«ХХІ ғасыр Махамбеті»

"Выдержка из материала: ««"ХХІ "ғасыр "Махамбеті»"Тілдер "мерекесіне "арналған "танымдық "сабақ"Мақсаты: "оқушыларды "қазақтың "біртуар "ұлы "Махамбет "бабамыз "туралы "мол "мағлұматпен "таныстыру."Махамбет "поэзиясын "күллі "әлімге "паш "етіп, "жолын "қуар "жас "дарындарды "анықтау. "Махамбет "ерлігімен "жастарды "патриоттыққа "тәрбиелеу "және "оқушыларды "білімдікке, "алғырлыққа, "жылдамдыққа "баулу.  "Сабақтың "әдісі: "сұрақ – "жауап, "блиц – "турнир, "еркін "тақырыпқа "сөйлеу, "жатқа "өлең "...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ставропол орта мектебі»К ММ

КГУ «Ставропольская средняя школа »



«ХХІ ғасыр Махамбеті»

Тілдер мерекесіне арналған танымдық сабақ



Қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Кударбекова З.К.





2013 - 2014 оқу жылы

Мақсаты: оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыз туралы мол мағлұматпен таныстыру.

Махамбет поэзиясын күллі әлімге паш етіп, жолын қуар жас дарындарды анықтау. Махамбет ерлігімен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және оқушыларды білімдікке, алғырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, блиц - турнир, еркін тақырыпқа сөйлеу, жатқа өлең айту.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр Махамбеті» танымдық сабағымызға келдіңдер!

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай

«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»,

«Жақсы көпке ортақ, еліңе пайдаң тисін» деді.

Махамбет Өтемісұлы - қазақ халқының әйгілі ақыны, күйші - композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жырсышы.

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Бекетай деген жерде дүниеге келген. Әкесі Өтеміс Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі болған. Махамбет бір өлеңінде:

Өтемістен туған он едік,

Сол онымыз жүргенде,

Мың сан әскер қол едік.

Біздің жайда сұрасаң,

Ерте көшіп, кеш қонған,

Санаулы сәнді орданың бірі едік, -

дейді. Махамбет он ағайынды болған. Махамбеттің болашағына әкесі Өтемістің тигізген ықпалы көп болған. Өтеміс - би болып ел басқарған, сөз білетін шешен адам болған.

. Махамбеттің ақындық, шешендік дарыны елге ерте танылады. Ол жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанады. Жастайынан аңшылық өнерге де құмартып өсті.

Хан сарайында он жылын, ал орыс жерінде бес жылын өткізген Махамбет көкірегі ояу, көзі ашық, бірнеше тіл білген кісі.

Махамбет Исатай бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл атқарады.Ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша үкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікке, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылған.

Махамбет өлеңдерінен ақынның өзінен бұрынғы көне қазақ поэзиясымен жақсы таныс.

Әділ: Ереуіл атқа ер салмай...

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку - еңку жер шалмай ,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай, Ер төсектен безінбей,

Өзіңнен туған жас бала Ұлы түске ұрынбай,

Сақалы шығып жат болмай, Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Ат үстінде күн көрмей, Тебінгі теріс тағынбай,

Ашаршылық шөл көрмей, Темірқазық жастанбай, Арып - ашып жол көрмей, Қу толағай бастанбай,

Өзегі талып ет жемей, Ерлердің ісі бітер ме?

Жүргізуші: Махамбет Тастөбедегі ұрысты өзінің «Соғыс» деген өлеңінде былай суреттейді:

Игорь: «Соғыс»

Әскер жиып аттандық,

Бекетай еді тұрағым,

Айғайлап жауға тигенде,

Ағатай, беріш - ұраным.

Бекетай құмға ел қонып,

Байбақты Жүніс аттанды

Қосылуға дем болып.

« Құдайлады » хан ұлы,

Іздеген жауы біз болып.

Жау қарасы көрінді,

Жиылған әскер білінді.

Исатай - басшы, мен - қосшы,

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды.

Жүргізуші: Жас күнінен бастап аса қадірлі көретін Исатайдың сөзбен өрнектелген бейнесін ақын өзінің өлеңдерінде ерекше шабытпен жырлаған.

Дарья: «Тайманның ұлы Исатай»

Арғымақтан туған қазанат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазанаттан туған қаз мойын

Күніне көз көрім жер шалғасыз,

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгіп салғасыз.

Аруанадан туған мая бар,

Асылын айуан десе нанғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар, Атын ердің қасы еді,

Күндердің күні болғанда, Исатайды өлтіріп,

Жарамды бір теріге алғысыз. Ағайынның басы еді,

Тайманның ұлы Исатай Қырсық та шалған біздің

Жүргізуші: Махамбеттің атамекені - Нарын. Сол Нарын үшін, Еділ мен Жайық үшін, қара қазақ баласы үшін ата жауы хан Жәңгірмен шайқасты. Ақын қуғында жерін аңсаған кезде шығарған өлеңдерінің бірі - Нарында

Василий: Нарында Күнінде құлан да басып өткісіз.

Біздің анау Нарында, Ерте келген жақсылар,

Бір төбелер бар еді, Кешке үйіне кеткісіз.

Айналасы ат шаптырса жеткісіз. Қойды мыңға толтырған,

Қиқулап ұшқан қырғауыл, Нарынның ана құмдары.

Жүргізуші: Махамбет - қазақ әдебиетіндегі жауынгерлік - саяси лириканың атасы.

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» тек бұл сұлтанға ғана емес отаршылдармен ауыз жаласкан, қазақты қараша деп кемсітіп бірге қанасқан бүкіл ақсүйектер тобына айтылған сөз екені даусыз

Максим: Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім. Петр Б: Туырлығын кескілеп,

Қай қазақтан кем едім? Тоқым етсем деп едім.

Бір қазақпен тең едім. Тақта отырған хандардың

Өздеріңдей хандардың, Төрде отырған ханымын

Қарны жуан билердің, Қатын етсем деп едім.

Атандай даусын ақыртып, Әлдилеген балаласын

Лауазымын көкке шақыртып, Жетім етсем деп едім.

Басын кессем деп едім. Хан сарқыты - сары бал,

Елдің бойы ен тоғай Сұраусыз ішсем деп едім.

Ел қондырсам деп едім. Ханның киген кіреуке,

Жағалай жатқан сол елге Үстіме кимсем деп едім...

Мал толтырсам деп едім. Мен, мен едім, мен едім,

Еңсесі биік ақ орда, Мен Нарында жүргенде

Еріксіз кірсем деп едім. Еңіреп жүрген ер едім.

Керегесін қиратып, Исатайдың барында

Отын етсем деп едім. Екі тарлан бөрі едім.

Жүргізуші: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ордасын шабуылдауды ойластырып, ордаға жақын келіп орналасады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып, хат жазады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер жеңіліс табады. Жаралы Исатай сиреп қалған тобымен Ішкі Ордаға өтеді. Қуғыншы жазалаушы әскер Исатайдың әскерін шабуылдап, Исатайды қолға түсіріп, батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады.

Бұл қайғылы тарихи оқиғаны Махамбет Исатай атынан өлеңге арқау еткен.

Николай: Әй, Махамбет, жолдасым!

Әй, Махамбет, жолдасым,

Аш арыстан жолбарысым,

Ісімнің білдім оңбасын.

Оңбаған емей немене,

Өтірік сөзге алданып,

Бақытым ауып басымнан,

Әскерім кетіп қасымнан,

Жапанда жалғыз қалғасын.

Өкінгенмен пайда жоқ,

Құдайым басқа салғасын.

Мезгілді уақыт болғанда,

Опасыз мынау жалғанда,

Ажал қарсы келгенде,

Қараңғы көрге кіргенде,қасында тұрар жан бар ма?

Осының бәрін ойласаң,

Өткенге бекер өкініп,

Құр жылаудан сән бар ма?!

Жолдасын жауға алдырып,

Жанымды қимай қаңғырып,

Қашатын менде жөн бар ма?!

Жүргізуші: Махамбет өлеңдерінде қанатты сөздерге айналып кеткен ғибратқа толы өнегелі жолдар аз емес. Ол өзінің сондай терең ойлы сөздерімен кейінгі ұрпағына тіл қатқандай, ақыл, өсиет кеткендей.

Валентин: Қара лашын, ақ тұйғын,

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңның басын жел соқса,

Қайғыда болар анасы...

Тоқсан тарау су ақса,

Дария болар сағасы.

Сан шерулі қол болса,

Батырлар болар ағасы.

Аз сөйлер де көп тыңдар,

Хас асылдың баласы.

Вадим: Кәрісі кімнің жоқ болса,

Жасы болар дуана.

Бір сынаған жаманды

Екіншілей сынама.

Тіріде сыйласпаған ағайын,

Құм құйылсын көзіне,

Өлгенде бекер жылама.

Жүргізуші: Викторина сұрақтары

  1. Махамбет қай жылы дүниеге келді?(1803ж)

  2. Махамбет қай жерде дуниеге келді? ( Бекетай құмы)

  3. Махамбет дүниеден өткен жылы?(1845ж)

  4. Махамбеттің әкесі? ( Өтеміс )

  5. Махамбет неше ағайынды? (10)

  6. Исатайдың әкесі?(Тайман)

  7. Махамбеттің ұраны? (Ағатай - Беріш)

  8. Махамбетке жау хан? (Жәңгір хан)

  9. «Эй, Махамбет жолдасым» өлеңінің авторы?(Махамбет)

  10. Исатайдың тұлпары ?(Ақтабан)

  11. Махамбеттің Исатайға арнаған мінездемелі өлеңі? (Тарланым)

  12. Махамбеттің руы? (Күлмәлі Беріш)

  13. Жәңгірдің әкесі? (Бөкей хан)

  14. Махамбеттің соңғы әйелі (Әуес)

  15. Көтеріліс қанша айға созылды? (18 ай)

Жүргізуші: бұл кезеңнің шарты Махамбет өлеңдерінен айтылмай қалған сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.

«Тіл - өнер» кезеңінің тапсырмасы

  1. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінен үзінді

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза .... алмай,

Жауап: қол - рука - hand

  1. «Беркініп садақ асынбай» өлеңінен үзінді Білтеліге .... салмай,

Қорамсаққа қол салмай

Жауап: доп - мяч- ball

  1. «Арғымақ сені сақтадым» өлеңінен үзінді

Шабушы еді безектеп,

Жақсыменен .... болсаң

Жауап: дос - друг - friend

  1. «Жалған дүние» өлеңінен үзінді

Қоғалы көлдер, ком ....,

Кімдерге қоныс болмаған.

Жауап: су - вода - water

Жүргізуші: Махамбет Отанын сүйген патриот, өлеңдерін көпшілік

мүддесі үшін жұмсаған еңбекші халықтың жыршысы.

Махамбет - асыл сөздің кеңі, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітші.

Білімге ерлігі сай Махамбеттей ерлеріміз азаймасын дей отырып, батыр бабамызға арналған танымдық сабағымызды аяқтаймыз.

Сау - саламат болыңыздар!



© 2010-2022