Баяндама Шетел тілін үйрену әдістері

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шетел тілін үйрену әдістері.

Байдрахманов Мұратбек Сұлтанбекұлы

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Октябрь ауылы, Совхоз орта мектебінің Ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Шет тілін білу - уақыт талабы. Уақыт бізге өзінің заңдарың ұсынуда; адам қандай мамандық иесі болсада, немен айналыссада ол адам білімді және жан-жақты болу керек. Егер өзінің ішкі мүмкіндіктерін дұрыс бағаласа, уақытын тиімді пайдалана білсе, жақсы көретін ісімен мұқият және тиянақты айналысса кез-келген адам мақсатына жете алады. Шет тілін үйрену қиын да қызықты істердің бірі.

Шетел тілі ... . Ол бізге не үшін керек? Неге оны мектеп бағдарламасына қосқан? Неге ол соңғы кезде танымал болды, әсіресе, жастардың арасында? Кім үшін үйрену, не үшін үйрену керек? Біздің шетел тіліне деген қөзқарасымыз қандай болу керек? Қазіргі оқушыларымыз мектеп қабырғасында шет тілін толық меңгеріп жүр ме? Болашақта жастарымыздан мықты полиглоттар шығама? Жалпы қоғамның шет тілін білу тек қана уақыт талабымен болмай, оған деген қөзқарасты өзгерту керек. Шетел тілін үйрену міндетті пән немесе міндетті білу керек тіл ретінде қарамағай, ол адамның ой-өрісінің кеңістігін кеңейтетін құрал ретінде қарау керек. Сол кезде үйренуші оқушыға тіл - қызықты және қажетті болып көрінеді. Тіл үйренгенде көптеген қызықты нәрселерді біліп, өзіне ашылмаған әлемді ашып, үйренуге тұрарлық көптеген істер жасар еді

Дүние жүзінде жалпы саны 6000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен. Бірнеше тілдерде миллиардтаған адамдар сөйлейді, қалғандарында - жүздеген. Ең көп әлемде тараған тіл - қытай тілі. Осы жеті мың тілдің ішінен әлемде кең таралған он тіл бар деп есептелінеді. Яғни, жер бетінде өмір сүретін адамдардың елу пайыздай осы он тілде сөйлейді. Ал сонда қалған халықтардың тілдері неге кең таралмаған, неге азғантай ғана тілдер танымал? Мына тілдер - қытай (1 миллиардтан астам адамдар сөйлейді), ағылшын (508 миллион), хинди (497 миллион), испан (392 миллион), орыс (277 миллион), араб (246 миллион), бенгали (211 миллион) , португалдық (191 миллион), малай-индонезиялық (159 миллион), француздық (129 миллион) тілдер әлемде көп таралған.

Қазақ тілі тізім бойынша 58 орында. Біздің тілде 14 000 000 астам адам сөйлейді. Таралған мемлекеттер: Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеті.

Осы он тілде сөйлеген адам екі-үш миллардтай адамдармен еркін қарым-қатынаста болып, әлемнің кез-келген елінде жүріп тұра алады.

Осындайда сұрақ туады. Неге осы тілдердің ішінен мектептің міндетті оқу бағдарламасына ағылшын, француз немесе неміс тілдерін таңдап алынған? Соңғы 50 жылда баспа өнімдері көп сұранысқа ие болды. Сондықтан қай тілде көп баспа өнімдері шығып тұрды, сол тіл кеңінен қолданылды.Әлемде көптеген кітаптар әсіресе, техникалық кітаптар орыс тілінде шығарылады. Көптеген елдерде орыс тілін терендеп оқытады. Ағылшын тілінде көбінесе әлемде газеттер мен журналдар, соңғы кезде ғаламторда көп ақапарат таралған. Бұл жерде әр халықтың басынан өткен тарихыда көп әсер етті.

Тілдерді үйрену қиын ба?

Егер әйгілі Трояны ашқан атақты неміс археологы 14 тілді білген Генрих Шлиманға алғашқы екі тіл үйренуге әрқайсысына бір жылдай уақыт кетсе, қалған тілдерді үйренуге санаулы айларда меңгеріп алған деседі. Мүмкін, тілдерге деген бөлек қабілеті болған шығар. Мүмкін, бірақ негізінде өзінің еңбегінің арқасында осындай жетістіктерге жеткен. Шлиманның еске сақтау қабілеті нашар болған, бірақ ол жас кезінен бастап ежелгі әлемді зерттеуге бар ғұмырын арнағысы келеді. Бұл мақсатқа жету үшін оған көптеген тілдерді білу керек болды. Сондықтан ол бірінші еске сақтау қабілетін күшейту үшін мақсаттар қойды. Жалықпай, ерінбей және күшейтілген жаттығулармен ол күн сайын жиырма бетті прозалық мәтіндерді оңайлықпен жаттап алатын болған. Сөйтіп ол өзінің еске сақтау қабілетін жақсартқан. Тіпті, тіл үйренушілерге арналған испан тілінде жазылған кітапты жаттап алған, және осы кітап кезекті жаңа тілді үйренгенде көп көмегін тигізген. Мысалы, үйренуге қиын тіл деп саналатын орыс тілін ол алты аптада үйреніп алған.

Тарихта жалпы көп тіл білетін адамдар -полиглоттар - аз болмаған. Даниялық профессор Раек (1787-1832), сэр Джон Бауринг (1792-1872), дәрігер Гарольд Уильямс (1876-1926), итальяндық кардинал Меццофанти (1774-1849) әрқайсысы 28 тілде еркін сөйлеген. Бертінде ең танымал полиглот Джордж Генри Шмидт 1965-1971 БҰҰ Терминология бөлімін басқарған. Жұмыс кезінде ол 19 тілде сөйлескен, соның сыртында қасындағы адамдармен басқа 12 тілде қарым-қатынас жасаған. Британдық Джордж Кэмпбелл Би-би-си арнасының шетел бөлімінде 54 тілде жұмыс жасаған деседі. Бірақ орта ғасырларда көп тіл білген адамдарға халықтардың әр түрлі қөзқарасы болған. Олардың ойларынша «көп тіл білген адам» бөлек дүние адамдары, олардың бойында шайтандық күштер бар, әйтпесе үйрене алмайтын еді деп санаған. Мысалы, мынадай оқиға болған. Финляндияда, XVII ғасырда студентті басқа халықтың тілдерін үйренген үшін сотқа берген. Сотты церковь қолдап, студенттің «бойында шайтан бар» деп өлім қазасына шешкен.

Қәзір тілге деген қабілеттіктерін адамдар көп жағдайда дамыта алады. Осы уақытта көптеген аудио жаттығулармен бірге кітаптар, ғаламтордағы онлайн сабақтар т. б. тез және оңай меңгеріп алуға болады. Ғалымдар мен психологтар адам тілді ерте жасында үйрене бастаса жылдам меңгереді деген тұжырымдама жасаған. Сондықтан неғұрлым ертерек бастаса, жақсы нәтижелерге жетеді. Тағы бір қағида; адам көбірек тіл білген сайын неғұрлым жаңа тілді үйрену оңай болады. Ең басты қиыншылық - тіл үйренуді бастау.

Жалпы көптеген тіл үйрену жолдары бар. Ең танымал және көп таралған әдіс - төте әдіс. Көптеген тіл үйренушілер осы әдіспен үйренеді; тәлімгер оқыту-көрсету мен айналысады. Және сөз қорын көбейту үшін жаңа сөздерді қайталауға көп уақыт бөледі. Жаңа сөздерді түсініп, тілдің ережелерін біліп, оқуды меңгеріп адам тілді үйренеді.

Екінші әдіс - лингофоникалық. Тілді үйрену тыңдау дағдысы арқылы, яғни үйренуші аудио-таспалардан үйренеді. Аудио-таспаларда сонымен бірге жан-жақты түсінік беретін мәтіндер болады. Осы екі әдіс мектептердегі сабақтарда көбірек қолданылады, және олар бір-бірін байланыстырып үйренуді жеңілдетеді. Кез-келген жағдайда ең тиімді жол; ең бірінші алғашқы сатыда фонетика, грамматика негіздерін, лексиканы толық меңгеріп алу керек. Бұл мықты фундамент, қалғандарын меңгеру оңай болады. Шет тілін үйрену өлең айту әдістерін үйрену сияқты. Кім әнмен әуестенгісі келеді, ол ең оңай нотадан немесе сольфеджиодан бастайды. Ең бастысы ыждағаттылықпен және оңай әдістен бастап күрделі тапсырмаларды орындау керек. Тағы бір жағдай - оқу үйренген кезде адамда өте жақсы еске сақтау қабілеті, логикалық ойлау мықтылығы, жұмыс әдетінің тәртіптілігі болу керек.

Ең көп таралған үйрену әдіс - жылдам әдіс. Осы әдісте тілдің құрылысын, грамматикасын үйрену міндетті емес. Оқу кезінде теорияға азғантай уақыт жіберіп, қалған уақыты сөйлесу дағдысына бөледі, яғни, ең басты көп таралған сөздерді қолданып сөйлеу мәнерін меңгертуге көңіл бөлу.

Бұл нені білдіреді?

Мысалы, орыс тілінде жарты миллионға жуық сөздер бар. Сіздің ойыңызша, барлық сөздерді іс жүзінде қолданадыма? Орыс тілінің алыбы Пушкин өзінің барлық өлеңдерінде жиырма бір мыңға жуық сөзді пайдаланған. Тіпті Шекспирдің өзі 33.000 сөздерді ғана қолданған.

Ағылшын тілінде 490.000 сөз және 300.000 техникалық терминдер бар. Бірақ ағылшын тілінде сөйлейтін адам тек қана 60.000 сөзді ғана пайдаланады.

Лингвистерде мынадай мәліметтер бар; ең көп кездесетін жүз сөз ауызша және жазбаша түрінің 20 пайызын алады, екі мыңға сөз 80 пайызында кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде көп мағына және аударма беретін «set» деген сөз бар. Осы сөздің 58 аударма зат есім ретінде, 126 аударма етістік ретінде, 10 аударма есімшеден құралатын сын есім ретінде аударады.

Тіл үйренушіге кеңестер.

Тіл үйренушіге кеңестер мен әдіс-тәсілдердің көптігінде сөз жоқ. Қазіргі заманда интернеттен қалаған тіліңізде осы тақырыпқа сәйкес келетін ақпаратты таба аласыздар. Соның бірі кәсіби аудармашы Като Ломбтың кеңестерін ұсынып отырмын.

Като Ломбтың кеңестері.

Като Ломб- көп тіл білген кәсіби аудармашы. Өзі білетін тілдердің біразын тек оқулықтар мен әдеби кітаптарды оқу арқылы өз бетінше меңгерген екен. Өзінің тілдерді меңгеру әдісі туралы «Мен тілдерді қалай үйренемін» атты кітабында жазып кеткен.

Оның тіл үйренушілерге арнаған кеңестеріне құлақ асыңыздар:

1. Күнделікті тіл үйренуге көңіл бөл. Егер тіпті уақытың болмаса, ең болмағанда күнде 10 минут уақытыңды бөл, әсіресе таңертеңгі уақыт қолайлы.

2. Егер тіл үйренуге деген құлшынысың әлсірей бастаса, асықпа, бірақ сабақты да тастама. Басқа бір жолын ойлап тап: кітабыңды қоя тұрып, радио тыңда; жаттығудан ішің пысса, сөздікті алып сөздерді оқы т.с.с.

3. Ешқашан жаттама, ешнәрсені контекстен бөлек еске сақтаудың қажеті жоқ.

4. Мүмкіндігінше көп жағдайларда, күнделікті өмірде қолдануға болатын «дайын фразаларды» жазып алып, еске сақта.

5. Мүмкіндігінше барлық нәрсені ойша аударуға тырыс: жарнаманы, афишадағы жазуды, естіп қалған әңгіменің үзіндісін т.с.с.

6. Мұғалім тексеріп берген нәрсені ғана еске сақтау керек. Қате жазылған жаттығуларыңды қайталап оқыма, сол қатесімен жаттап алу қаупі бар. Егер өз бетіңше тіл үйренетін болсаң, алдын ала дұрыс берілген, тексерілген нәрселерді оқып, қайтала.

7. Дайын фразаларды, тұрақты тіркестерді жазып алып бірінші жақта жекеше түрде қолдан.

Мысалы: «I am only pulling your leg» (Мен тек сені мазақтап тұрмын).

8. Шет тілі қамал сияқты, оны бір сәтте жан-жақтан шабуыл жасау арқылы ғана ала аласың: газет оқу, радио тыңдау, көркем фильм көру, шет тілінде дәрістер тыңдау, оқулықпен жұмыс істеу, хат алмасу, тіл білетін адамдармен кездесу, әңгімелесу.

9. Үйреніп жатқан тілде сөйлеуге қорықпа, қате жіберемін деп ұялма, тіл білетіндер болса, қатеңді жөндеуге көмек сұра. Ең бастысы басқа адамдар қатеңді жөндегенде уайымдама, ренжіме және ашуланба.

10. Қандай жағдай болса да мақсатыңа жететініңе сенімді бол. Оған сенде жеткілікті күш-жігер де, қайрат та, қабілет те бар!

Като Ломбтың ұсынған тілді меңгерудің нәтижесін анықтайтын формуласы:

жұмсалған уақыт + қызығушылық = нәтиже

Бұл формуланы аздап нақтылап былай да беріп жүр:

(жұмсалған уақыт + қызығушылық) / ұялу (қате жіберіп қоямын деген қорқыныш) = нәтиже

Тілде сөзді қолдану әр түрлі. Кейбіреуі әр кез қолданыста, қалғандары сирек кездеседі. 1911 жылы Элдридж ағылшын тілін үйренетін арнайы американдық-иммигрант жұмыскерлер үшін «Көп пайдаланатын 6 мың сөз» деген кітап жазды. Сол заманда ең жақсы сұранысқа ие болған еңбек болды, оны Үкімет қолдап көп тиражбен басып шығарды. Осы еңбек кейіннен тілдік көмекші-кітапшаларға үлгі ретінде алынды. Жиі кездесетін сөздердің аударма кітаптарында сөздер мына тәртіппен орналасады; бірінші көп кездесетін сөздер, екінші кейбір-кезде, ал үшінші өте сирек кездесетін сөздер орналасады. Ағылшын тілінің әдеби мәтінінде, ғалымдардың айтуы бойынша, 70 пайызында ең көп таралған 500 сөздер болады. Бір мың сөз - сөздік қор екі есеге өсті - 80,5 пайызында, екі мың сөз және үш мың сөз 90 пайызында болады.

Ал мәтінді түсіну үшін қанша сөз білу керек?

Егер шет тілі мәтіндегі сөздердің 60 пайызының аудармасын білсеңіз мәтіннің мазмұнын түсіне алмайсыз.

60-80 пайыз аудармасын білсеңіз оқушы автордың ойын бағдарлай, жалпы мазмұны мен ең бастысын белгілеп, аудармадан іздеуге тура келеді.

80-90 пайызында мәтіннің мазмұнын түсініп, оны ана тілінде қайталап, кейбір сөздерді аудармадан іздейді.

Егер сіз 90-95 пайызын аудармасын түсінсеңіз, өз ана тіліндегі мәтіннен айырмашалығы болмайды. Аудармасын білмеген сөзді оқушы мәтіннің мазмұнына қарай, аудармадан іздемей, мағынасын түсінеді.

Танымал сөздердің жиі кездесуі жазбаша түріне қарағанда ауызша түрінде көп. Ағылшын лингвисті Макс Мюллер айтуынша қарапайым ағылшын адамдары үш жүз сөзді ғана пайдаланалады екен. Америкаға көшіп барғанда Альберт Эйнштейн бірден ағылшын тілінде сөйлеп, тез арада толық меңгеріп алған. Ал оның сөз қорында не бары екі жүз- үш жүздей ғана сөз болғанын мемуаристер бірнеше кітаптарында жазған.

Статистикаға сүйенсек, адамның қабілеті ең кем дегенде бес шет тілін үйренуге жетеді. Және кез-келген шет тіліндегі отыз-қырық шақты сөзді бір сағатта жаттап алуға болады екен. Кезінде болгарлық мамандар суггестопедия әдісін ұсынды. Бұл әдіс жылдам үйренуге арналған. Ол әдісті кеңестік тіл мамандары әрі қарай жетілдірді. Бұл әдісте ең басты назар гипермнемозия, яғни еске сақтаудың күштілігі - оқушыға жаңа тілдің ортасы ұйымдастырады және «сөйлеу мәнері» дағдысы жетіледі. Мүмкін, бас кезінде қателіктер болар, бірақ жаңа тілді меңгеру тез жүреді. Дәстүрлі әдіске қарағанда бұл әдіс уақытты үнемдейді. Лингвистердің тұжырымдамасы бойынша; егер тіл тез үйренген келсе, сөздерді оқы, қарым-қатынас ортасына дағдылан және қарапайым сөйлеуден баста - үйде, отбасында, мектептегі достарынмен.

Сондықтан шет тілін білу, оқу және сөйлеу кез-келген адамның қолынана келетін іс. Адамда шет тілін үйренгенде нәтижелі мақсат болу қажет (шетелге қыдыру, аудармашы жұмысын алу, сүйікті әншілердің өлеңдерінің аудармасын білу т.б.) және осы іске өте тиянақтылықпен кірісу керек. Тіл меңгерудің екі түрі - белсенді және белсенсіз түрлері болады.

Оқуды білу, оқығанды және естіген сөздерді түсіну - белсенсіз түріне жатады.

Сөйлесу дағдысын меңгеру, шет тілінде және өзінің ойын жазбаша түрінде жеткізе білу - белсенді түрі.

Тілді сабақта жақсы жауап беру үшін, кітапты немесе мақаланы оқу үшін емес жан-жақты білу үшін үйреніңіз.

Сіз білесіз бе?

Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.

Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, олардың биологиялық сәйкестіктері расталған.

Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді.

Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.

Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады. Бостван халқы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі.

Лингвистика профессоры Марк Окранд «Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.

Фриз тілі - 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады.

Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі. Ең ұзақ әліпби 72 әріптен құралған. Ол - кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.

Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді.

Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.

Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз - pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis.

Түрік тілінде 1 ғана дұрыс емес етістік оlmak - («болу керек, қажет») бар . Ағылшын тілінде осындай етістіктер 283, ал эсперантода ешқандай дұрыс емес етістік жоқ.

Ең таралған дауысты әріп «а» әрпі. Осы әріп кездеспейтін тіл әлемде жоқ. Ең көп дауысты әріптер (55) Орталық Вьетнамдағы седанг тілінде, ал ең аз екі дауысты әріп бар - абхаз тілінде.

Ағылшын тілінде дауыстылардың көптігі бойынша мына сөздер бар; еuouae (музикалық термин), эстон тілінде jaaaarme (мұздың шеті). Ағылшын тіліндегі latchstring сөзде қатарынан 6 дауыссыздар кездеседі, ал грузин сөзінде (гвпрмсквникс) қатарынан 9 дауыссыздар бар.

Чех тіліндегі «ржщ» дыбысы ең сирек кездесетін дыбыс болып табылады. Және оны чех балалары ең соңынан үйренеді екен.

Англияда бір әріптен тұратын 6 фамилия кездеседі. Ол мына әріптер - A, B, J, N, O, X. Ағылшын елінде екі әріптен тұратын фамилияларда көп тараған. Мамандар зерттегенде Ұлыбританияда 1,6 миллион адам фамилиясының алдына Мак деген приставканы қойған. Мак деген сөз гэльдер тілінен аударғанда біреудің баласы деген мағынаны береді.

Әлемде ең қысқа фамилия бір әріптен тұратын Кореядағы танымал фамилия. Ол - О деген фамилия. Американың телефон аңықтамалығында осы фамилия 52 рет, ал Бельгияда 12 рет кездескен.

Ең көп дауыссыздар - 80-85 - убыхтардың (кавказдағы абхаздық-адыгтар тобына жатады) кездеседі. Ал ең аз - 6 - ротокас тілінде бар екен.

Шетел тілін меңгеруде өзіндік ақыл-кеңестер тіл маманы академик А. В. Щербаның «Шетел тілін қалай үйрену керек?» атты кітабында жан-жақты жазылған. Ол бәрінен бұрын грамматиканың негізін меңгеруді кеңес береді. Грамматиканың құрылымын білгенде сөздіктің көмегімен мәтіндерді аударуға болады.

Ең бастысы көп оқу. Оқуға арналған мәтіндер жеңіл тұрғыда болсын (ертегілер, балаларға арналған әңгімелер, тақпақтар т,б,). Ең бастысы күнделікті қолданылатын сөздер болғаны дұрыс. Оқу мәнері басында баяу өтеді, бірте-бірте жылдамдықты қосып, дауыс ырғағымен жетілдіру қажет. Тиянақты оқудың мақсаты оқушының жады шетел сөздерін мен сөз құрылымдарын ақырындап жинақтай бастайды. Мәтінде қажетті сөздер жиі кездеседі, көбірек қайталанады.

Ең басты қиыншылық - істі бастау, содан кейін өзіңе қатаң тәртіп қоя білу. Әрқашан шаршау, еріншектік және қол тимеушілік деген істерді жеңе білу керек. Егер шет тілін үйренуді қолға алсаңыз Сізді қоршаған әлем өзгереді және Сіздің өмірге деген қөзқарасыңыз өзгереді, ой-өрісіңіз кеңейеді, Сіз өзіңізге сенімді боласыз, барлық айналыңыз қызықты болады, Сіз алдыңызға мақсат қоюды үйренесіз.

Ұлытауда болған кездесуде Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деп еді; «Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл сайын оның 10 пайызы жойылып отырады. Қажет еместері ... . Оны қолданатын адамдар аз, ауқымы тар. Солай болып жатыр. Ал мына ағылщын тілін дүниежүзі халқының 70 пайызы қолданады. Неге оны қолданады? Ол - ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, медицина және мәдениеттін тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүреміз деуге болады. Әрине, болады. Бірақ онда ағылшын тілі арқылы тарап жатқан ілімді білмейсің. Оны білмесең, өркендеп өсуіне жол ашпайсың, болашағына балта шабасың. Біз мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, өркепдеп-өсіп, озық отыз елдің қатарына қосыламыз деп отырғанда, халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін білмесе, қалай болады.»

Халықаралық қатынас құралы ретінде ағылшын тілі бүгінгі таңда білім мен ғылымның, экономика мен геосаясаттың, технология мен инновацияның, компьютерлік бағдарламалардың, бизнес пен кәсіпкерліктің, интернет коммуникациясы мен ақпарат құралдарының, банк жүйелері мен халықаралық қаржы институттарының, әлемдік ғылыми журналдар мен академиялық басылымдардың, халықаралық конференциялар мен форумдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатияның, халықаралық авиация мен туризмнің және сол салалалармен байланысты қамсыздандыру қызметінің, халықаралық жарнама мен сауда-саттықтың, импорт пен экспорттың, телевидение мен аудио-бейне өнімдерінің, қала берді халықаралық заңдардың тіліне айналып барады.

Сондықтан болашақта жастарымыз қандай мамандық иесі болсада шет тілін толық меңгеру ауадай қажет.

© 2010-2022