Казахский язык Алтын күз 8-класс

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ

КГУ «Областная специальная (коррекционная) школа-интернат для детей с нарушениями слуха»







Қазақ тілі пәнінен 8«А» сыныбына арналған сабақ жоспары.

Тақырыбы: «Алтын күз »









Екінші санатты қазақ тілі мұғалімі:

Уразамбетова А. С















Петропавл қ. 2015ж.

г. Петропавловск 2015

8А-сынып

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен білім беру

Білімділік.Жаңа тақырыпты толық меңгерту. Күз айларын дұрыс айтуға, жаңа тақырыпты жүйелі баяндау. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырту

Дамытушылық. Тапсырмалар жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тілін, ойын белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік.Шыдамды болуға, бауырмалдыққа, ел намысын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, суреттер, буклет.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

Оларды атап шық?

Күз айларын ата?

Күзде оқушылар не істейді?

II Өткен сабақты қайталау:

1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

2. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.

III Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1) -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта «Алтын күз» деген тақырыпты өтеміз.

2) Алтын күз туралы кіріспе сөз. 3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу. Есте сақтауларын қадағалау.

Қаптау-скучиваться,собираться

Топ-топ - группой

Ерекше-особенный

Егін даласы-посевное поле

Қайнау-кипящий

Үздіксіз-непрерывно

  1. Сөздіктерді мұғалім оқиды.

  2. Мұғалімнің артынан қайталап оқу.

  3. Оқушылардың өздері оқиды.

Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.

1-тапсырма. Суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып күз туралы әңгімелестіру. Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады. Жиі-жиі жауын жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әр түрлі: сары,қызыл,жасыл. Олар жерге жайылған өрнек ұқсайды. Құстар топ-топ болып,жылы жаққа ұшты. Адамдар да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше. Егін даласында - қайнаған қызу еңбек. Комбайн мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.

2-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрату.

  • Күн,ұзарады,күзде,қысқарады,түн.

  • Жылы,ұшады,құстар,күзде,жаққа.

  • Егін,күздігүні,жинайды,диқаншылар.

  • Жеміс,піседі,бақта,бақшада,көкөніс.

  • Жиі-жиі, жауады,жаңбыр.

  • Ғажайып,ең,күз,айлары,бір,жылдың,айлары.

4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алғызу.

5-тапсырма.Сызба бойынша күз туралы әңгіме құрастырыңдар.

Күз айлары

Ауа райы

молшылық



Алтын күз

КҮЗ

жаңбыр

Жеміс,

жидек,

көкөніс

Астық жинау

Суық жел

IV Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:

1. Күз айларында неше ай бар?

2. Неліктен алтын күз деп атайды?

3. Фонетика дегеніміз не?

4. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ата?

5. Қатаң дауыссыздарды ата?

6. Үнді дауыссыздарды ата?

7. Ұяң дауыссыздарды ата?

V Сабақты қорыту: сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.

VI Үй тапсырмасын беру: 49-50 бет, 1-тапсырма. Ережелерді қайталау.

VII Бағалау: әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.



© 2010-2022