Презентация по казахскому языку на тему Сайлау, депутатқа үміткер ( 11 класс)

11-сынып Мұғалім: Успанова Г.Р. Сабақтың тақырыбы: Сайлау, депутатқа үміткер.  Сабақтың мақсаты: Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қа...
Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11-сынып

Мұғалім: Успанова Г.Р.

Сабақтың тақырыбы: Сайлау, депутатқа үміткер.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жеке, жұптық,сұрақ-жауап, рефлексия.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, карточка.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: Көңіл-күйлерің қалай?


ІІ. Жаңа сабақ: /бейнежазба /
ІІІ. Мәтінмен жұмыс:

Сайлау өткізу кезінде сайлаушылардың тізімін жасау, дауыс беру, дауыс беру қорытындыларын белгілеу және сайлау нәтижесін анықтау үшін сайлау округі аумағында электрондык сайлау жүйесі пайдаланылуы мүмкін. Электрондық сайлау жүйесі - сайлауға әзірлену мен оны өткізу кезінде ақпараттың үрдістерді автоматтандыруға арналған ақпараттың технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралы электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізгенде, дауыс беру электронды сайлау бюллетені арқылы жүргізіледі. Электронды сайлау бюллетені арқылы дауыс бергенде сайлаушы сайлау бюллетенінен өзі дауыс бергісі келетін кандидаттың аты-жөнін табады және соған дауыс бергенін растайды. Сайлаушы саяси партия үшін дауыс берген кезде электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны баскару элементтерін пайдалану жолымен өзі дауыс бергісі келетін саяси партияның аталуын табады және соған дауыс бергенін растайды.

Тапсырмалар:1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мәтін бойынша сұрақтар арқылы жұп арасында сөйлесіңдер.

3. Негізгі сөздерді бір бағанға, туынды сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.

4. Мәтіннен ұяң дауыссызға басталған зат есімдерді теріп жазыңдар.

5.Мәтінде қарамен белгіленген сөздер қандай сөйлем мүшесі болып тұр.

6. Көмектес септікте тұрған сөздерді табыңдар.

Грамматикамен жұмыс: Тура және ауыспалы мағына,Синоним, антоним, омоним

  1. Оқушылар білгендерін естеріне түсіріп айтады

  2. ҰБТ дайындық дәптеріне анықтамаларын жазып алады

Бекіту: Карточкамен жұмыс

1.Төмендегі кестені толықтырыңдар.

Мысалдар

Тура мағына

Ауыспалы мағына

Сөйлем құраңыздар

1

Ашық есік

Ашық мінез

2

Жылы сөз

Жылы су

3

Темір тәртіп

Темір күрек

4

Ауыр жүк

Ауыр сөз

5

Қара қалам

Қара хабар

2.Антоним сөздерді жұптастырыңдар.

соғыс

биік

қате

бар

ұйықтау

аласа

ояну

жоқ

дұрыс

бейбітшілік

Қорытындылау: Тест сұрақтары

Сөздік:

құмар болу - увлекаться, иметь пристрастие

осал- слабый,хилый, непрочный

алма мойын- красивая женская шея

ыза болу - рассердиться

көңілі қалу- обидеться

жалығу - уставать

игі іс - благородное дело

1.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара
B) Ірі
C) Сары
D) Осал
E) Қас

2.Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тыным, тыныштық таппаған
B) Бұраң бел, алма мойын
C) Ара гүлге қонды
D) Жақсылық пен жамандық - болды егіз
E) Сөз ағасы - құлақ

3."Жалығу" сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу
B) Еріну, кешіру
C) Жалғастыру, қорғану
D) Зерігу, іш пысу
E) Ыза болу, көңілі қалу

4.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз

Бұлақтың көзін ашу - игі іс

A) Бұлақтың
B) Көзін
C) Ашу
D) Игі
E) Іс

5. "Биік" сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім
B) Биік тау
C) Биік ой
D) Биік тұлға
E) Биік сөз

Кілті:

1. C

2. D

3. D

4. В

5. В

Бағалау
Үй жұмысы: Синоним, антоним,омоним ,тура және ауыспалы мағынаға 5 тест сұрақтарын құрастыру
Рефлексия




© 2010-2022