Қош бол, алтын ұя мектебім

  "Қош  бол алтын ұя мектебім" атты мереклік іс- шара  9 сыныпты бітіріп, қолдарына негігі орта мектепті бітіргені туралы бітіру куәлігін қолдарына алып жатқан оқушылардың қуаныштарына арналған мерекелік сценария үлгілерінің бірі. Іс -шара барысында жүргізушілер мектепті бітіріп жатқан оқушылардың сынып жетекшілері мен мектеп әкімшішілігінің ерен еңбектеріне арнайы тоқталып отыра, оқушылардың жетістіктері мен жеңістері, мектеп, қоғамдық жұмыстардағы  жеңістеріне де арнайы тоқталынады. Музыкалық ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош бол, алтын ұя мектебім!»

атты мектеп бітірушілердің «Жұлдызды кеші»

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

Бүгінгі «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектеріміздің «Жұлдызды кешіне» қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Ия, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 170 түлегі алаңсыз балалық бал дәуренмен, білім нәрімен сусындатқан аяулы мектебімен, ата-анасындай аялаған ұстаздарымен қоштаспақ.

1-жүргізуші:

Бүгін мыңдаған шәкірттерге сая болған алтын ұя мектебімізде әрқайсысы жеке тұлғаға айналып, азамат болып есейген, үлкен өмірден өздері таңдаған жолдарына қадам басқалы тұрған түлектеріне сәт сапар тілеп, қимастықпен шығарып салмақ.

Бұл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде өшпейтін күн.

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар мен аяулы ұстаздар!

Әрбір түлектің жүрегін дір еткізіп, алтын мектебіне деген сағынышының бастауына айналар «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік «Жұлдызды кешті» ашық деп жариялаймыз. Салтанатты кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Келешек қой түлектер, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп тебіреніп.

Қолдарына куәлік алғалы тұр.

2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін.

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді құттықтайық баршамыз да.

2-жүргізуші: Бүгінгі түлектерімізді алтын ұя мектебінен ұшырғалы отырған мұғалімдерге қошемет көрсетейік

Жүргізушілер кезектесіп айтады.

9 «А» сынып жетекшісі- Молдахметова Күнсұлу Баженқызы

9 «Ә» сынып жетекшісі - Асқарова Ғалия Какимқызы

9 «Б» сынып жетекшісі - Жакупова Гүлжихан Мансұрқызы

9 «В» сынып жетекшісі - Өтепова Салиха Қамбарқызы

9 «Г» сынып жетекшісі - Бейсенбаева Алтынай Оспанқызы

9 «Д» сынып жетікшісі - Смаилова Гүлбаршын Ақанқызы

9 «Е» сынып жетекшісі - Әбіл Наташа

2-жүргізуші:

Әнұраным көгімде шарықтасын,

Көгілдір ту қиялда қалықтасын.

Әлем танып, білетін Елтаңбамды,

Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

(ҚР - ның Мемлекеттік әнұраны орындалады)

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, қадірменді қонақтар, аяулы да асыл ұстаздар, қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі 2014 -2015 оқу жылдағы мектеп бітіруші

түлектеріміздің «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты мерекелік «Жұлдызды кешіне» арнайы келіп отырған қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер

2-жүргізуші:

Өмірдің бар жақсысын да, қызығын да ұстаздық пен өмірінің тарихымен байланыстырған, бұл күнде барша баланың қамқоршысына, тірегіне айналып отырған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі - мектебіміздің директоры - Сақан Елеусізұлы Сәтмағамбетовке сөз кезегі беріледі.

( Мектеп түлектеріне , белсенді оқушыларға директор Мақтау қағазын тапсырады)

1- жүргізуші:

Соғып тұрған мектептің күретамыры,

Іскерлікпен күн санап артқан қадірі.

Талап та қойып , түсіне білер бар жанды,

Сіздей - ақ болсын кеңпейіл ұстаз ақ жанды

2- жүргізуші:

Қымбатты түлектер! Өздеріңе арналған жүрекжарды тілегін айту үшін сөз кезеuі директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Айсұлу Бекболатқызы Алпысбаеваға беріледі

1- жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалақ

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

2- жүргізуші:

Қымбатты, жас түлектер!

Өздерің асыға күтіп отырған 9 жылдық еңбектеріңнің жемісі - Негізгі орта білім туралы куәлікті салтанатты табыс етілетін жауапты сәт те келіп жетті.

1- жүргізуші:

Негізгі орта білім туралы куәлікті тапсыру рәсімі мектеп директоры Сақан Елеусізұлы Сәтмағамбетов пен директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Бекболатқызы Алпысбаеваға тапсырылады.

Ендеше, ең алдымен мектеп директорының бұйрығымен Айсұлу Бекболатқызы Алпысбаева таныстырады.

2- жүргізуші:

Ұстаз болу - белгісі жүректілік

Ала алмас беделді ешкім сұрап тұрып.

Нағыз бедел - шәкірттің махаббаты,

Ешкім оны бермейді үлестіріп.

1- жүргізуші:

Бүгінгі мектеп бітіруші түлектер өздерінің шексіз алғыстарын өздеріне білім берген, өмір жолдарына бағдар көрсеткен ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіреді. Келіңдер, түлектер ұстаздарымызға қошемет білдірейік.

Мектебіміз директоры- Сақан Елеусізұлы Сәтмағамбетов

Директордың оқу - тәрбие ісінің орынбасарлары:

Алпысбаева Айсұлу Бекболатқызы

Қияшева Қарлығаш Жұмашқызы

Директордың тәрбие ісінің орынбасарлары:

Айжарықова Гүлжазира Тұрсынбекқызы

Әзімбаева Гауһар Құралқызы

Директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары:

Өскембаева Гүлдана Шәріпбайқызы

Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы:

Сүтбаева Фарида Мерекеқызы

Бастауыш сыныпта қолдарына қалам ұстатып, партада отыруды үйреткен, сабырылық пен мейірімділік кені болған ұстаздар:

Ана тілінің құдіреті мен қасиетін ұғындырған, шешендік пен даналық білімін берген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері:

Өтепова Салиха Қамбарқызы

Бейсенбаева Алтынай Оспанқызы

Ермағанбетова Марал Маратқызы

Орыс тілінде таза сөйлеуге бағыт берген, Пушкин мен Лермонтовты сезіндірген орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:

Ерсейітова Раушан Ахметова

Асқарова Ғалия Какимовна

Абдигужина Лейла Баскеновна

Математика-сандар өрнегі емес, өнері екенін түсіндірген, бұл пәнің ғылымдар атасы екенін үйреткен математика пәні мұғалімдері:

Ахметова Салима Біржанқызы

Сағынаева Бибажар

Нұрсапа Мапиза

Жаратылыстану әлеміне саяхат жасатқан, өмірдің түрлі қыр - сырын үйреткен ұстаздармыз:

Молдахметова Күнсұлу Баженқызы

Бижанова Ғалия Қуанышқызы

Ақбанова Нұргүл Төлегенқызы

Агатан Ақерке

Бижанов Бақытжан

Физика әлемінің жұмбағын шешуге бар өнерін салған, шәкірттерінің болашағына бағдар көрсеткен:

Кекенова Әлия Темірханова

Смаилова Гүлбаршын Ақановна

Тарих шежіресін жаңарта да, жаңғырта да жүретін тарих пәні мұғалімдері:

Бейбітхан Сейітхан

Әбіл Наташа

Шетел пәні мұғалімдері:

Әбдіқұлов Бәкір Жандарбекұлы

Дайрабаева Роза

2- жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы.

Өмір дегенің қас - қағым

1- жүргізуші:

Ұстаз! Осы сөзде қаншам ұлылық жатыр десеңізші. Сөз маржанын терген ақын - жазушы да, көк күмбез самғаған ғарышкер де елбасы алдында иіліпі тағзым етеді. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарымызға мың да бір алғыс айта отырып, бітіруші сынып атынан сөз

__________________________________________________________беріледі.

2-жүргізуші:

Құрметті жас түлектер! Сендердің әр қадамдарыңның сәттілік пен жетістіктеріңнің ең алғашқы куәгері де, сендерді қолдаушы да, қорғаушы да сүйікті ата - аналарың ғой!

Шешуші сәтте осындай

Қуанышын жасырмай,

Ата -ана қалай шет қалсын.

Тілек айтып қосылмай

1- жүргізуші Сөз кезегі жас түлектеріміздің ата - аналарының атынан

( Ата - аналарға Алғыс хаттар тапсырылады)

( Ата - аналадың құрметіне ән орындалады)

2- жүргізуші: Жас түлек! Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніштері қатар келсе де,

еліміздің қай түкпірінде болсаң да, сен алтын ұяң - мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды ұмытпа!

1- жүргізуші:

Жас түлек! Бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты көңілдеріңді толқытқан сәттерді естен шығарма

2- жүргізуші:

Қыран болып ұшыңыз,

Білім жолына түсіңіз

Еңбекте көп қуанып

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі болсын күніңіз,

Мектепке кеп тұрыңыз.

1- жүргізуші:

Сағынамыз күн сайын.

Кездесейік жыл сайын

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен

Әрқашан сәтті жол болсын!

Сапарларыңыз оң болсын-

деп мектеп бітірушілерге ақ жол тілейміз.

Екі жүргізуші бірге:

Әр қадамдарыңа гүл бітсін, алдарыңнан ақ жол ашылсын, қымбатты түлектер!

Астана қаласы Білім басқармасы





«Қош бол, алтын ұя

мектебім»



2014 жыл

© 2010-2022