарды қайталау 5-классПлан урока по казахский язык на тему Дауысты дыбыстарды қайталау 5-классПлан урока по казахский язык на тему Дауысты дыбыстарды қайталау 5-классПлан урока по казахский язык на тему Дауысты дыбыстарды қайталау 5-класс





© 2010-2022