Мектептегі тілдер онкүндігінің сараптамасы

                             «Ана тілің-еркіндігің ,теңдігің,мақтанышың,елдігің!»   Қазақ тілі мәңгілік тіл өлмейтін Домбыраның үніменен өрлейтін Мен үшін сен ұлысың,қадірлісің! Өмірдегі ең басты байлығымсың...   Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына ,қазына байлығына балайды.Себебі не?    Себебі,тіл-халықтың жаны,сәні ,тұтастай кескін келбеті,ұлттық болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,ана тіліміз-қазақ ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана тілің-еркіндігің ,теңдігің,мақтанышың,елдігің!»

Қазақ тілі мәңгілік тіл өлмейтін

Домбыраның үніменен өрлейтін

Мен үшін сен ұлысың,қадірлісің!

Өмірдегі ең басты байлығымсың...

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына ,қазына байлығына балайды.Себебі не?

Себебі,тіл-халықтың жаны,сәні ,тұтастай кескін келбеті,ұлттық болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,ана тіліміз-қазақ тілі.Ол мәңгілік тіл!

Әр халықтың өзінің ана тілі бар.Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес,ол барша ұлтқа ортақ,соның төл перзенті.Халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Тіл-еліміздің іргетасы, ұлтымыздың қуаты.

22-ші қыркүйек тілдер күніне орай Сырымбет орта мектебінде «Ана тілің-еркіндігің ,теңдігің,мақтанышың,елдігің!» атты тілдер достығына арналған онкүндік 15-ші қыркүйек өз шымылдығын ашты.Тақырыптық линейкада қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Нұрмұқанова А.Т. тілдердің достығы мен қазақ тілінің мәртебесі туралы айтса,9 «а» сынып оқушысы Сайранов Шыңғыс үш тілдің достығына арналған өз шығармасын оқыды.Тілдер онкүндігі «Тіл өлшеусіз қазына,өрісі кең әлем» атты кітаптар көрмесімен жалғасты. 8-11 сыныптар аралығында «Биік сенің мәртебең - ана тілім»атты сыныптан тыс іс-шараны қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Маханбетова Д.Қ. мен Нұрмақанова А.Т. жоғары деңгейде өткізді.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенжегалиева А.О. мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шингожин Ж.Қ 5-7 сыныптар арасында «Қос тілің -қос қанатың» атты сайыс ойынынан оқушылар үлкен әсермен кетті .Орыс тілі пәнінің мұғалімдері Тулеуова А.Қ мен Исмуханова Б.Ж.«Путешествие по Лингволандии » атты КВН іс-шарасын өткізсе,бастауыш сынып мұғалімдері «Тілдер еліне саяхат», «Ана тілім - мақтанышым! » атты іс шаралар өткізді.Сонымен қатар «Ана тілім-ажарым,асыл мұрам» сынып сағатын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Рыспаев Б.М. өткізді.

Мектеп алды дайындық тобы мен балабақша оқушылары да тілдер онкүндігінен тыс қалған жоқ. «Ана тілім-бал тілім» атты іс -шарада кішкентай бүлдіршіндердің тәтті тілдерінен өлеңдер мен әндер естілді.

Тілдер онкүндігі «Ана тілің-еркіндігің ,теңдігің,мақтанышың,елдігің!» атты әдеби сазды кешпен жабылды.

Сырымбет орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Кенжегалиева А.О.




© 2010-2022