Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын!

  Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын. Меніңелім - Қазақстан!Бұләрбір дала перзентініңкөкірегіндемақтанышпенайтатынсөзі. Егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Бұл жол теп-тегіс тақтайдай болған жоқ. Сондай-ақ Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке де айналып отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз – бұл бүкіл әлемдік өркениетіне ерекше әсер еткені айқын. Әлемдік дін және конфе...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

«Калинов орта мектебі» КММ










«Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын»


Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Садыкова Асель Нурлановна

Рузаев көшесі, 1-үй

контакты +77153532251 [email protected]















Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын.

Меніңелім -Қазақстан!Бұләрбір дала перзентініңкөкірегіндемақтанышпенайтатынсөзі. Егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Бұл жол теп-тегіс тақтайдай болған жоқ. Сондай-ақ Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке де айналып отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз - бұл бүкіл әлемдік өркениетіне ерекше әсер еткені айқын. Әлемдік дін және конфессиялар басшыларының дәстүрлі сьезін өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының құрылуы Қазақстанды нағыз бейбітшіл ел екенін тағы бір қырынан танытып отырғаны даусыз.Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ел бастаған,ел қостаған,ел қалаған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Олардың қатарына Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрешілік етуіміз, Ислам конференциясы Ұйымын басқаруымыз,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы белсенділігіміз, Алматы мен Астана қалаларымызда өткен 7 Қысқы Азия ойындарының бізде өтіп, біздің жерлестеріміздің жеткен айтулы жетістіктері.Мұның бәрі-бәрі бір күндік еңбектің емес, айлап, жылдап тер төккеннің, талмай, тыңбай ,тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін. Осы жетістіктердің барлығы - елбасымыздың алдын болжай алатын, еліміздің жарқын болашағын нақтылайтын дұрыс саясаттың нәтижесі.Бұл нәтижелерге сонымен қатар елбасының жолдауы да бастау береді. Жыл сайынғы Қазақстан халқына арналатын жолдауы халқымыздың «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асыратын қысқа мерзімді бағдарлама іспеттес. Осы жылғы «Қазақстанжолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауымен танысып, жолдауды Мәңгілік Елдің жарқын болашаққа апарар жолын белгілейтін, қазақстандықтардың мақсаттарын айқын көрсететін құжат деп бағаладым. Бұл құжаттың әрбір идеясында, әрбір жолы мен санында халық саясатынан қолдау тапқан, ұлттық даму Стратегиясына негізделетін Елбасымыздың нық сенімі байқалып тұр.

Білім саласында жұмыс істегендіктен болар, жолдаудағы қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер, білім-ғылымға қатысты мәселелер жаныма жақын болды. Ұлттық білім берудің барлық сатысына оңтайлы оң өзгерістер енгізілмек. Мәселен, 2020 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, студенттер стипендиясының көтерілуі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақыларының артуы,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға айтарлықтай көмек көрсетілуі, үштұғырлы тіл саясаты, алдағы жылдары жалпы білім беретін мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту деңгейінің енгізілуі - осының бәрі Қазақстан елінің ілгері қарқынмен дамып, алдыңғы қатарлы 30 елдің терезесімен тең болатындай күнге жеткізетін үлкен жол торабының бір бағыты.

Әсіресе қоғамды толғандыратын қазақ тілі мәселесі жолдауда ерекше орын тапты. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгеруге жағдайлар түгелімен жасалып жатыр. Қазақ тілін үйренушілер саны жылдан жылға ұлғайып келеді. Елбасымыз былтырғымен салыстырғанда биылғы жылы қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскендігін де айтып кетті. Әрине, бұл жұмыстар тек қана дұрыс құрылған, болашақты болжай алатын жоспар негізінде жүзеге асырылады.

Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесіекеніңдіұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақтаөзелініңқожасы да, иесі де өзіміз. Біз - жаңа ғасыр, жаңамыңжылдықтыңжасұрпағы, егемендіеліміздіңертеңіміз.Сондықтан да мен адал азамат ретінде мемлекетімнің дамуынақандай да бір үлес қосуына маңдай ат салыспақпын.

© 2010-2022