Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік рефлексивтік есебі

Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты Күтілетін нәтижелер Модульдердің кіріктірілуі  1-сабақ Жануарлар. Ең  үлкен. Өткен шақ. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту. Жануарлардың түрлерін ажырата білуге үйрету.  Өткен шақты  меңгерту. Оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру. Оқушы: Білу:мәтінді және жаңа сөздерді меңгереді, мәтінге байланысты өз ойларын айта алады,етістіктің өткен шақтарын ажырата алады.Түсіну: өзін-өзі реттей алады.Қолдану: алған білімдерін...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баймагамбетова Бибигул Бекмурзаевна 3-Д еңгейлі мұғалімнің Есеп В1

Топ №1 Ақтөбе қ. портфолиосы.

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік рефлексивтік есебі

Сабақтың тақырыбы.

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтижелер

Модульдердің кіріктірілуі

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Бағалау

1-сабақ

Жануарлар. Ең үлкен. Өткен шақ.

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту. Жануарлардың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өткен шақты меңгерту. Оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру.

Оқушы: Білу:мәтінді және жаңа сөздерді меңгереді, мәтінге байланысты өз ойларын айта алады,етістіктің

өткен шақтарын ажырата алады.Түсіну: өзін-өзі реттей алады.Қолдану:

алған білімдерін

өмірмен байланыстыра алады.

1,Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

«Ассоциация»

әдісі.

Постер қорғау

Телевизор,презента-ция,оқулық,дәптер,

ватман,маркерлер,

Плакаттар: « топта жұмыс істеу ережесі» және «көңіл-күй экраны»

Бірін-бірі- бағалау,өзін -өзі бағалау , суммативті бағалау.

2-сабақ

Жолбарыс

Жаңа тақырыпты меңгеруге жағдай жасау, танымдық қызығушылығын дамыту.

Білімділік: Өткен шақты меңгерту,аң түрімен таныстыру,мәтінді түсінуге үйрету, жаңа сөздерді меңгерту.Дамыту-шылық: шығармашылығын дамыту,өз жұмыстарының нәтижелерін талдауға,бағалауға үйрету. Тәрбиелік: жан-жануарларға қамқорлыққа баулу,


Білу:жолбарыс туралы біледі, өткен шақты ажыратады.

Түсіну:

алған білімдерін өмірмен

байланыстыра алады .

Қолдану: алған білімдерін мәселелерді шешуде қолдана алады.

Дағдылары: сыни оқу дағдысын,коммуникативтік дағдысын қалыптастырады

1Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

5 Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

ББҮ әдісі

«Вен диаграммасы»

Телевизор,презента-

ция,оқулық,дәптер,

ватман,маркерлер,ой толғау,топқа бөлу.

Плакаттар: « топта жұмыс істеу ережесі» және «көңіл-күй экраны»

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,суммативті бағалау.

3-сабақ

Тасбақа.

Жаңа тақырыпты меңгеруге жағдай жасау,танымдық қызығушылығын дамыту. Білімділік: өткен тақырыпты пысықтау,сөйлеу, есте ұстау дағдыларын қалыптастыру,

өз жұмыстарына талдау жасай білуге үйрету

Тәрбиелік: ұжымшылдыққа

тәрбиелеу,қазақ

тілін оқып-үйренуге қызығушылығын ояту, жануарларға қамқор болуға баулу.


Білу: жаңа сөздерді меңгереді, етістіктің өткен шақтарын ажырата алады.

Түсіну: мәтінді түсінеді, сыныптастары-

мен пікір алыса

алады.

Қолдану: алған білімдерін

сұрақтарды талқылағанда қолдана алады.

Дағдылары: сыни оқу дағдысы, коммуникатив-тік оқу

дағдысын қалыптастырады.

1,Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

3.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

4 Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.



«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

ББҮ әдісі

Телевизор,презента-

ция,оқулық,дәптер,ватман,маркерлер,ой толғау,топқа бөлу.

Плакаттар: « топта жұмыс істеу ережесі» және «көңіл-күй экраны»

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалалау,

«яқталмаған сөйлемдер» әдісі, суммативтік бағалау.


4 сабақ

Піл.

Жаңа тақырыпты меңгеруге жағдай жасау,танымдық қызығушылығын ояту.

Білімділік: жануарлар туралы

білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау, сөйлеу, есте ұстау қабілеттерін дамыту, мәтіндегі ақпараттарды

сұрыптауға үйрету.

Тәрбиелік:

қазақ тілін оқып -үйренуге қызығушылығын арттыру. Жан-жануарларға қамқор болуға баулу.

Білу: жан-жануарлар түрлерін ажырата біледі.

Түсіну: алған білімдерін өмірмен салыстыра біледі.

Қолдну: алған білімдерін мәселелерді шешуде қолдана біледі.

Дағдылар: сыни тұрғыдан

ойлау дағдысын қалыптасты-рады, жоба қорғауға үйренеді , кроссворд құрастыра алады, АКТ қолдана алады.

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

3.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану .

4 Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.


ББҮ әдісі

Компьютер,телеви-зор,

оқулық, дәптер,стикерлер,

ватмандар,маркерлер,карточкалар, «топтық жұмыс ережесі » және

«көңіл -күй экраны»

Өзін-өзі

бағалау,

бірін-бірі

бағалау.

топтық

бағалау,

суммативтік бағалау.







Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар


Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәні ең қызықты, керекті пәндердің бірі. Мұғалімнің алдына қойған мақсаты -мемлекеттік тілді меңгерту, қазақ тілін оқып -үйренуге ынтасын, қызығушылығын ояту. Сондықтан « Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім» болып табылады. ( 1, 6 бет) Осы Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің үшінші (базалық) деңгейінің білім жетілдіру курсы менің қажеттіліктерімді қанағаттандырды және менің алдыма орындалатын мақсаттар қойды.

Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін мен мектепке тәжірибеге бардым. Тәжірибеде мен тізбектелген төрт сабақ беруім керек болды. Сабақтарды өткізу үшін мен 4»В» класын таңдадым. Бұл кластың оқушылары барлық жаңа дүниелерді позитивпен қарсы алады. табысқа жетуге тырысады,қызығушылығы жоғары,жауапты ,бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Мұнан соң тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімдік жоспарын құру керек болды, өйткені

«Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, оқыту және ол бойынша рефлексия жүргізу Бағдарламаның негізі мәселесі болып табылады. Бағдарлама мұғалімдердің теориялық білімдерін дамытып қана қоймай ,тұжырымдамалар мен рефлексияны енгізу және олардың мұғалімнің тәжірибесіне ықпал етуі арқылы практиканы дамыту үшін әзірленген» (2, ,92 бет). »Орта мерзімдік жоспарлау оқу бағдарламасының класта сабақ беру практикасына бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар арқылы кіргізу болып табылады. « Орта мерзімдік жоспарлаудың мақсаты:

- Жұмыс кезеңдерінің дәйекті ,тізбектеліп ұйымдастырылуы;

-Сыныпта сабақ беру практикасына жеті модульді ықпалдастыру;

-Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;

-Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін белгілеу;

-Оқытудың әрбір кезеңінен бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

-Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау» ( 3, 91 бет )

Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу үшін мен күнтізбелік жоспар бойынша тізбектелген төрт сабақты таңдадым.

1. Жануарлар.Ең үлкен. Өткен шақ.

2. Жолбарыс.

3 .Тасбақа.

4. Піл.

Курсқа дейін мен ешқашан орта мерзімдік жоспар құрған емеспін. Мектепте біз тек тақырыбы және өткізу мерзімі көрсетілген күнтізбелік жоспарды қолданамыз. Орта мерзімдік жоспар - қиын , әрі түсініксіз болғаны рас. Бірақ құру барысында мұндай жоспар әлдеқайда түсінікті, оңай және қолайлы екеніне көз жеткізесің. Өйткені мұнда қолданатын

жұмысыңның мақсаттары, міндеттері , түрлері және әдістері көрсетілген. Оған қарап сабаққа тез талдау жасауға, келесісін жоспарлауға ,қорытынды жасауға болады.

Сонымен қатар орта мерзімдік жоспарда тізбектелген төрт сабақтың әрқайсысында Бағдарламаның жеті модулі жазылған. Бағдарламаның жеті модулін енгізу үшін мен сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін қолдандым: бұл топтық жұмыс , жұптық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс,дарынды балалармен шығармашылық жұмыс. Жұмыстың осы түрлерін қолданғанда сабақта әр түрлі әдістерді пайдалану тиімді, өйткені сабақ қызықты , тартымды ,есте қаларлықтай өтеді. Сабақтың маңызды кезеңдерінің бірі өзін-өзі бағалау, топтың бағалауы. Тізбектелген төрт сабақтың топтамасының орта мерзімдік жоспарына қарап әр сабақтың жоспар- конспектісін жасау қиын болмады: мақсаттарын, міндеттерін,әдістерін, бағалау түрлерін белгілеп жазу ,әр түрлі деңгейлік тасырмалар дайындау ,дарынды балалармен жұмыс істеу.

Өткізілген сабақтардың нәтижесінде менің оқушыларым мыналарды үйренді: топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдай білу,өзгелердің пікірін сыйлау,өзі оқып ,басқаларды оқыту, белсенділік таныту,позитивті болу, ынталы болу,өз идеяларын ұсыну, өз көзқарасын қорғау,сыни ойлау және бағалау.

Менің нәтижелерім: Мен сыни тұрғыдан ойлауға, барлық оқушылардың жауаптарын тыңдауға , өз сабағымды оқушылардың қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыруға үйрендім.

Менің болашақтағы мақсатым: орта мерзімдік жоспарды қолдану, өз бетілік жұмысты көбірек беру,осы Бағдарлама бойынша жұмысты жалғастыру.

Боашақта мен өз жұмысымда орта мерзімдік жоспарды қолданатын боламын,өйткені ол Кембридж Университеті Бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге қолайлы.

Қолданылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж Үшінші (негізгі) деңгей

© 2010-2022