Поурочный план по казахскому литературе на тему: Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы

10 сынып қазақ әдебиеті№ 9 сабақ тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы.Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыруМіндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу, адамның жақсы қасиеттер туралы білімдерін бекіту.Құралдар: Сабақ түрі: араласСабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)Үй тапсырмасын тексеру: үзінді жаттау, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен (жақсы не жаман қасиеттер туралы) оқ...
Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сынып қазақ әдебиеті

№ 9 сабақ тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы.

Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу, адамның жақсы қасиеттер туралы білімдерін бекіту.

Құралдар:

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: үзінді жаттау, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен (жақсы не жаман қасиеттер туралы) оқулық

Жаңа сабақ :

Майлықожа Сұлтанқожаұлы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туған,

өлеңдерінің идеясы- қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген., жастарды парасаттылыққа , адамгершілікке шақырады.

Шығармалары: «Жігіттің көркі - өнері», «Жақсылардан шыққан сөз», «Ұрлықтың түбі қорлық-ты»

  • үзінділерімен танысу, мәнерлеп қайтара оқыту.(104 беттегі тапсырманы орындау - жақсы және жаман қасиеттерін жазып алу)

  • кімнің ұқсас шығармасын білесіңдер?

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасында туған. өлеңдерінің идеясы - пейілі тар, сараң, надан адамдарды әшкерлейді.

Шығармалары: «Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», «Адай тегі», дастандары -«Атамекен», «Топан», «Бұл дүниеде не жетім?», «Осы күні жолдас болдым сексенмен».

  • 111-112 беттегі өлеңімен танысу, өлеңнің идеясы - өзіндік көзқарасын, ой талғамын, дүниетанымын көрсетеді.

  • Мәнерлеп оқыту, сөздік жұмыс жүргізу.

Бекіту:

- Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы шығармашылықтар ы туралы не айта аласыңдар?

- Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім ?

- Қашаған Күржіманұлы кім?

Үйде: 102-117 б, конспект.

Қорытынды: бағалау, қоштасу

10 сынып қазақ әдебиеті

№ 10 сабақ тақырыбы: Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы..

Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу,

Құралдар: .«Бес ғасыр жырлайды» - 2 кітап , оқулық

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: 102-117 б, конспект.

Жаңа сабақ :

Алмажан Азаматқызы Батыс Қазақстан облысындағы Нарынның Бекетай- Бесқасқа құмында 1823 жылы туған. Әкесі Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысып, қаза тапқан. Алмажан Азаматқызы жасынан өлең шығарып, ақын қыз атанған. Оның шығармалары көп болған, алайда бізге жеткен шығармасы-

«Жетім қыз» - дастаны.(поэма)



  • үзінділерімен танысу, мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсініп оқуға тарту.

(«Бес ғасыр жырлайды» - 2 кітап - 89 - 100 беттер)

131 беттегі сұрақтарды талдау

Мұрат Мөңкеұлы 1843-1906 - патшалық отарлаудан құтылуға қарсы тұрған, тәуелсіздікті аңсаған, халық тағдырын , елінің бүтіндігін жырлаған ақын.

Шығармалары: «Үш қиян», ....................................................................

Тапсырма: ақынның өлеңдерінің аттарын жазып келу(үй жұмыс)

119т- тапсырма- өлеңнің үзіндісімен танысып, сұрақтарға жауап беру,

Заман азды ма, адам азды ма?

Заман азып не қылсын -

Ай орнынан туады,

Күн орнынан шығады.

Мұның бәрі адамнан ....

Адамның азған белгісі ...... неде? ( жауап беру)

Бекіту:

- Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылықтар ы туралы не айта аласыңдар?

- Алмажан Азаматқызы кім ?

- Мұрат Мөңкеұлы кім?

Үйде: 118-131 беттер, конспект, мазмұндау

Қорытынды: бағалау, қоштасу



© 2010-2022