Кәсіптік білім беру –Қазақcтан болашағының кепілі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кәсіптік білім беру -Қазақcтан болашағының кепілі



«Ер елінде - гүл жерінде» деп нақыл сөзде айтылғандай, оқыту, білім беру ұрпақтан ұрпаққа беріліп, өз Отанына қызмет ету ғасыр бойы жалғасып келеді. Отанға құрметпен қарап, өз жауапкершілігін түсіну - әрбір азаматтың міндеті. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Осындай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.

Тәуелсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық - ел ұстанымы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің ұлт болып қалыптасуымыз үшін өршіл мақсаттар қойып, адал еңбектенуімізді талап етті.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Енді осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.

Біздің еліміз үшін ерекше мағынаға толы болған өткен 2015 жыл Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесі өткізілді.

Әрбір мемлекет алдағы болатын оқиғаларды үмітпен күтеді. Біздің ел үшін ол әрине Ұлт жоспары Қазақстан Республикасының Президентінің демеушілік қолдауымен «Бес институционалдық реформаларды іске асыру- 100 қадам» болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесіне сәйкес қоғамдық игілікті істер ретінде білім және ғылым идеологиясы қалыптасатын болады. «Жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, білім беру мен ғылымды дамыту, бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан дамыған және әлеуметтік үйлесім факторы мемлекет өркендеуіне өз үлесін қосады». Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстан ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге кіріседі. Жалпы ғылым саласына соңғы жылдарда көп мән беріліп келеді. Осыған дейін 2 мыңнан аса ғылыми жобалар қаржыландырылды. Бүгінде 100-ден аса ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауы - бұл әрқашан еліміздің одан әрі дамуы үшін нақты іс-шаралар жоспары болып табылады. Қазақстан мемлекеті өскелең ұрпаққа үлкен үміт артады. Біз болашаққа сеніммен қарап, өз еліміздің және оның жетістіктерін мақтан етеміз. Қазақстан тәуелсіздік алуы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер, білім беру жүйесіне әсер етті. Бүгінде білім беру жүйесінде адам тағдырының ролі маңызды, сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән беріледі.

Елбасының «100 нақты қадам» жоспарында қазақстандық түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор көңіл бөлінген. Біліктілігі жоғары кадрларды дайындау процесіне басымдық беріледі, сол арқылы колледждер кезең - кезеңмен ағылшын тілінде оқытуға көшеді. Алдағы оқу жылында елорданың кейбір колледждерінде білім беру ағылшын тілінде жүргізілетін болады.

«Сендер әлемдік білім ордасында оқып, әлемдік қаржы орталығында еңбек ететін боласыңдар. Біз сендердің алаңсыз білім алып, қалаған кәсіптеріңнің шыңына жетулерің үшін барлық жағдайды жасадық. Бүкіл еңбегімізді, ерік - жігерімізді ұрпақтың болашағы үшін сарп етудеміз. Тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңге қарамай қолға алғанымыз - ол жастарға білім беру» деп, Елбасы Жолдауда атап өткендей, ағылшын тілін үйреніп, көкжиегімізді кеңейтуіміз қажеттігін, Қазақстан мектептерінде үштілділік белсенді енгізіліп жатқандығын атап өтті. Ағылшын тілі - компьютер, әлемдік ғылым, мәдениет тілі. Қазақстанда соңғы үш жылда 4 мыңнан астам шетелдік ғылыми маман тартылды. Бұл Қазақстанда ғылым тұтқасын ұстаған, ағылшын тіліндегі мамандарға сұраныс жоғары екенін білдіреді.

Батыс Қазақстан облысында 27 мемлекеттік колледждер мен 20,5 мың жалпы контингенті 11 мемлекеттік емес колледждер, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру үшін 38 мектеп жұмыс істейді. Оқыту жұмысшылар мен мамандар 77 мамандық және 143 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Қазақстандық ТжКБ жүйесі бәсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, еуразиялық көпмәдениетті, әртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын және техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мәдениеті мен дәстүрін қолдайтын тұлғаны қалыптастыруға бет бұрыс алды. Елбасының ТжКБ жүйесін жаңғырту бағытында берген тапсырмаларын орындауда біздің мақсатымыз - айқын, бағдарымыз - түзу. Бүгінде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар облысымызда жасалған.

Елбасының тапсырмасын орындау барысында, облыстағы техникалық және кәсіптік білім жүйесін қайта жаңғырту: дуалды оқыту жүйесін дамыту, бизнес пен жұмыс берушілердің белсенділігін арттыру, оқыту мен өндіріс арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту, үштілді кадрларды дайындау, Е-learning, электронды оқыту жүйесін толық енгізу, ҰБШ, СБШ негізінде кәсіптік стандарттар жасақтау, 12-жылдық білім жүйесіне көшу бағытында, ТжКБ мазмұнына өзгертулер енгізу, кредиттік, қашықтықтан оқыту, модульдік технологиялар белсенді енгізу мәселелері оң шешімін табуда.

Ғасырдан астам тарихы бар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі Қазақстан Республикасының ежелгі оқу орындарының бірі, 1913 жылы оқытушылар семинариясы болып ашылған, 1922 жылы педагогикалық техникум болып құрылып, 1937 жылы педагогикалық техникум Орал педагогикалық училищесі болып өзгертілді. 1957 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтта педагогикалық факультет құрамына еніп, педагогикалық училище өз жұмысын тоқтатқан. 1967 жылы факультеттің жабылуына байланысты педагогикалық училище қайта ашылды. 1994 жылдан бастап педагогикалық училище, педагогикалық колледж болып мақсатын, міндет, мазмұндарын өзгертті. 1998 жылы колледжге Алаштың Батыс өлкесіндегі өкілдерінің бірі Ж.Досмұхамедовтің есімі берілді.

Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж өз тарихын сонау 1903 жылы педагогикалық курстар мен 1913 жылғы мұғалімдер семинариясы болып бастаған ұзақ ғұмырлы білім ордаларының бірі. Оның өткен белестері Қазақстанның тарихымен тікелей тағдырлас. Туған еліміздің жас ұрпағына алғаш әріпті танытудан бастап, ағартушылық қызмет биігіне дейін көтерілген сан алуан азаматтар есімі осы оқу орнымен тікелей байланысты. Колледжіміздің тарихы - Ақ Жайық өңірінде бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындаған оқу орындарының жалғасып жатқан тәжірибесінің шежіресі деп мақтанышпен айтамыз.

1877 жылы Оралда әскери реалдық училище - қазіргі педагогикалық колледж орналасқан ғимаратта өз есігін ашты. 1896-1906 жылдары Оралдағы әскери реалдық училищеде халқымыздың көк байрағы көгімізде желбіреуіне ат салысқан, Күнбатыс Алаш-Орда үкіметінің көшбасшылары: Жаханша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Сабыр Сарығожин, Ғұбайдолла Бердиев сияқты қазақ азаматтары білім алды.

«Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім» ұранын ұстанған колледжде бәсекеге қабілетті кәсіби орта білікті мамандарды даярлау, білім беруде озат әдістер мен технологияларды тиімді қолдану, педагог кадрларды дайындап қана қоймай, білімдерін жетілдіру, ғылыми жаңалықтарын практикаға енгізу жолындағы жұмыстар жүзеге асырылуда.

Бәсекеге қабілетті маман даярлау сапасына Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай білім беру қызметін ұсыну сапасы мен білім алушылардың шығармашылықпен, өзбетімен жұмыс істеуіне және құзыреттілігіне жауапкершілікпен қарайтын оқытушылар құрамының қызметі үлкен әсер етеді. Бүгінде 11 мамандық бойынша педагог кадрлар даярлау мақсатында 125 оқытушы жұмыс жасайды, колледж директоры Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 11 магистр, 2 оқытушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алуда.

Колледжде ғылыми мектеп ашылған, бұл мектепте педагогтардың біліктілігін арттыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде колледж жанында 2000 жылдан бері педагогикалық мамандықтар бойынша базалық республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Колледж педагогтары мен жұмыс берушілерден құралған авторлық ұжым Ш.Х.Құрманалинаның басшылығымен «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Негізгі орта білім» мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын, кіріктірілген оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын даярлау, Астана қаласының «Фолиант» баспасынан жарық көрген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Даму банкі арасындағы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту» жобасы шеңберінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Кәсіптік оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» кәсіптік стандарттарын, «Кәсіптік стандарт негізінде ТжКББ мамандықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын жасақтау» әдіснамасын, теориялық және практикалық тест тапсырмаларын жасақтауға қатысуда. Елбасы Жолдауларында халықтың денсаулығын арттырудың маңызды көзі - саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, тәуелсіздік жылдарында бірнеше спорт кешендері салынды. Осыған орай колледж салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықты шыңдап, балаларды шынығуға үйретіп, болашақта заман талабына сай мамандар даярлауда.

2003 жылы математиканы оқыту әдістемесінен электрондық-әдістемелік жүйе «Білім берудегі программалар мен ақпараттық технологиялар» атты республикалық көрмеде ІІ орынды иеленді.

2004, 2006 жылдары колледж «ТМД және Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыру» III, IV халықаралық форумына белсене қатысып, дипломант атанды.

2005 жылдан колледж Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұжымдық мүшесі.

2007 жылы «Мемлекеттік тіл - елдігіміздің алтын тұғыры» атты мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіруге арналған оқу-әдістемелік кешендердің республикалық көрмесіне, 2008 жылы Ресей Федерациясы Астрахань қаласында өткен «Образование -инвестиции в успех» атты халықаралық көрмеге қатысып, Астрахань әлеуметтік-педагогикалық колледжімен меморандумға қол қойылды.

2008 жылы Алматы қаласында өткен «Ең үздік әдістемелік қызмет» республикалық байқауында Гран-при-ге ие болды.

2009 жылы сәуірде колледж қабырғасында «Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту жағдайында педагог кадрларын даярлаудың рөлі» атты республикалық ғылыми- әдістемелік конференция өтті. Мамандықтар жәрмеңкесінде жұмыс берушілерге әр мамандық туралы анықтама беріліп, студенттер интерактивтік тақта көмегімен сабақтарынан үзінді көрсетті.

2009 жылдан бастап 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқу - тәрбие үрдісіне кредиттік және қашықтан оқыту жүйесін енгізу эксперименті басталды.

Колледжде ақпараттық оқыту ортасы, оқытушылар мен студенттер үшін автоматтандырылған оқу орындары жасақталған. 267 компьютер, 33 мультимедиялық, интерактивтік проекторлар, 2 электрондық оқу залы, 10 компьютерлік класс, 14 мультимедиялық кабинет, 6 интерактивтік тақталар, ActivBoard, ActivStudio, ActivTablet, Activout, жылжымалы экрандар, Work-Center мини-типографиясы қолданылуда, барлығы колледжішілік желіге және бүкіләлемдік интернет желісіне қосылған.

Көптілділік мәселесі - тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем алдында шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі. Колледжде орта білімнің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыру үшін көптілді оқытуды енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2011 жылы «English Discoveries Online» бағдарламасы шеңберінде «Ағылшын тілін оқытудың біріктірілген кешенді жүйесі» базалық, орта және тереңдетілген деңгей бойынша 17 мультимедиялық оқу курсы алынып, оқу үрдісіне онлайн режимде енгізіліп, алғашқы түлектер - ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып, информатика, өзін-өзі тану, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, барлығы 100 түлек биыл колледжден қанат қақты.

Бүгінде колледж - бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, орта буын мамандарын даярлайтын ғылыми-әдістемелік білім беру кешені, тәрбиелеу және білім беруді интеграциялау, ғылыми зерттеулерді енгізу орталығына айналды.

Биыл колледж білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредитациялауынан сәтті өтіп «Институционалдық аккредитациялау туралы куәлігіне» ие болды. Бұл сапалы маман дайындау жолында жүзден астам жыл қызмет етіп келе жатқан ұжым еңбегіне берілген үлкен баға екендігі анық.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жаңа миссиясы - адами рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіру арқылы қоғамның интеллектуалдық элитасын дайындау, оқу үрдісі мен инновациялық бағыттарды интеграциялау негізінде қоғам, мемлекет және тұлғаның өмір бойы қолжетімді және сапалы нәтижеге бағытталған техникалық және кәсіптік білімге қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы миссияны орындау бағытында педагог мәртебесін көтеруге негіз болып табылатын жаңа бағытта білім беру үдерістері жоғары деңгейде тиімді ұйымдастырылуда. Колледж болашақ мұғалімдерді даярлап, ауыл мектебінің білімдік және ғылыми-әдістемелік орталығына айналып, ұлттық идеяны іске асыра отырып, мұғалімдердің кәсіби әлемінің жаңа бейнесін қалыптастыруда.

Қазіргі заманғы педагог - жаңашыл, жетекші, зерттеуші, ғылыми жетекші. Оқыту, сонымен бірге оқыта отырып үйрену оқытушының бүгінгі күннің үддесінен шығып, жас ұрпақтың болашаққа сенімін қалыптастырады.

Қазіргі заманғы педагог - өз ісінің ұйымдастырушысы.

Мамандарды даярлау сапасы оқытушының кәсіби құзіреттілігі мен білім, білік дәрежесіне тікелей қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі - бұл қазақстандық кадрлардың қалыптасуы мен ел дамуының негізі. Колледждің педагогикалық ұжымы білім беру үрдісіндегі озық дәстүрлерді сақтай отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыретті маман даярлаудың жаңа жолдарын іздеуде тынымсыз еңбектенеді.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж болашақта әліде көптеген өз ісінің шебер педагог мамандарды дайындайтынына жүз пайыз сенімдімін Ш.Хайроллақызының бастауымен бағындарар белесіміз әлі алда. Бұған педагогикалық колледждің студентеррі кепіл бола алады. Қазақ балаларының жоғары білім алуына осы мамандардың сіңірер еңбегі өте мол.

«Сенде бір кірпіш дүниеде, Кетігін тапта бар қалан» - дегендей болашақ ұрпақтың өмірден өз орнын тауып, кірпіш болып қалануына біздің колледж мамандары бағыт-бағдар беріп, демеу болатындай жұмыс істеп, болашаққа деген баспалдағын дұрыс бастауына ықпал болады деп мен сенемін.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуатын ең алдымен азаматтарымыздың білімімен өлшенеді. Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаматтығымыздың алдаспаны» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай ең басты құндылығымыздың бірі-ол білім.

Қазіргі реформаларға байланысты нарықтық білім беру бағдарында колледжімізде үш тілдік оқыту аясы кең қолданылуда, бұл болашақ маманның бәсекеге қабілтті, жұмысқа деген сұранушылардың көптігін туғызуға мол мүмкіндік береді. Колледжіміз заманауи оқу үлгілерімен білім беруде бұрындағысы, қазіргісіде, болашақта да өз заманына лайықты сапалы білім берудк көптеген мүмкіндік бөлінген. Осының арқасында жақсы маман болып қалыптасамыз.

МУХСИНОВА АСИЯ НАРИМАНҚЫЗЫ

- Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің бірінші санатты арнайы пән оқытушысы, «Үздік педагог - 2015» республикалық байқауының жүлдегері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты

Сұпығалиев Ернат Ерболатұлы

Конференцияға қатысушы туралы мәлімет

Автордың толық аты - жөні

Сұпығалиев Ернат Ерболатұлы

Оқу орнының атауы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Мамандығы, курсы, тобы

«Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі»

1 а КШИ

Ғылыми жетекшісінің аты- жөні

Мухсинова Асия Нариманқызы

Ғылыми бағыты

Колледж және мектеп: кеше, бүгін, ертең

Мақаланың тақырыбы

Кәсіптік білім беру -Қазақcтан болашағының кепілі

Байланыс телефон

87755040029

Электрондық поштасы e-mail


Қатысу формасы




© 2010-2022