Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 21,22.01.2015 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, өлеңнің мазмұнын, идеясын ашу,

мәнерлеп оқыту. Өлеңнің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу

2. Дамытушылық: Оқушылардың қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыра отырып, өз бетімен

оқуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өлеңдегі табиғат суреті арқылы эстетикалық тәрбие беру. Туған жерге, елге

деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі:тірек - кесте, ақын суреті, иллюстрациялық суреттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушыларды түгендеу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі

Өмірбаянын әңгімелеу. «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу.
Қызығушылықты ояту сатысы «Ой қозғау» стратегиясы «Кім тапқыр?»
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренеді, мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем! ─ Балалар, бұл өлең жолдарының авторы кім?
ІІІ. Жаңа сабақ: Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) «Қысқы жолда» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі (5 сынып)

Мағжан Жұмабаев

(1893 - 1938)

Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі

1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

Балалар, біз ақынның «Қысқы жолда» өлеңін оқимыз
Миға шабуыл.«Қыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді? Өз ойларын парақшаға бір сөзбен жазу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
─ Балалар, өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар?
Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? Қазір жылдың қай мезгілі?
Өлеңде қазақ ауылындағы қыс мезгілі суреттеледі. Табиғаттағы өзгерістер, қысқы боранның суреті, қазақтың сар даласындағы қыс суреті, оның адамға, жолға қаупі бейнеленген.
Өлеңді оқып отырғанда боранның дауысын естіп, денеміз тоңып, жалғыз атты жолаушыны жылы үйге кіргізіп алғымыз келеді.
Сөздік жұмыс:
1) Сорап - ескі жолдың сүрлеуі, сілемі
2) Құлағын қайшыландырып - ерсілі - қарсылы қозғалу
3) Борт - борт желеді - аттың жайсыз желуі
4) Құр - бекер, бос, жай, әншейін
5) Аңдай - аң сияқты, аңға ұқсап
6) Қаракөк - аттың аты

Эвристикалық тапсырмалар. Сұрақтар:
1) Қыста табиғат қалай өзгереді?
2) Адамдар мен жан - жануарлардың тірлігі қалай болады?
3) Қыста адамдар қалай киінеді?
4) Өлеңдегі қыстың кейпінен нені аңғарамыз?
Мәтінмен жұмыс

1 - тапсырма:

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын

Өлеңнің тақырыбы - қыс мезгілінің ерекшелігі, долы боранның адамға, жан - жануарға әсері.
Өлеңнің идеясы - қыс сипатын күшейтіп, суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақыру.

2 - тапсырма.

Өлең неше шумақтан, неше тармақтан тұрады? (5 шумақ, 21 тармақ)

3 - тапсырма

Әдебиет теориясы
Өлеңнен кейіптеу, теңеу, эпитеттерді табу.

Кейіптеу:
Екі иінінен дем алып
Ішін тартып осқырып
Кейде қатты ысқырып
Аңдай ұлып бір мезгіл
Екі санын шапақтап
Біресе сақ - сақ жүреді.
Теңеу: Аңдай ұлып
Эпиттеттер: қараңғы түн, сар дала, ызғарлы жел, суық кебін

4 - тапсырма «Салыстыру» стратегиясы

А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен салыстыру
Ақын шығармасы-----------------------------Ұқсастығы------------ Ерекшелігі--------- Менің ойы

1. А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі
2. М. Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

5 - тапсырма

«Тез тап!» психологиялық тренингі

«Қыс» сөзіндегі әр әріптен қысқа байланысты сын есімдер құрастыру
Қ - қарлы, қатты, қаһарлы
Ы - ызғарлы, ызғырық
С - суық, салқын


Сергіту сәті
Жұмбақтар шешу
1. Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз)
2. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)

Бекіту.
Үйге тапсырма: 1. Өлеңді жаттау

2. Қыс туралы әңгіме жазу, сурет салу
Бағалау



© 2010-2022