Краткосрочное планирование на тему: Шығармашылық жұмыс: мақала

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тктеп


Тараз қаласы, №30 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аманкулова Кымбат Кенжебайқызы

Қазақ тілі 7 сынып


Қазақ тілі пәнінен 7 «Б» сыныбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 08.05.2014 ж.

Уақыты: 16.50

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Міндеттері

Күтілетін нәтиже

Шығармашылық жұмыс: мақала

Мақаланың түрлерін ажырата алуы тиіс;

Тақырыптарға мақала жаза алуы тиіс.

  1. Мазмұнға байланысты: негізгі ойды ажыратып, жүйелі ойлап сөйлей біледі.

  2. СТО байланысты: қиялын ұштайды, болжау жасай алады;

  3. Топтық жұмысқа байланысты: сөйлеушінің пікірін тыңдап, өз көзқарасын ортаға салады.

Мақала түрлерімен таныса отырып, мақала жаза білуге машықтанады.

Сабақтың кезеңдері

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1) Сергіту сәті: «Стаканмен су алу»

2) Топқа бөлу: мақал-мәтелдер арқылы

Сергіту сәтін өткізеді.

Оқушыларға мақал-мәтелдер бере отырып, топқа бөледі.

Бір-бірлеріне жақсы тілек жазады.

Мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлінеді.

Стикерлер, мақал-мәтелдер

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі бойынша өткен материалды еске түсіру

Оқушылардың жауабының дұрыстығын бақылайды

Жылдам, дұрыс жауап беруге тырысады.

Алдын ала дайындалған сұрақтар

«Ақжол» газетіне жарияланған мектеп мұғалімінің мақаласын оқып беру.

Мақаланы оқып, мазмұнын таныстырады.

Мақаланы тыңдайды,

Сұрақтарға жауап береді.

«Ақжол» газеті

Жеке жұмыс: «Зерттеу жұмысы» дарынды оқушылар алдын ала берілген жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіреді)

Топтық жұмыс: «Тыңдап отырған үштік» әдісі

Оқушыларды үшеуден топтастырып, мақалаға тақырып пен тірек сөздер береді.

(«Тартымды кеш», қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі, Тәуелсіздік - ел тірегі, экологиялық тәрбие айлығы)

1-оқушы шешен рөлін атқарады.

2- оқушы тілші рөлін атқарады.

3-оқушы хатшы рөлін атқарады

Мұғалім тақырып пен тірек сөздер береді

Оқушылардың жұмысын бақылайды.

Слайд арқылы түсіндірме жасайды.

Шешен оқушы -тірек сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа сәйкес мақаланы ауызша құрастырады, пікірін білдіреді.

Тілші - көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды.

Хатшы жазып алып отырады, қорытындылайды, дайын мақаланы оқып береді.

тақырыптар, тірек сөздер, бағалау критерийлері

Ой-толғаныс сатысы

Жеке жұмыс: «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне орай газетке мақала жазу

Тақырып ұсынады, мақаланы бағалау критерийімен таныстырады.

Сұрақтарға жауап алынады.

интерактивті тақта, бағалау критерийлері

Бағалау

Критериалды бағалау

Топбасшының бағалауы негізінде бағалауды жүргізеді.

Бірін-бірі бағалайды

Кері әсер парағын толтырады

(Бағдаршам түстері арқылы)

Бағалау критерийлері,

Түрлі түсті фишкалар

Үйге тапсырма

296-жаттығу. «Аялы алақан» тақырыбында ұстаз туралы мақала жазу

Үй тапсырмасының шартын түсіндіреді.

Күнделіктеріне белгілеп алады.

оқулық

Зерттеу жұмысының критерийлері:

1.Тақырыптың ашылуы - 1 ұпай

2. Мәліметтердің нақты келтірілуі -1 ұпай

3.Қосымша материалды пайдалануы - 1 ұпай

Топтық жұмыстың критерийлері:

1.Рөлдік тапсырманы орындауы - 1 ұпай

2. Талқылауға қатысуы - 1ұпай

3. Серіктесінің көзқарасымен санасу - 1 ұпай

Мақаланы бағалау критерийлері

1. Тақырыпты аша білуі - 1 ұпай

2. Мақаланың түрін анықтай алуы - 1 ұпай

3. Ой жүйелілігінің сақталуы - 2 ұпай

4. Сауаттылығы - 1 ұпай

10-11 ұпай - «5»

7-9 ұпай - «4»

5-6 ұпай - «3»

© 2010-2022