Ағылшын тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту және қызығушылығын арттыру

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



№54 негізгі мектебі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

С.К. Камалова


Ағылшын тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту және қызығушылығын арттыру.

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания , Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып саналады. Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған тіл . Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлінген . Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің қажет екендігін жақсы түсінеді . Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыту. ХХI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі - сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз- кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау,жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының саналы түрде есте сақтау үшін сабақта түрлі көрнекіліктер , кесте сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады.Жалпы оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді қайталап , жаңа сөздермен бірге ауызша , жазбаша сөйлем құрастыру аса маңызды. Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілу тиіс.

  • Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге , дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

  • Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп , есте сақтау мүмкіндігі артады.

  • Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту.Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден -бір тәсіл деуге болады.

  • Сабақты ойын түрінде өткізу.

  • Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану.

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады .Сабақта ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы , лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі .Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де оқушыларда ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын нашар оқитын оқушылар да тең . Сол себепті ойын кезінде теңдік сезімі оқушының тапсырманың қолынан келетін сезіну , еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге , өз ойын еркін білдіруге , топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор . Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға , ізденісін ұлғайту , шығармашылық қабілетін арттыруға , өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Сондықтан ағылшын тілі сабағында оқу танымдық көзқарастарын дамыту үшін , ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан , тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты. Қорыта айтқанда , шетел тілін меңгеру өте маңызды . Ол оқушылардың ой өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан - жақты меңгеріп , соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп , оларды өз жұмысында орынды қолдана білу керек .

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Сондықтан біз ұстаздар ХХI ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып , үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.

© 2010-2022