«ҰБТ, ОЖСБ сынағының алдындағы кеңестер»

  Мақсаты оқушылардың сынақ алдындағы қорқыныш, үрейлерін жеңу  және өздерін еркін ұстап, қорқыныштан арылтуға дайындау. • Тек қана ата-аналармен  бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.                Міндеттері: орындалатын жаттығу жұмыстарын бұлжытпай орындау, сомен қатар өз өздеріне сенімді болу,алдарына қойған мақсаттарына   дұрыс жолмен жету.   Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңынды көз алдына елестет;       •  «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;       • Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін сынақ алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.            
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қараағаш ЖОББМ





«ҰБТ, ОЖСБ сынағының алдындағы кеңестер»

Орындаған: Хапыш Холомхас







2014-2015 оқу жылы

Мақсаты оқушылардың сынақ алдындағы қорқыныш, үрейлерін жеңу және өздерін еркін ұстап, қорқыныштан арылтуға дайындау.

Міндеттері: орындалатын жаттығу жұмыстарын бұлжытпай орындау, сомен қатар өз өздеріне сенімді болу,алдарына қойған мақсаттарына дұрыс жолмен жету.

• Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;

• Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;

• Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;

• Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;

• Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;

• Берілген пәндер бойынша өте көп тесттерді шығар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;

• Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағаныңды есепте;

• Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңынды көз алдына елестет;

• «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;

• Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін сынақ алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.

• Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.

Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға "балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз" деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн.

Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие, оқу-білім нәтижелі болады...

Ата-ана үшін баланың бақытын көру, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!

Барлығыңызға сәттілік тілеймін!!!


© 2010-2022