Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер

Сейтмағамбетова Рита Өмірзаққызы Тоғыз орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ақтөбе облысы ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сейтмағамбетова Рита Өмірзаққызы

Тоғыз орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Шілікті ауылы

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың тақырыбы:Сан есім.Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты: білімділік - сөз таптары туралы ұғымдарын кеңейту, сан есім, дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру, сан есімді басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету; тәрбиелік - ұжымдық, жұптық жұмыс барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, туған жерді сүюге, халықтың салт-дәстүрінен тағылым алуға, инабаттылыққа баулу, патриоттық сезімдеріне әсер ету; дамытушылық - ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенділігін жандандыру, өз ойын, пікірін еркін айта білуге қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Шалқар ауданының картасы, танымдық ойындар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, өлең, сөзжұмбақ.

Түрі: саяхат сабақ.

Типі: жаңа материалды меңгерту.

Әдісі: дамыта оқыту, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау, жинақтау, ой қорыту, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих, математика, ән-әуез.

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгілеу, сабақтың түрімен, мақсатымен таныстыру, « қызығушылығын арттыру».

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда өзіміздің туып өскен жеріміз Шалқар ауданына саяхатқа шығамыз.Біз бірнеше мекемеге саяхаттайтын боламыз.Ол үшін тапсырмалар мен жаттығулар орындауымыз шарт.

2. Өткенді қайталау.Саяхатымызды бастамас бұрын Шалқар туралы Үмбетбай

Уайдиннің мына бір өлең жолдарына назар аударайық:

Шалқардың құм деп жерін қомсынбаңыз,

Құмы - құт, суы - байлық, осында аңыз.

Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,

Батырлар, бақыттылар осындамыз.

Енді өткенге оралайық. «Мағынаны ажырату».

  • Біз қандай үлкен тараумен танысып жатырмыз? (Сөз таптары)

  • Қандай-қандай сөз таптарымен таныстық? (зат есім, сын есім)

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушылар өлеңге талдау жасап, өткенді қорытындылайды.

3. Жаңа сабақ.Жаңа сабағымызға көшіп, саяхатымызды бастайық. Енді Шалқар ауданына бару үшін ойын шарты бойынша жаңа сабақты талдап көрейік. Бүгінгі танысатын тақырыбымыз: «Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер».Тақтаға тақырып жазылады.

Шалқар ауданы Ақтөбе облысының оңтүстігінде 363 км. жерде орналасқан.Ақтөбе облысы Бүкілодақтық Атқару Комитетінің 1932 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен қайта құрылып, Ақтөбе облысының құрамына енді.Қазіргі таңда аудан 46133 адам мекендейтін 1 қалалық, 12 ауылдық округтен тұр.

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Мәтінге талдау жасап, сан есім, дара және күрделі сан есім туралы ережені оқушылар өздері шығарады.

«Топтастыру».


Сан есім

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Дара Күрделі

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Келесі сіздердің тамашалап тұрғандарыңыз - Шалқар ауданының Теміржол вокзалы.

1901-1903 жылдары Орынбор-Ташкент теміржол құрлысы басталды.1903 жылы Шалқар теміржолының іргетасы қаланды.

Шалқар Теміржол вокзалының да тапсырмасын орындайық.

Мақал - сөздің мәйегі.

1-топ а) Қызға ......... үйден тыю.

ә) ........ жұрттың тілін біл.

б) ....... ала болса, ауыздағы кетер,

........ түгел болса, төбедегі келер.

2-топ

а) ......... елі ауызға, ...... елі қақпақ.

ә) ........ атасын білмеген - жетесіз.

б) Жігітке ........ өнер де аз.

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Келесі сіздердің алдарыңызда аудан әкімшілігінің әсем ғимараты.Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты жаңа құрылым-әкімшілік (аудан әкімдігі) өз қызметіне 1992 жылдың басынан бастап кірісті.Бұл ғимараттың да тапсырмасын орындап көрелік.

«Білімпаздардың қалашығы». Оқулықпен жұмыс.1-топқа 159-жаттығудағы дара сан есімдерді,ал 2-топ күрделі сан есімдерді теріп жазу.

Келесі сіздердің тамашалап тұрғандарыңыз Шалқар аудандық мәдениет үйі.Мәдениет үйі 1977 жылдан бастап халыққа қызмет етіп келеді.Аудандық мәдениет үйінде эстрада, күй, терме, баян, драма, би, түрлі үйірмелер жұмыс жасайды.Бұл жерде де бізге тапсырма әзірленген.

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Тапқыр болсаң, тауып көр.Жұмбақтарды шешіп,сан есімдерді құрамына қарай талдау.

1-топ 2-топ

Сақталады 6 ай жаз, Қалқиып екі құлағы,

Сандығымда сары аяз. Елеңдеп қорқып тұрады.

(тоңазытқыш) ( қоян)

Осындай өздеріңіз жұмбақ құрастырыңыздар.

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Келесі сіздердің тамашалап тұрғандарыңыз - аудандық емхана.2007 жылдың қазан айында аудандық емхана жаңадан салынған екі қабатты ғимаратқа көшті.Жаңадан заманға сай медициналық құрал-жабдықтар алынды, тұрғындардың емделуіне,медициналық қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. «Білімпаздар қалашығы» (семантикалық карта)

1-топ

Сөздерден сан есімдер шығарып, құрамын анықтау.

Сандар-

ды жазу.

Дара сан есімдер.

Күрделі сан

есімдер.

Кекілік

Түшкіру

Алтын жүзік

Жетілді

Жүзім біркелкі пісіпті.

Тоғызқұмалақ


2-топ

Сөздерден сан есімдер

шығарып, құрамын анықтау.

Сандарды

жазу.

Дара сан есімдер.

Күрделі сан

есімдер.

Күшті

Балтыр

Тон сегіз еді.

Мыңбай - күшті жігіт.

Оның бесігі.

Қырық жеті мал.


Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Сіздердің алдарыңызда - Шалқар минералды суы мекемесі.Шалқар қаласының маңында жоғары палеоген сулы қабатынан алынатын шипалы су. 1961 ж. Барланып, 1962 жылдан пайдаланып келеді.Шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шалқар минералы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.Бұл жерде де бізге тапсырма әзірленген.

Ойтолғаныс стратегиясы.Сан есімдерді қатыстырып, берілген тақырыптарға ойтолғау жазыңдар.

1-топ - 20 теңгемен сөйлес.

2 - топ - 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

Саяхатымыздың соңын пошта-телеграф мекемесімен аяқтаймыз.1905 жылы Шалқарда пошта-телеграф бөлімшесі ашылды.1993 жылы телеграф қызметі жеке шығып, пошта мекемесі болып аталды.

Белгілі Шалқар ауданының термешісі Әділбектің орындауындағы «Кіші жүздің ерлері» атты термені үнтаспадан тыңдап, сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдау.

Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:1. 157-жаттығу. 2. 158-жаттығу.Сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрау.3.Сан есімдерді пайдаланып жаңылтпаш құрастыру.




Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.


© 2010-2022