Диалог арқылы оқыту туралы

Ғылыми зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің “Жақын арадағы даму аймағында” жұмыс  істесе  жақсаратындығын атап көрсеткен. Выготскийдің зерттеулері бойынша білім  беру модульінде оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Диалог арқылы оқыту туралы рефлективті есеп


Ғылыми зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің "Жақын арадағы даму аймағында" жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен. Выготскийдің зерттеулері бойынша білім беру модульінде оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Сыныпта диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. Ғалымдардың зерттеулеріне көз салып қарасақ сыныпта тіл қаншалықты қолданылса оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететіндігі айтылған. Яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Ғалымдар Мерсер мен Митлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге олардың білім деңгейін жоғарылатуға үлес қосатындығын айтады.

Оқытудағы әңгімелесу қарым -қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес , идеялар екіжақты бағытта және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп Александер ( 2004 ) айтады. Диалог барысында оқушылар (Олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттап айтқандай , білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасуда» тең құқылы серіктестер болатыны белгілі болды. Мерсердің зерттеуі бойынша әңгімелесу оқушының білім алуының тиімді тәсілі болып табылады. Мерсер әңгімелесудің үш түрін атап көрсетті. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері:Олар әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Мерсердің айтуынша , ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша , зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тартқанда қажетті әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасайды. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып , бір - бірінің идеяларын талқылайды,баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Яғни, оқушылар бірлесе отырып ойланады. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып табылады. (мұғалімге арналған нұсқаулық . 40 бет).

Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталған . Бұл модуль әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді деп Мерсер (1995) тұжырымдаған. Сұрақ қоя білудің өзі маңызды болып табылады. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді жолына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп , оны жақсарта және кеңейте алады. Тақырыпты түсінуге арналған мұғалімдердің қолданатын екі түрлі төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарын көп қолданылады деген де пікір бар. Төмен дәрежелі сұрақтар жаттап алуға бағытталған және оған берілетін жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Бірақ , жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда , оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға , қайта құруға , кеңейтуге , бағалауға және талдауға тиіс болады. Оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне сай сұрақты саралап қоюға болады. Өз оқушыларымыздың біліміне қолдау көрсету үшін сұрақ қоюдың түрткі болу , сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалансақ болады.Түрткі болуға арналған жауап алу үшін, оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қа-жет, айталық , сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу , ойға салу сияқты болып келеді.Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға толық жауап беруге , өз ойларын анық айтуға өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп жасалуы керек, «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» дегендей сұрақтар тапсырманы орындағанда оқушыға бағдар беріп отырады. Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма» деген секілді сұрақтар беруге болады . (Мұғалімге арналған нұсқаулық . 41 бет). Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен жауаптары және оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын , білім деңгейін тексеру үшін ғана емес , оларға ойларын ашық жеткізуге , дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланылады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынды. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек , мүмкіндігінше сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып қойған дұрыс . Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейінде кідіріс жасау керек екені де атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын маманмен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған. Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 42 бет).

Мен 4 аптада алған теориялық біліміме сүйене отырып , сегізінші сыныпта ағылшын тілі пәнінен «While I was playing baseball..» , «Fears and fantasies», «The Importance of dreams», « Extra exercises» тақырыптары бойынша диалогтік оқыту тәсілін өз сабағымда қолдана отырып, сабақ өттім. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп, жұмыс жүргізіп отырдым. Бірінші сабағымның Миға шабуыл кезеңінде оқушыларға жаңа сабаққа байланысты төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар беріп жауаптарын алдым. Оқушылар төмен дәрежелі сұраққа жауап бере алды . Бірақ , жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап беруге қиналды. Осы кезде диалогтік оқытудың қайта бағыттау сұрақтары «Көмектесе алатындар ма?» деген сынды сұрақтар бере отырып , оқушылар жауаптары толықтырылды. Диалогтік оқудың топтық әңгіме кезеңінде мәтінді оқып , қазақшаға аударып өз пікірлерін сыни ойлана отырып айтты. Тапсырма бойынша оқушылар диалог әңгіме құрастырып, роль бойынша орындап шықты.Тапсырмаларды оқушылар сәтті орындап шықты.

Екінші сабағымда кері байланыс кезінде мұғалімнің диалогтік оқудың түрткі болу сұрақтарына яғни, «Өткен сабақтан не алдындар? Егіздер туралы қалай ойлайсындар? , Өткен шақ бойынша қандай сөйлемдер жасай аласындар? т.б. сұрақтарына оқушылардың өз жауаптарын алып , үй тапсырмасына дайындығын байқадым. Сұраққа жауапты барлық оқушы дұрыс жауап бермегенмен біршама оқушылардың даярлығы жақсы екені байқалды.Келесі тапсырмада диалогтік оқыту тәсілі бойынша әр топ мәтін бойынша сөйлемдерді оқып , қазақшаға аударып бір - біріне өз аудармаларын айтты. Диалогтық оқыту тәсілі бойынша әр топқа сынақтан өткізу сұрақтары беріліп жауаптарын жазбаша параққа жазып айтып берді. Оқушылар арасында дұрыс жауап берген оқушыларда, қате жауап берген оқушыларда кездесті. Осы арада оқушыларға қайта бағыттау сұрақтары арқылы оқушылар жауаптары толықтырылды. 3 топқа қорқыныштары мен қиялдары туралы сурет салдырдым және сурет бойынша диалогтік оқыту тәсілі бойынша сыни ойлана топтық әңгіме құрастыра алғанын көрдім . Бұл тапсырманы оқушылар орындағанда өздерін - өздері қызықтыра түсті. Пікір алмасу арқылы әртүрлі деңгейдегі оқушылар бір-бірімен тіл табыса білді.

Үшінші сабақ кезінде кері байланыс жасалып , диалогтік оқу әдісінің түрткі болу сұрақтары берілді . Оқушылар сұраққа сыни ойлана отырып, өз дайындықтарына сай жауаптарын берді. Ой шақыру кезеңінде диалогтік оқыту тәсілінің түрткі болу сұрақтары беріліп , оқушылардың жаңа сабаққа деген ойлары мен пікірлері қандай екені байқалды. Әр топ «The Importance of dreams» мәтінін оқып, қазақшаға аударып , қалай аударғанын диалогтық оқудың топтық әңгімесі бойынша ,өз еңбектерін қорғап берді. Бұл кезде топ арасынан белсенді оқушылар өз даярлығының жақсы екенін көрсетті. Топтық жұмыс болғандықтан кейбір тұйық балалар сабақта өзін нашар көрсетті. Осы кемшілікті жою үшін сол балаларға жеке тапсырмалар беруге тура келді. Келесі тапсырмада оқушылар ментальді картамен жұмыс жасады . Осы кезде оқушылар өз жұмыстары туралы плакатқа қарап, диалогтық оқытудың әңгіме - дебат тәсілі бойынша өз пікірлерін ортаға салды . Интерпритация кезеңінде әр топқа түс көру туралы әңгіме құрауға тапсырма беріліп, әр топ өздері жасаған әңгімелерін әңгіме - дебат тәсілінде айтып сабақты жақсы түсінгендігін білдірді.

Төртінші сабақ кезінде бірінші кері байланыс сұрақтарын яғни, диалогтық оқытудың сұрақ қою тәсілі бойынша төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар беріп , түрлі деңгейде оқушы жауаптарын алдым. Оқушылар тапсырмаға байланысты әңгімедегі бос орынға сөйлемдерді толықтырып жазып , әр топ диалогтық оқытудың зерттеушілік әңгіме тәсілі бойынша , өз пікірлерін қорғап шықты. Оқушылар бұл тапсырманы орындауда бір - біріне қолдау көрсетіп , бірлескен жұмыстың нәтижелі боларына сенімдері артты. Интерпритация кезеңінде тапсырма бойынша оқушылар сурет салып, салған суретіне байланысты топ арасында диалогтық оқыту тәсіліне сай, топтық әңгіме жасап , сыни ойлана білетінін көрсетіп берді.

Топтық жұмыстың арқасында оқушыларым диалогтық оқытудың тәсілдері бойынша бір - біріне сұрақтар беріп жауаптар бере алуды білді. Оқушылар сұрақтармен бір-бірімен пікір алмасу арқылы оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті. Сабақта төмен дәрежелі сұрақтар мен жоғары дәрежелі сұрақтарды қойғанда оқушылар сыни ойлана отырып, өз ойлау дәрежесінің қаншалықты екенін көрсетті. Мұндай сұрақтар қойылғанда тапсырманы оқушылар терең ойланып түсінетіні байқалды. Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастырдым , сұрақ қою арқылы , яғни интерпритация кезеңінде оқушыларға тақырып бойынша сөйлеуге ынталандырдым. Олардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтадым, білімге деген құштарлығы дамыды, сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етіп және де оқушылардың бір - бірінен үйренуіне басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне, бағалауына ықпал жасадым. Оқушылырыма тапсырма бергенде, сұрақ қойған кезімде белгілі бір уақыт беріп отырдым. Өз ойымды қорыта айтсам, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас жасайтын тілдік дағдылар және түсінікпен қарау талап етілетінін аңғардым. Мұғалімдер қолданысындығы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу арқылы мұғалім де оқушылар да білім алуға үлкен үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылатынына сенімдімін. Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды бір - біріне қолдау көрсетуіне және төмен деңгейде оқып келген оқушының да үлкен жетістікке жетуіне себепкер боларына сенімім артты.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2. Бетпе-беттің І - кезеңінде жазған сабақ леккцияларым және жазған күнделіктерім. cpm.kz. Порталынан алынған материалдар

3. Бірінші бетпе-бет кезеңінде жазылған күнделіктерім.



© 2010-2022