Конспект урока казахского языка по теме: Жұмбақ көл

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып. Қазақ тілі.

Тақырыбы: "Дауыл көл, Жұмбақ көл." Етістік.

Мақсаты: тақырып бойынша білім беру, сөз қорын молайту,етістік туралы білгендерін қайталау.

Тыңдау, түсіну, сөйлеу, сөздерді орынды қолдануға, жазуға , ойларын айтқызуға үйрету.

Қазақстан көрікті жерлерін білуге , мақтаныштық сезім оятуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Қайталау, әңгімелеу, сұрақ- жауап, топтық жұмыс мазмұндау , диалог

Көрнекілігі: тірек сызба, мәтін парақтары,презентация

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақ мақсатымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру.

Лексикалық сөйлесім.

- Қазақстанның қандай көрікті жерімен таныстық?

- Бүгін ауа райы қандай?

- Қыркүйектің 22- де қандай мереке болады?

Грамматикалық тақырып: етістік туралы қайталау.

КЕСТЕНІ ТОЛТЫРУ

ЕТІСТІК

сұрағы

Білдіреді:

1-іс -әрекет,

2-қимыл,

3-көңіл-күй

дара

күрделі

негізгі

туынды

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

барады



Шығып тұрмыз



көрдім



Жазғым келді



4. Сөздік жұмысы- қайталау :

мекен етеді- обитают,

ақырында- наконец

сырт көрінісі- внешний вид

еркелетіп- балуя,

Оқылым

.Мәтін жұмысы: топтық жүмыс /«Жұмбақ көл» 5 минут- дайындалуына/ . әр бөлігін оқу, түсіну, мазмұнын кағазға жазу./

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.

1-тапсырма -мұғалімнің оқуы, тыңдау, түсіну , мазмұндау .

2- тапсырма - сұрақтарды құру.

3-тапсырма - етістіктктерді 2 бағанаға теріп жазу: негізгі, күрделі.

4 топ- Мәтіннен «Жұмбақ көл» деп ат қойған себебін көшіріп жазыңыз.

Қорытындылау

Сәйкестендіру тест

1. Ең ірі көлдердің бірі

2. тұрғындары көлді екі түрлі атап келген.

3.Аймен күндей сұлу бр байдың қызы

4.Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны

5. көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды

6. өзендері құйылады , ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды

1. Ақ теңіз және Жұмбақ көл

2. Балқияжан, Балқаш деп атады

3. Ақ теңіз

4. Жұмбақ көл

5.Балқаш көлі

6. Балқия

Тексеру. Жауаптапры:

1-5, 2-1, 3-6, 4-2, 5-3, 6-4

" Мен естімеген жаңалық."-диалог құру жұптық жұмыс./ Балқаш туралы таңқаларлық жаңалық туралы- мәтіндегі мәліметтерді қолдану арқылы, еліне деген сүйіспеншілік білдіру./

Кестені толтыру

Бүгін сабақта

Білдім

үйрендім

түсінбедім


Үйге тапсырма: Мәтін бойынша мазмұнын білу.Етістікті морфологиялық талдау.Ақырында Балқаш деп атап кетіпті.




© 2010-2022