«Болғанда елім-тірегім, Жасқанбай соғар-жүрегім»

"Описание материала: Данная разработка урока приурочена к двадцатидвухлетию Независимости Казахстана, цель урока ознакомить учащихся с новыми словами,воспитывать у учащихся патриотическое чуство к своей родине,развивать у учащихся логическое мышление,развитие речи.Разработка состоит из нескольких конкурсов: Конкурс Пословицы и поговорки,Конкурс Переведи текст, Выразительное чтение стихотворений на казахском языке, Викторины с вопросами о Казахстане, в конкурсах участвуют учащиеся седьмых классов...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:

Тәуелсіздігімізге 22- жыл толуына орай , оқушылардың білімдерін ортаға салу. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен , қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру .

Дамутышылық:

Оқушылардың сөздік қорын молайту , дуниетанымдарын кеңейту , тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалык ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Болашақа өз үлесін қоса білетін , іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық ,эстетикалық тәрбие беру .

Көрнекілігі:

Ұлағатты сөздер , тақырып, топ аттары , төс белгілері , айналым аттары, компьютер , интерактивті тақта .

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ- жауап, шығармашылық , топтық жарыс , әдеби - музыкалық монтаж , әңгімелесу.

1- Жүргізуші :

Армысыздар , құрметті қонақтар , қымбатты өнер сүйер кауым , ардақты ұстаздар , қадірлі көрермендер ! Бүгінгі Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі , қазағымыз егемеді ел атанып , тіліміз мемлекеттік мәртебе алып , ұлттық мәдениетіміз салт - дәстүріміз қайта оралып , өз алдымызға ел болып , тәуелсіздік даңғылына аяқ басқалы 22-жыл толып отыр .

2-Жүргізуші :

Күнтізбеде атаулы , айшықты мерекелер көп .Адамзат қоғамында қазақ еншіленген күн - 16 желтоқсан. Ұлы желтоқсан халқымыздың атын асқақтатып, айбынын көтерген төл мерекесі. Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Болғанда елім -тірегім, жасқанбай соғар - жүрегім» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!

1 - Жүргізуші:

Отаным Қазақстан - туған елім,

Кең екен ғой қаншама- дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан,

Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр - ерің.

2 - Жүргізуші:

Кіндік қаным тамған жерім - Қазақстан,

Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.

Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,

Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.

Музыкалық номер



1 - Жүргізуші:

Сұрақ -жауап сайысына келіңіздер,

Ықылас қып көппен бірге еніңіздер.

Біздерді жақсы танып білмек үшін,

Оқушылар білімін көріңіздер.

2-Жүргізуші:

Ал, енді ортаға сайыскерлерді шақырайық.

1-топтың аты - «Барыс»

Мақсатымыз: Қазақтың шын ер екенін күллі әлемге таныту.

Ұранымыз: «Бірлік қайда болса, ерлік сонда»

2- топтың аты - «Қыран»

Мақсатымыз: Болашақтың қамын ойлап, мақсат, мұрат, үн қосу.

Ұранымыз: «Ел үмітін - ер ақгар, ел атағын - ел сақтар»

3-топтың аты: «Тұлпар»

Мақсатымыз:Болашаққа бірге самғап, арманымызға қол жеткізу.

Ұранымыз: «Жұлдыздай жарқырап, биіктен көрінеміз.

1-Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын айналымдармен танысып өтейік:

1.Оқу тубі тоқу айналымы. Мәтінмен жұмыс

2.Білгінге маржан - сұрақ- жауап сайысы.

3.Өнер алды - қызыл тіл. Мақал - мәтел сайысы.

4. Әріптер әлеміне саяхат. Сұрақтарға жауап беру.

5. Мәнерлеп оқу. Үй жұмысы.

2- Жүргізуші:

1-айналым. «Оқу тубі - тоқу» деген сайысымызды бастаймыз.

Әр топтың алдына мәтін беріледі.

Тапсырмасы:

А)мәтінді мәнерлеп оқу

Б)аудару.

Бірінші топқа арналған мәтіндер.

Қазақстан жері

Қазақстан жер көлемі 2756000 шаршы километр. Оның 40%-өзен, көл, теңіз, жерінің 50%- шөл және шөлейт жерлер алып жатыр. Ал 10% таулы жер.

Қазақстан жері өте бай.

Словарь:

Жер көлемі - обьем

Шаршы - квадрат

Шөл - пустыня

Аймақтар - территория

Таулы жер - горы

Жер - земля

Шөлейт - полу пустыня

Екінші топқа арналған мәтіндер .

Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы - егеменді ел. Республика Президентінің Жарлығымен желтоқсанның 16-ы Тәуелсіздік күні деп аталды және бұл күн демалыс күн болып жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кұрамына енді.

Словарь:

Егеменді - суверенный

Жарлық - указ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - Содружество Независимых Государств.

Құрамы - состав

Енді - входит

Демалыс күн - выходной день

Жарияланды - утвердили.

Үшінші топқа арналған мәтіндер.

Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел. Мұнда көптеген ұлт өкілдерітұрады. Олар: қазақ, орыс , татар, өзбек және т.б. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға өте бай. «Жері байдың - елі бай,» - дейді халық. Қазақстан табиғаты әдемі.

Словарь:

Ел - страна

Мұнда - здесь

Ұлт өкілдері - представители нации

Тұрады - живут

Жері- земля

Дейді халық- говорится в народе

Табиғаты- природа

Пайдалы қазбалар- полезные ископаемые

1-Жүргізуші:

Әділ - қазылар алқасы топтарды бағалай беруін өтінеміз.

Келесі - айналым : «Білгенге маржан» деп аталады. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.

«Барыс тобының сұрақтары :

1.Қазақстан халқының ұлттық тағамы не?

2 . ҚР- ң туында не бейнеленген? Тудың авторы кім?

3.ҚР - Қазақстан жерінің пайдалы қазбаларын ата.

4 .Қазақстан таулары.

5 .Қазақстан Республикасы солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қай мемлекеттермен шетеседі?

6 . Елбасы сөзінің синонимін ата?

Қыран тобының сұрақтары:

1 .Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

2 . ҚР- ң елтаңбасында не бейнелген? Елтаңбаның авторы кім?

3 .ҚР конституциясы қай жылы қабылданды?

4 .Қазақстандағы өзендерді ата.

5 .Отан сөзінің синонимін ата.

6 .ҚР - ң призеденті қашан сайланды?

«Тұлпар» тобының сұрақтары:

1.ҚР-ң тәуелсізідігі қашан бекітіліді?

2.ҚР-ң әнұраныныңсөзін, әнін кімдер жазған?

3.«Астана» сөзінің синонимін ата.

4.Қазақстандағы көлдерді ата.

5.Қазақтың ұлы ұлттық ойындары қандай?

6.ҚР-ң рәміздері қай күні белгіленді?

Музыкалық комер:

2-Жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан! - деп 3-ші айналым «Өнер алды-қызыл тіл» мақал-мәтелдер сайысын бастаймыз. (Бір топтың оқушысы мақалдың басын айтады, келесі топтың оқушысы мақалды аяқтайды).

«Барыс» тобына бәрілген мақал- мәтелдер :

Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл )

Отан оттан ... (да ыстық )

Туған жердей жер болмас , ... (туған елдей ел болмас)

Ел іші ... (алтын бесік)

«Қыран »тобына берілген мақал- мәтелдер :

Еліңді сүйсең...(ерлік істейсің)

Ер еліңде... (гүл жерінде)

Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық)

Елінен безген ер оңбас ... (көлінен безген қаз оңбас )

«Тұлпар» тобына берілген мақал - мәтелдер :

Кісі елінде сұлтан болғанша ... (өз елінде ұлтан бол )

Туған жерге ... (туын тік)

Ел елдің бәрі жақсы ... (өз елің бәрінен жақсы )

Отан отбасынан ... (басталады )

1-Жүргізуші :

4-ші айналым : «Әріптер әліміне саяхат»

(Берілген әріптердін біреуін тандайды : «С», «Ж», «Т» Берілген сұрақтарға тандаған әріптерден басталатын сөздермен жауап беру керек .)

Топтардың сұрақтары :

Ең жақсы көретін сөзің?

Досыңның аты ?

Сені не қызықтырады?

Неден қорқасың ?

Қуанғанда айтатын сөзің?

Тағам атауы?

Сенің арманың?

Кімді ұнатасың?

2-Жүргізіші :

5-ші айналым мәнерлеп оқу сайысы . Әр топ үй тапсармасы бойынша бір өлеңді мәнерлеп оқу керек

Қорытынды:

1- Жүргізіші:

Әділ қазырлар шешімін шығарғанша кезекті әнге берейік.

2-Жүргізіші :

Осымен Тәуелсіздікке байланысты «Болғанда елім - тірегім, Жасқабай соғар - жұрегім » атты сыныптан тыс кешімізді аяқтаймыз. Тәуелсіздікті анаңдай ардақта , баландай мәпеле , кұдайдай құрметте !

1-Жүргізуші:

Елтаңбамыз ажарлы,әнұранымыз әуенді , асқақ бола түссін!

2-Жургізіші:

Еліміздің белгісі - көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!





© 2010-2022