Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

"Описание материала: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығынарттыруда қолданылаын тиімді әдістері бастауыш сынып оқушыларына арнап жазылған Оқушылар сауатты жазу барысында функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытады. Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасауға жаттығады. Бұл әдістер бастауыш сыныпта жұмыс істейтін мұғалімге өте тиімді, сонымен қатар көмекші құрал. Мұғалім оқушыларды тек қана ойлап, есте сақтауға ғана емес, к...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№3 мектеп-гимназиясы» ММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Қабдырашова Айкүміс Қабимоллинқызы


Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын

арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Білім алу - батылдық,
оны толықтыру - даналық,
ал шебер қолдана білу - өнер!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой - өрісімен, шабытты шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек.

Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» - деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы - халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.

Осы міндетті жүзеге асыру барысында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.

Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
† Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

† Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
† Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

† Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
† Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.

† Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау - ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.

Бастауыш саты -

Бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.

Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай білікі мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол - ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

IV. Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:

• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық.

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру барысында қалалық шығармашылық тобы 2012-2013 оқу жылында Орыс тілде оқытылатын мектептерде бастауыш сынып оқушыларына арнап «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған тапсырмалар жинағын (1-4 сынып)» жазып, республикалық ISBN лицензиясын алды.

УДК 373,167,1

ББК 74,26

О - 52

ISBN 978-601-7384-02-9

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар:

Сөздерді құрап айт

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Тез сөз құрап, оқы

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Сымнан сүрінбей өт.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер

Суретшінің қатесін тап.



Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылаын тиімді әдістер



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж - 437 бет.

4. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж - 301 бет.





© 2010-2022