Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

6 - сынып қазақ тілі пәнінің оқытушылары үшін қысқа мерзімді жоспар үлгісі. Үлгі КЕМБРИДЖ тәсілдеріне негізделген. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған. 1,2,3 деңгй мұғалімдері үшін өте қажетті материал. Сонымен қатар осы үлгіде барлық мұғалімдер сабақ жоспарын жасауына әбден болады. Қазақ тілін үйренем деушілерге өз көмегін тигізері сөзсіз. Әдеби тіл мен мәтнді байланыстыра отырып, мәтін құрауға, ойын жүйелеп айтуға көмегі тиеді. КЕМБРИДЖ тәсілінің тімді жақтарын көруге болады. Ә...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы 6 "А, Ә"

Мерзімі 9.09.2013

Тақырыбы: Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

Пән мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Оқып үйренудің

негізгі мақсаттары

Әдеби тілдің дамуы жазба әдебиетпен байланысты екенін меңгеру

Түйінді идеялар

Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал

Оқып үйренудің

нәтижесі

Теориялық білімін ұшастыра алатын болады. Ана тілінің әлеуметтік мәні мен қызметін түсінеді. Әдеби тілді мәтінмен байланыстырып қоладанатын болады.Тілдік қызмет пен нормаларды терең меңгеру арқылы сауатты оқи, жаза алатын болады.

Топпен жұмыс жүргізе алады.

Жаттығулар

17-18- жаттығу

Қосымша оқу

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Қамтылатын модульдер

әдіс-тәсілдер

Бағалау

Уақыты


Ресурстар, көрнекілік-тер

Ұйымдастыру кезеңі



1. Психологиялық дайындық.

а) Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ә)М.Шахановтың "Мемлекеттік тіл немесе Алжирлік мінез" өлеңі.

Оқушыларды белсенді әрекетке шақыру.

2. Оқушыларды "Жұбыңды тап"тәсілімен топқа бөлу.

3. Топ ережесін құру.

4. Табыс критериін оқушыларға таныстыру.

5. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру "Көршінің суреті"ойсергегі.

Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.

Зердеге тоқу

Төрт оқушыдан бес топқа бөлінеді.

Топ ережесі құрастырады.

Табыс критериімен танысады, келіседі

Көршілерінің суретін салып, қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді.

Қалай оқу керек

Жеке жұмыс

Топпен жұмыс



Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек жұмысы

Критериал

ды



5мин

Интер-

белсенді тақта, слайд,

ереже

табыс критерий кестесі, әдеби кейіпкерлер жазылған стикерлер

Үй тапсырмасын сұрау

Өзіңізді тексеріңіз:

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?

1. Баланың тілі ең алдымен ана тілінде шығады дейміз бұл шындық па әлде жалған ба?

2. Ана тілі ол сенің дүниеге әкелген анаңның тілі бұл шындық па әлде жалған ба?

3. Ана тілі ол өзіңнің өкілі болып табылатын халықтң тілі бұл шындық па әлде жалған ба?

4. Тіл - бұл мәдени, рухани байлық бұл шындық па әлде жалған ба?

5. Ана тілін білмеген адам туған халқын, Отанын, елін сүйе алмайды бұл шындық па әлде жалған ба?

6. Ана тілі қоғамға қызмет етпейді бұл шындық па әлде жалған ба?

7. Ана тілінде бізге көнеден жеткен даналық, шешендік, ерлік, елдік өнерлер жеткен бұл қаншалықты шындықпен жанасады?

8. Әдеби тілдің тұрақты нормалары болады бұл шындық па әлде жалған ба?

9. Әдеби тіл үш түрде өмір сүреді бұл шындық па әлде жалған ба?

10. Жазбаша және ауызша тілдің өз нормалары болады бұл шындық па әлде жалған ба?

Топпен ШЫНДЫҚ немесе ЖАЛҒАН деген жауаптар береді.

Кейбір оқушылар мұғалімнің берген жеке сұрақтарына жауап береді, қажет болған жағдайда өз пікірлерін білдіреді.

Диалогтық оқыту.

Өзіңізді тексеріңіз:

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?

Формативті бағалау

5 минут

Сұрақтар

Қазақ тлі 6- сынып (9 - бет)

Жаңа сабақ

Миға шабуыл. INSERT -жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі бойынша сұрақтар қою. Итермелеу сұрағы арқылы оқушылармен бірлесе жаңа тақырыпты ашу.

1. Білемін.

Сұрақ:

1. Біз тіл туралы не білеміз?

2. Ана тіліміздің қоғамдық қызметі туралы не білеміз?

3. Балалар адамдардың бәріне түсінікті жалпыға ортақ тілді не деп атайтынымызды білеміз бе ?

4. Балалар біз әдеби тіл туралы не білеміз?

5. Тілді әдеби етіп тұратын қандай нормаларды білеміз?

6 . Ал жазба тіл мен ауызша тілдің нормалары туралы не білеміз?

2.Білгім келеді.

1.Балалар біз тіл туралы көп нәрсе білдік пе?

2. Ал олай болса бүгін сендер ары қарай не білгілерің келетіндіктеріңді анықтап алайық та соны біз бүгінгі сабағымыздың мақсаты етіп алайық. Келісеміз бе?

3. Балалар әдеби тіл мен оның нормалары бізге қаншалықты қажет?

4. Біз енді ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсіндік, әдеби нормаларды да жетік қолдана аламыз енді бізге не керек?

Біз бір-бірімізбен түсінікті тілде сөйлесе аламыз, дұрыс сөйлей дұрыс жаза аламыз енді не керек деп ойлайсыңдар?

Ия енді осыдан біздің сабағымыздың мақсаты және нәтижесі шығып отыр.

Бір сөзімізді жүйелеп айтқанда бүгінгі сабағымыздың мақсаты не ?

5. Олай болса бүгінгі сабағымыздың мақсаты анықталды енді осы мақсатқа жету үшін табыс критерилерінен өтуіміз керек.

6.Балалар осы мақсаттан не шықты?

6. Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай болды сонда ?

Сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырады.

Мүмкін жауаптар:



Қазақ тілі ол біздің ана тіліміз.

Тіл, ең алдымен қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады.

Әдеби тіл.

Әдеби тіл екі түрде өмір сүретінін сонымен қатар тілдің тұрақты нормаларының бар екенін.

Лексикалық, фонетикалық, грамматикалық.

Ауызша тіл -орфоэпия

Жазбаша тіл - орфография

Ия, алайда әлі де білгім келеді.



ИЯ

Қоғамдағы мәнін түсіну, нормаларды дұрыс қолдана отырып сөйлесу үшін.



Сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрай білуіміз керек.



Әдеби тілдің дамуы жазба әдебиетпен байланысты екенін меңгеру

Тақырып

Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

Қалай оқу керек

INSERT

Итермелеу әдісі



СТО

Формативті баға

5мин

Интербел

сенді тақта

Оқулықпен жұмыс

"Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы"тақырыбын ДЖИГСО тәсілі бойынша мәтінді 5 бөлікке бөліп оқыту.


Оқулықтаға мәтінді алдымен өз бетінше содан кейін топтаса меңгереді

1.Оқушыларды 1-4- ке дейін нөмірлетіп, өз нөміріне сәйкес мәтін бөлігін оқу.

2.Топтар құрамы өзгеріп "Сарапшылардан" құралған топ жинақталады.

3. "Қалай үретеміз?"мәселе бойынша сызба, кластер, диаграмма бойынша жинақталған топ мүшелері бір -біріне түсіндіруге тырысады.

4. Өз топарына оралып тақырыпты №1 бастап үйретеді.

Зерттеушілік әңгіме

ДЖИГСО тәсілі

Өзара бағалау

10мин

Қазақ тілі

6-сынып

(9- бет) Постер

Сергіту сәті

Логикалық ойлауға негізделген ойсергекті орындату. Өз есімдерінен бір толық сөйлем құрастырады.

Өз есімдерінен бір толық сөйлем құрастырады.

Логикалық ойлауға негізделген ойсергек

3 минут

Дәптер

Топпен жұмыс

1-топ: Әдеби тіл мен мәтіннің қарым-қатынасы, байланысы

2- топ: Мәтін дегенді қалай түсінесің?

3- топ: Мәтіннің сөздік құрамға, сөзжасамға, сөйлемге қатысы қандай?

4-топ: Сөз қолданыс, сөздік құрам мен сөзжасамның мәнін түсінбей мәтіннің сипатын анықтау мүмкін бе?

5- топ: 23- жаттығуды берілген тапсырмасы бойынша постерге орындау.

Берілген тапсырма бойынша бір спикер шығып түсіндіреді

Оқушылар түйінді идеяларды дәптерлеріне түртіп отырады.

Сонымен қатар сұрақ және ұсыныс айта алады.

Зерттеушілік әңгіме

Топтық зерттеу

Постермен жұмыс

Екі жұлдыз бір тілек

12мин

Постер, дәптер кітап 6-сынып оқулығы (18-бет)

Сабақты қорытынды-

лау

Табыс критериі арқылы оқушылар жетен мақсаты мен нәтижесін анықтайды

Сонымен балалар бүгін біз ынтымақтаса отырып нені білдік?

Табыс критериі бойынша ретімен айтып өз жұмыстарына талдау жасайды

Өзін - өзі бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Критериалды бағалау

3 мин

Табыс критериі

Бағалау

Бұдан әрі іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды

Ой толғаныс

Рефлексивті оқыту

Оқыту үшін бағалау

2 мин

Кері байланыс











Табыс критериі

Тапсырмалар

Баға критерий

3

4

5

Үй тапсырмасы

1. Ана тілі туралы өз ойымды, пікірімді еркін жеткізе аламын.






Жаңа сабақ

2. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі туралы ой тұжырым жасай аламын.




Оқулықпен жұмыс

3. Тілдік қызмет пен нормаларды терең меңгеру арқылы сауатты оқи, жаза алатын болады.




Топпен жұмыс

4. Әдеби тіл мен мәтіннің қарым - қатынасы мен байланысын ажырата аламын.








Оқушының аты - жөні, сыныбы__________________________________________

Пән мұғалімі______________________________







© 2010-2022