Урок по казахскому языку тема Менің сүйікті газетім (10 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку тема Менің сүйікті газетім (10 класс)Урок по казахскому языку тема Менің сүйікті газетім (10 класс)10 сынып. Қазақ тілі

I. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті газетім.

II.Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Газеттің адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіру.

2. Дамутышылық :оқушыларды сын тұрғысынан ойландыру арқылы қорытынды жасауға, өзінің пікірін айтуға дағдыландыру, өз бетімен іздене білу қабілеттерін арттыру. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлету.

3. Тәрбиелік: Газет оқудың пайдасы туралы ой қозғау.

III.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, көрсету, салыстыру, топтастыру.

IY.Сабақтың көрнекілігі: суреттер,кластер,слайдтар.

Сабақ кезеңдері:

I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Ассоциация құру. Адам өмірінде газеттер қандай рөл атқарады?

Газеттердің қоғамдағы рөлі

газеттерді

III. Алдыңғы сабақта өткенді қайталау:

Сұрақтар қою арқылы ауызша алған білімдерін тексеру.

Алдыңғы сабақта өткен жаңа сөздерді сөздік диктант жаздыру арқылы жазбаша грамматикалық сауаттылығын тексеру.

IY.Жаңа сабақ барысы: Жаңа тақырыпқа байланысты презентация көрсету. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру.

Сөздік жұмысын жүргізу:

Газет оқу - читать газету

Маңызды - важный

Жарнама - реклама

оқығанды ұнатамын - нравиться читать

жергілікті газеттер - местные газеты

мақала - статья

қоғамдық - общественный

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді тізбекпен оқып, аудару. Мәтінге бірнеше сұрақ қою. Мәтіннен жаңа сөздерді табу.

V. Бекіту

Газет сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Кластер жасау. Топпен жұмыс жүргізу.

«Маған ұнайтын жергілікті газеттер» 1 топқа

«Газеттердің пайдасы» 2 топқа

VІ. Қорытындылау

Топтар өз кластерлерін қорғайды, бағалайды стиккерлер арқылы.

Әр оқушы сабақтың аяғында мынандай кестені толтырады.

Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?

YII. Бағалау: Жұмыс түрлеріне байланысты сабақты бағалаймын.







9 сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қазақтың қылқалам шеберлері»

Мазмұндаманың түрі: дайын мітін бойынша мазмұндама

Оқушыға қойылатын міндет: мәтінге жуық мазмұндау

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан олар тағлым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын сөзбен көріп
Жастықта сайран етер болып ғайып» - деп ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай қандай өнер болмасын, әр өнердің өзіндік ерекшеліктерін жоғарыдан байқаймыз.

Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі - суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Жоспар құрғызу

Жаздыру

Қорытындылау



© 2010-2022